Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу


-тарау. Сот үкімдері мен қаулыларын орындау



жүктеу 5,57 Mb.
бет28/35
Дата25.11.2017
өлшемі5,57 Mb.
#1956
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35

49-тарау. Сот үкімдері мен қаулыларын орындау

 11.07.01 ж. № 238-II  ҚР  Заңымен ; 2005.30.12  № 111-III   (бұр. ред. қара) ҚР  Заңдарымен 447-бап  өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 447-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)



447-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға кірісу

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар, қыл­мыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан­аралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөнін­дегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты, облыстық соттың апелляциялық сатысы шығарған бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық берілмесе, тиісінше апелляциялық немесе кассациялық шағымдану немесе наразылық беру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға жатады.

2. Іс апелляциялық, кассациялық сатыда қайта қаралған жағдайда егер үкім бұзылмаса, ол апелляциялық немесе тиісінше кассациялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық, кассациялық шағымдар, на­разылық апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, үкім көрсетілген сатылардың шағымның, наразылықтың кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізудің қысқартыл­ғаны туралы қаулылары шығарылған күні заңды күшіне енеді.

3. Бірінші сатыдағы сот үкім заңды күшіне енген немесе іс апелляциялық сатыдағы соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға кіріседі.

4. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам, егер айып­тау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабында белгіленген мерзімде орындалмаса, жазаны өтеуден босатылады.

5. Егер сот ақтау үкімін шығарса не сотталушы адам жаза тағайындалмай сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе, ал үкім шығарылғанға дейін ол күзетпен ұсталған болса, мұндай шешім шығарған сот оны дереу күзетпен ұстаудан босатады.

 

11.07.01 ж. № 238-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2005.30.12  № 111-III   (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) Заңдарымен 448-бап өзгертілді



448-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу

1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағымдану немесе наразылық бiлдiру мерзiмi өткен соң не жеке шағым жасалған немесе наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындалады.

2. Соттың шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге жатпайтын қаулысы ол шыққаннан кейiн дереу күшiне енедi және орындалады.

3. Iстi қысқарту туралы сот қаулысы сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде немесе сот отырысында оның айыпталушыны немесе сотталушыны қамаудан босатуға қатысты бөлiгiнде дереу орындалуға жатады.

4. Апелляциялық сатыдағы соттың осы Кодекстің 411-бабы бірінші бөлігінің 1) – 3), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шығарған қаулысы, сондай-ақ кассациялық сатының қаулысы жария етілген кезден бастап күшіне енеді.

5. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттың қаулылары осы Кодекстің 423-1-бабында көзделген тәртіппен орындалады.

6. Соттың жеке қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі. Жеке қаулы бойынша бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей қажеттi шаралар қолданылуы және нәтижелерi туралы қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиiс.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) 449-бап өзгертілді



449-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауға кiрiсу тәртiбi

1. Заңды күшiне енген соттың үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сөзсiз орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауапкершiлiк жүктейдi.

2. Үкiм мен қаулыны орындауға кiрiсу бiрiншi саты бойынша iстi қараған сотқа жүктеледi. Үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес үкiмдi орындау мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа қамауда ұсталған адамдарға қатысты iстi апелляциялық тұрғыда қараудың нәтижелерiн хабарлау мiндетi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгерген жағдайда үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

3. Егер үкiмде сотталушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасынан, Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы мәселенi қою қажеттiгi көрсетiлсе, үкiмдi шығарған сот Қазақстан Республикасының Президентiне сотталушыны мемлекеттiк наградасынан, көрсетiлген атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсынысты, сондай-ақ үкiмнiң көшiрмесi мен оның заңды күшiне енуi туралы анықтаманы жолдайды.

4. Үкiмдi орындаушы органдар оның орындалғаны жайында үкiмдi шығарған сотқа дереу хабарлайды. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотқа сотталушының жазасын өтеу орны туралы хабарлауы тиiс. Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.

 

450-бап. Үкiмдi орындауға кiрiсу жайында сотталушының туған-туысқандары мен азаматтық талапкерге хабарлау



1. Қамауда ұсталған сотталушы қамауға немесе бас бостандығынан айыруға кесiлген үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн қамау орнының әкiмшiлiгi сотталушының отбасын жазаны өтеу үшiн оның қайда жiберiлетiнi туралы хабардар етуге мiндеттi.

2. Азаматтық талап қанағаттандырылған жағдайда сот атқарушысы азаматтық талапкердi үкiмнiң орындалғаны туралы хабардар етедi.

451-бап. Туыстарына сотталушымен жүздесуге рұқсат ету

Үкiм орындалғанға дейiн iс бойынша төрағалық етушi немесе сот төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушының ерiне /зайыбына/, жақын туыстарына олардың өтiнiшi бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкiндiгiн беруге мiндеттi.

452-бап. Үкiмнiң атқарылуын кейiнгi қалдыру

1. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге, қамауға немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде:

1) жазаны өтеуге кедергi келтiретiн сотталушының ауыр сырқаты болса, - ол сауығып кеткенге дейiн;

2) сотталған әйелдiң жүктi болуы немесе сотталған әйелдiң жас балалары болса - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабында көзделген тәртiпте;

3) өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдаяттардың салдарынан, сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот белгiлеген алты айдан артық емес мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты - үш айдан артық емес мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

2. Айыппұл төлеу, егер оны дереу төлеу сотталушы үшiн мүмкiн болмаса, алты айға дейiн мерзiмге кейiнге қалдырылуы немесе бөлiп өтелуi мүмкiн.

3. Үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру туралы мәселенi сотталушының оның заңды өкiлiнiң, жақын туыстарының, қорғаушысының өтiнiшi бойынша не прокурордың ұсынуы бойынша немесе өз бастамашылығымен сот шешедi.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 453-бап өзгертілді



453-бап. Үкiмдi орындау кезiнде сот қарауға жататын мәселелер

Соттың жүргiзуiне үкiмдi орындауға байланысты мынадай мәселелердi қарау жатады:

1) жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда айыппұл төлеу түрiндегi жазаны қоғамдық жұмысқа тартумен, түзеу жұмыстарына жiберумен немесе қамауға алумен /Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 40-бабы/, қоғамдық жұмыстарға тартуды бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен, /Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 42-бабы/, түзеу жұмыстарын бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен, /Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабы/, бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен, /Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 45-бабы/ ауыстыру туралы;

1-1) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау мен бұлтартпау шарасын таңдау туралы;

2) қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамға шығарылған үкiм бойынша тағайындалған түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту туралы;

3) жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 70-бабы), жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 71-бабы) туралы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуды жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 70-бабының жетiншi бөлiгi) туралы;

4) науқастануына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабы) туралы;

5) шартты түрде соттауды жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабы) туралы;

5-1) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттердің толық немесе ішінара күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 45-бабы);

6) соттың айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты жазаны өтеуден босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабы) туралы;

7) басқа да орындалмаған үкiмдер болған кезде, егер бұл уақыт бойынша соңғы үкiмде шешiлмесе, үкiмдi орындау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабы) туралы;

8) қамауда ұсталған мерзiмiн, сондай-ақ емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 62, 94, 95-баптары) туралы;

9) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93, 95-баптары) туралы;

10) керi күшi бар қылмыстық заңның, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы себептi жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 5-бабы) туралы;

11) қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес түзеу жұмыстарына сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерiн төмендету туралы;

12) үкiмдi орындау кезiнде туындаған қандай да болсын күмән мен түсiнiксiздiктi ұғындыру туралы;

13) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi қысқарту туралы.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) 454-бап өзгертілді



454-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешетiн соттар

1. Осы Кодекстiң 452-бабына сәйкес үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру туралы, жазаның бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру (осы Кодекстiң 453-бабының 1-тармағы) туралы, айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты жазадан босату (осы Кодекстiң 453-бабының 6-тармағы) туралы, басқа да атқарылмаған үкiмдер болған кезде үкiмдi атқару (осы Кодекстiң 453-бабының 7-тармағы) туралы, оның материалдық жағдайы нашарлаған жағдайда түзеу жұмыстарына сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерiн төмендету (осы Кодекстiң 453-бабының 11-тармағы) туралы мәселелердi, сондай-ақ үкiмнiң орындалу кезiнде туындаған күмән мен түсiнбеушiлiктi (осы Кодекстiң 453-бабының 12-тармағы) үкiмдi шығарған сот шешедi.

2. Егер үкiм үкiмдi шығарған соттың қызмет ету ауданынан тыс жерде орындалған болса, бұл мәселелердi сол деңгейдегі сот, үкiмнiң орындалу ауданында атаулас сот болмаған жағдайда жоғары тұрған сот шешедi. Бұл жағдайда сот қаулысының көшiрмесi үкiм шығарған сотқа жiберiледi.

3. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға тағайындалған түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту (осы Кодекстiң 453-бабының 2-тармағы) туралы, жазадан мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру (осы Кодекстiң 453-бабының 3-тармағы) туралы, науқасына байланысты жазадан босату туралы (осы Кодекстiң 453-бабының 4-тармағы), алдын ала қамауда немесе емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу (осы Кодекстiң 453-бабының 8-тармағы) туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе қысқарту туралы (осы Кодекстiң 453-бабының 9-тармағы), сондай-ақ керi күшi бар заңның шығуы себептi жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету (осы Кодекстiң 453-бабының 10-тармағы) туралы мәселелердi сотталушының жазаны өтеу орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешедi.

4. Мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату (осы Кодекстiң 453-бабының 3-тармағы) туралы, шартты түрде соттауды жою туралы және осы Кодекстiң 453-бабының 1-1 және 5-тармақтарында көзделген басқа да мәселелердi сотталушының тұрғылықты жерi бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешедi.

2007.26.03. № 240-III  (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 455-бап өзгертілді



455-бап. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi шешудiң тәртiбi

1. Осы Кодекстiң 453-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жазаны өтеуден босату кезiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды үш судья құрамындағы сот шешедi. Жазаны орындаумен байланысты барлық басқа мәселелердi сот отырысында судья жеке дара шешедi.

 2. Үкiмдi орындаумен байланысты мәселелердi жазаны орындайтын органның ұсынуы (өтініші) бойынша  бір айлық мерзімде  сот қарайды, не кәмелетке толмаған адамның түзелуiн қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша сот шешедi. Сот отырысына өздерінің ұсынуы (өтініші) бойынша iс қаралатын органдар мен ұйымдардың өкiлдерi шақырылады.

3. Осы Кодекстiң 452-бабында, 453-бабының 4, 6, 7, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда, соттың мәселенi қарауына сотталушының өтiнiшi негiз болуы мүмкiн.

4. Осы Кодекстiң 453-бабының 1, 2, 3, 5, 6, 7, 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда сот отырысына өзiне қатысты iс қаралатын сотталушының қатысуы мiндеттi. Сотталушы сотқа ұсынылған материалдармен танысуға, оларды қарауға қатысуға, өтiнiшiн мәлiмдеуге немесе бас тартуға, түсiнiктер беруге, дәлелдемелер ұсынуға құқылы.

5. Сотталушы өзiнiң құқықтарын қорғаушының көмегiмен жүзеге асыра алады. Сот кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ өздерiнiң құқығын қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айыратын дене және психикалық кемiстiктерден зардап шегушiлерге, сонымен бiрге iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамдарға да үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi сот қараған кезде қорғаушының қатысуы мiндеттi. Сотталған адамдарға адвокаттар заң көмегін соттың қаулысы негізінде көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүргізіледі.

6. Науқастануына байланысты сотталушыны босату туралы не оны емдеу мекемесiне орналастыру туралы мәселенi қараған кезде қорытынды берген дәрiгерлер комиссиясы өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.

6-1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарау кезінде жәбірленушінің не оның өкілінің пікірі ескеріледі.



Сот алда тұрған сот отырысы туралы жәбірленушіні не оның өкілін почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етеді. Жәбірленушінің не оның өкілінің сотқа жеке өздерінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда сотта жазбаша арыздар мен өтінішхаттар қаралуы мүмкін. Жәбірленуші не оның өкілі тиісінше хабардар етілген және оның тарапынан қандай да бір жазбаша арыздар мен өтінішхаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүдделеріне залал келтірілген жағдайда жәбірленушінің немесе мемлекеттің құқықтарын сақтау туралы мәселе бойынша міндетті түрде прокурордың қорытындысы талап етіледі.

7. Егер мәселе үкiмдi орындаудың азаматтық талап бөлiгiне қатысты болса, сот отырысына сондай-ақ азаматтық талапкер немесе оның өкiлi шақырылады. Аталған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.

8. Сот мәжiлiсiне прокурор қатысып отырады.

9. Iстi қарау ұсынуы (өтініші) бойынша iс қаралып отырған органның өкiлiнiң баяндамасымен не өтiнiш иесiнiң түсiнiк беруiмен басталады. Бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi, сот отырысына келген адамдардың түсiнiктерi, прокурордың пiкiрi тыңдалады, бұдан соң судья қаулы шығарады.

456-бап. Соттылықты алып тастау туралы өтiнiштi қарау

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабына сәйкес соттылығын алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшi бойынша тұрғылықты жерiндегi сот шешедi.

2. Сот отырысына өзiне қатысты соттылықты алып тастау туралы өтiнiшi қаралатын адамның қатысуы мiндеттi.

3. Қарау өтiнiш бiлдiрген адамның түсiнiгiн тыңдаумен басталады, бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледi және шақырылған адамдардың сөзi тыңдалады.

4. Соттылықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда бұл туралы сот алдында қайталап өтiнiш беру бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр жылдан ерте қозғалмайды.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен ; 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 457-бап өзгертілді



457-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық бiлдiру

Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 46, 47 және 50-тарауларында белгiленген ережелер бойынша апелляциялық және қадағалау тәртібімен шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.

10-бөлім. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)



50-тарау. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II; 10.03.04 ж. № 529-II Заңдарымен 458-бап өзгертілді  ; 2005.30.12  № 111-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) 458-бап жаңа редакцияда



458-бап. Заңды күшіне енгеннен кейін қайта қаралуы мүмкін сот актілері

1. Заңды күшіне енгеннен кейін:

1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары;

2) кассациялық сатыдағы соттың қаулылары сот қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

2. Мемлекеттік айыптаушының және жеке айыптау­шының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына және оның мерзімін ұзартуға санкция беру мәселелері бойынша, анықтауды немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне немесе прокурордың істі алдын ала тергеу сатысындағы іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды шешу жөнінде шығарылған, заңды күшіне енген сот қаулылары қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқасының қаулылары түпкілікті болып табылады. Олар қабылданған қаулының адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II; 10.03.04 ж. № 529-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 459-бап өзгертілді ;  2005.30.12  № 111-III   (бұр. ред. қара)  ҚР  Заңымен 459-бап жаңа редакцияда ; 2007.26.03. № 240-III  ҚР Заңымен 459 -бап өзгертілді  (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 459-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)



459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыла­рын қайта қарау негіздері

1. Тергеу немесе істі сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не заңның:

1) кінәсізді соттауға;

2) ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;

3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;

4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне;

5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға;

6) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс айқындамауға;

7) азаматтық талап-арызды қоюды дұрыс шешпеуге;

8) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыларды заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға әкеп соққан дұрыс қолданылмауы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарауға негіз болып табылады.

2. Заңды күшіне енген сот актілері, егер:

1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;

2) адамды өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттау жөніндегі үкім кассациялық қарау нысанасы болмаса;

3) осы Кодекстің 423-2-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну бар болса, қайта қаралады.

3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II   ; 2005.30.12  № 111-III   (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара) ҚР  Заңдарымен 460-бап өзгертілді



жүктеу 5,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау