21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
…
2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Ұлттық пошта операторының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылайды және қадағалайды.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерінен басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
...
Достарыңызбен бөлісу: |