|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») аттестаттаудың теріс нәтижелері
|
бет | 357/591 | Дата | 19.01.2022 | өлшемі | 0,56 Mb. | | #33443 |
| Салыстырма кесте8) аттестаттаудың теріс нәтижелері;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.
Қызметкерлердің саны немесе штатының қысқаруы негізінде еңбек шартын бұзу кезінде уәкілетті органның қысқаратын лауазымын атқаратын қызметшісіне кемінде үш жыл өтілі бар болған жағдайда төрт орташа айлық жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
15-13-бап. Уәкілетті орган қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті органның қызметшілері:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Еңбек кодексімен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, оларды тиісті органдар мен лауазымды адамдардың орындауын талап етуге;
3) лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
4) лауазымдық міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ұйымдарға баруға;
5) басшыдан уәкілетті орган қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл айқындауды талап етуге;
6) жеке басының қадір-қасиетін құрметтеуге, басшылар, өзге де жеке және лауазымды адамдар тарапынан өзіне әділ және құрметпен қарауына;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|