«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 0,56 Mb.
бет48/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   591
Салыстырма кесте

227-бап. Қабылданған және (немесе) қадағалап ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамау, уақтылы орындамау

1. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -

жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -

жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.


3. Эмитенттердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, микроқаржылық қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың, төлем жүйелерінің операторларының, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.


4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы басшысының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -

жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

5. Коллекторлық агенттіктің өзі қабылдаған және (немесе) өзіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.



Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.

Кредиттік серіктестіктердің, онлайн-кредиторлардың және ломбардтардың қызметін реттеудің енгізілуіне байланысты редакциялық түзетулер.

«Микроқаржы ұйымдары туралы» Заң бойынша бірінші түзетуге негіздемені қараңыз.




228-бап

бесінші бөлік

бірінші абзац

он екінші бөлік

бірінші абзац

Ескертпе





жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау