|
39-бап
3-тармақ
бірінші бөлік
екінші бөлік
жаңа үшінші бөлік
7-тармақ
екінші бөлік
|
39-бап. Мөлшерлемелер мен тарифтер
…
3. Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көзделетін кредиттеу шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін кредиттеу шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
…
Жоқ
…
7. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда белгілейді.
Осы бапта белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
|
39-бап. Мөлшерлемелер мен тарифтер
…
3. Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көзделетін кредиттеу шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін кредиттеу шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
...
Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
…
7. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда көрсетуге міндетті.
Қарыздар мен салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
|
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, қадағалау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Комиссиялар тізілімін, сондай-ақ ЖТСМ есептеу тәртібін бекіту туралы құқықты Ұлттық Банктен шығару салдарынан осы өкілеттіктерді беру.
|
|
|
|