6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары уәкілетті органның Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
Басқарманың кезектен тыс отырыстары уәкілетті орган Төрағасының немесе Басқарманың екі мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Уәкілетті органның Басқарма мүшелерi Басқарма отырыстарының тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының отырысын уәкілетті органның Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда уәкілетті органның Басқармасы шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде уәкілетті органның Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда уәкілетті орган Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Уәкілетті органның Төрағасы қайта талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмінен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, уәкілетті орган Төрағасы шешiмге қол қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |