6-2 бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
Қазақстан Республикасының Президенті уәкілетті органның Төрағасын 6 жыл мерзімге тағайындайды.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, өзге де тұлғалармен қарым-қатынаста уәкілетті органның атынан сенiмхатсыз өкілеттік етеді.
Осы Заңда уәкілетті органның Басқармасына арнап уағдаласқан өкiлеттiктердi қоспағанда, уәкілетті органның Төрағасына уәкілетті органның қызметiне байланысты мәселелер бойынша дереу және атқарушылық-өкiмдік шешiмдер қабылдау, уәкілетті органның атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |