«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 0,56 Mb.
бет552/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   591
Салыстырма кесте

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы





1-бап

32) тармақша





1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



32) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды жүзеге асыруға бағытталған қызметі;



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



32) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын мемлекеттік бақылау және қадағалау (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау және қадағалау) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды жүзеге асыруға бағытталған қызметі;

...


Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.






2-бап
4-тармақ

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.



2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы



4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.



Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.






4-бап

1-тармақ


10) тармақша
16) тармақша

17) тармақша

19) тармақша


4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

10) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;




16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

17) банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

19) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;



бекітеді.



4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

10) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;



16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

17) банктер арасында, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

19) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;



бекітеді.



ДСҰ шеңберінде қазақстандық қаржы нарығына жіберуге рұқсат етілетін төлемдер және төлем жүйелері саласында нормативтік құқықтық актілерді шетелдік банктердің филиалдарына тарату мақсатында редакцияны нақтылау

Осы норма 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.









Жаңа

4-1-бап




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау