57-3- бап
|
Жоқ
|
57-3-бап. Мыналар:
1) 2018 жыл үшін мүлік салығын, жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға – салық төлеушімен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2019 жылғы 1 қаңтарына дейінгі салықтық мерзімдерге салықтық міндеттемелері бойынша туындаған бересі сомасын төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ осындай бересі сомасына оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасы салықтық берешек болып табылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша есептен шығарылады.
Осы тармақшаның ережелері, сондай-ақ жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асыруына байланысы жоқ салықтық міндеттемелері бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға – салық төлеушілерге қолданылады.
2) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес шотта он бес жылдан астам болған бересі сомасы, сондай-ақ, осы көрсетілген бересі сомасына оны есептен шығару күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы салықтық берешек болып табылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
Осы тармақшаның ережелері жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіпқой медиатордың қызметін, кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға – салық төлеушілерге қолданылады.
|
1. 2019 жылғы 30 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған, салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару жөнінде жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылықты жүргізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында
2. Қазіргі уақытта дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалардың дербес шоттарында кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты салықтық міндеттемелер бойынша салық берешектер есептеліну фактілері орын алады.
Аталған салықтық берешек 2002-2003 жылдары Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесіне бұрын қолданылған жергілікті ақпараттық жүйелерінен (СКУНС, TELNET) мәліметтерді көшіру кезінде пайда болған.
Бұл ретте осындай тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғандары туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарында жоқ, алайда осындай салықтық берешекті есептен шығаруға құқықтық негіздемелер жоқ.
Сонымен қатар, осындай салықтық берешектің бар болуы мемлекеттік кірістер органдарды өндіріп алу бойынша тиісті шараларды (хабарламаларды жолдау, салықтық бұйрығын шығару және сот орындаушыларға мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жолдау) қолдануға міндетті етеді.
Сондай-ақ, салықтық берешектің бар болуы осындай жеке тұлғаларға банктермен банктік шоттарды ашудан бас тартуға негіз болып табылады, ол өз ретінде салық төлеушілердің көптеген шағымдарына және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына ескертулерге әкеледі.
Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының көтергенін атап өткен жөн.
Осылайша, Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуге қатысты тапсырмасын орындау барысында Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Ақ жол» фракциясынан жоғарыда көрсетілген берешекті есептен шығару жөніндегі ұсыныспен өтініш келіп түскен (2018 жылғы 6 желтоқсандағы хаты қосымша жолданады). Бірақ, ол рақымшылық тек шағын және орта бизнес субъектілеріне арналуына байланысты Үкімет аталған ұсынысқа қолдау көрсеткен жоқ.
Осылайша, бұл түзетулер жоғарыда көрсетілген мәселені шешуге және Парламент депутаттарының ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.
|