«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі



жүктеу 0,56 Mb.
бет16/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   591
Салыстырма кесте

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі



49-бап

1-тармақ
40) тармақша



49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:



40) микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым;




49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:



40) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізгені үшін алым;



Кредиттік серіктестіктердің, онлайн-кредиторлардың және ломбардтардың қызметін реттеудің енгізілуіне байланысты редакциялық түзетулер

«Микроқаржы ұйымдары туралы» Заң бойынша бірінші түзетуге негіздемені қараңыз.





67-бап
12-2-тармақ

67-бап. Бюджеттік өтінім

12-2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.




67-бап. Бюджеттік өтінім

12-2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есептеулер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынады.




Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын, жұмыс істемейтін қарыздардың және «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қатысуымен жекелеген банктерді қалыпқа келтіру бағдарламаларын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Тиісінше, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға бағытталған нысаналы бюджеттік бағдарламалар бойынша қажеттілікке негіздемелерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ұсынуға тиіс.





216-бап

3) тармақша


бірінші бөлік


216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:

3) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық басқарушы операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.





216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:

3) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық басқарушы операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық басқарушы холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.





Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.



229-бап

2) тармақша



229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;




229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

Тұлғалар өздері қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер болғанда осы тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;





Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау