1. Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу
2. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу
3. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу
4. Банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі
5. Кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі
6. Аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау
7. Есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт)
8. Банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруі
9. Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
10. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау
11. Төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау
12. Аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау
13. Банктерге ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру
14. Банктерге үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банктік кепілдемелер мен өзге де міндеттемелерді беру
15. Тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату
16. Құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату
17. Вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельдерге ақы төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдердің акцепті
18. Лизингтік қызметті жүзеге асыру
19. Меншікті бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару
20. Факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуді талап ету құқықтарын иелену
21. Форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу
22. Сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару
23. Сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер
|