70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Жоқ
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтар), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша құжаттар, қаржылық есептілікті қоса алғанда, есептілік ұсынуға, және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнің өз функцияларын орындау үшін қажет өзге қосымша ақпарат ұсынуға міндетті.
|
70-бап. Ақпарат алу және ұсыну жөніндегі өкiлеттiктер
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер жария етiлмеуге тиiс.
Қазақстан Ұлттық Банкi қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, алған ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға оның ішінде оған Қазақстан Ұлттық Банкiнің ақпараттық жүйесіне кіруін қамтамасыз ете отырып ұсынады.
Мемлекеттік органдар, қаржылық және өзге ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтар), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша құжаттарды, қаржылық есептілікті ұсынуға және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнің өз функцияларын орындау үшін қажетті өзге де қосымша ақпаратты ұсынуға міндетті.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк пен жаңа құрылған мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде реттеу, қадағалау және бақылау функцияларын тиісінше жүзеге асыруы үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен ақпарат алмасу мүмкіндігін белгілеу мақсатында.
|
|
|