Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу



жүктеу 5,57 Mb.
бет26/35
Дата25.11.2017
өлшемі5,57 Mb.
#1956
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер

1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:

1) бірінші сатыдағы соттың үкімін (қаулысын) – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

2) үкімді өзгерту туралы;

3) үкімнің күшін жою және істі қысқарту туралы;

4) айыптау үкімінің күшін жою және ақтау үкімін шығару туралы;

5) айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау үкімін шығару туралы;

6) ақтау үкімінің күшін жою және айыптау үкімін шығару туралы;

7) үкімнің күшін жою және істі соттың жаңадан қарауына жіберу туралы;

8) үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 303-ба­бы­ның бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сот айыптау тарапының шағымдарында, наразылығында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.

3. Осы Кодекстің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде апелляциялық сатыдағы сот жеке қаулы шығарады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 411-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

411-1-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте  азаматтық талап қоюды қарауы

1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде үкім­нің азаматтық талап қою бөлігінің заңдылығын, негізді­лігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 169-бабының талаптарын сақтай отырып шешім қабылдайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ:

1) үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің күшін жоюға және осы бөлікте жаңа үкім шығаруға;

2) үкімнің азаматтық талап қою бөлігінің күшін жоюға және істің осы бөлігін жаңадан қарауға жіберуге;

3) үкімнің азаматтық талап қою бөлігін өзгертуге құқылы.

3. Азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптау тараптарының шағымдарында немесе прокурордың наразы­лығында тиісті дәйектер болған кезде ғана жол беріледі.

4. Апелляциялық сатының осы баптың екінші бөлігі 1) тармағының негізінде шығарған азаматтық талап қою бөлігіндегі үкіміне прокурордың кассациялық наразылығы немесе осы Кодекстің 396-бабында көрсетілген тұлғалардың кассациялық шағымы берілуі мүмкін.

5. Апелляциялық сатының азаматтық талап қою бойынша осы баптың екінші бөлігі 2) және 3) тармақ­тарының негізінде шығарған шешімі үкімнің өзгертілуі деп танылады және оған кассациялық тәртіппен шағымдануға болмайды.

 

412-бап. Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге негiздер



Мыналар:

1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;

2) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi;

3) қылмыстық iс жүргiзу заңының едәуiр бұзылуы;

4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;

5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 413-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

413-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi

1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес деп танылады.

2. Iс бойынша:

1) айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi мәнi бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;

2) iстi соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;

3) сотталғанның жеке басы туралы деректер жеткiлiктi дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот тергеуi толық емес деп танылады.



3. Сот тергеуі олқылықтарының орнын толықтыр­ғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.

4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып, қысқар­тылған тәртіппен жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қарастырылмайды және ол осы негіздер бойынша сот үкімінің (қаулысының) күшін жоюға әкеп соқпайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 414-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



414-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi

1. Егер

1) сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;

2) сот өз тұжырымдарына едәуiр ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;

3) сот тұжырымдары үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкiмде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердiң бiреулерiн қабылдап, екiншiлерiн қабылдамай тастауына қандай негiздер болғаны көрсетiлмесе;

4) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулi қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, соның iшiнде сотталғанның, ақталғанның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса үкiм (қаулы) iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмейдi деп танылады.

2. Іс материалдарын, тараптар табыс еткен және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, сот істі жаңадан сот қарауына жіберместен, оларды қайтадан бағалауға және осы Кодекстің 411-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешім қабылдауға құқылы.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 415-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 415-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



415-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы

1. Алдын ала тергеу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстiң принциптерi мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаған, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін заңды өзге де бұзушылықтар қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзушылық болып танылады.

2. Бірінші сатыдағы сот міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелердің зерттелмеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі жол беріле­тін дәлелдемелерді талқылаудан қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелде­мелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жол берілмейтін дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.

3. Егер:

1) сот осы Кодекстiң 37-бабында көзделген негiздер болғанда қылмыстық iстi қысқартпаса;

2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;

3) осы Кодекстiң 315-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, iс сотталушы жоқта қаралса;

4) заң бойынша қорғаушының немесе жә­бір­ленушінің өкілі қатысуы мiндеттi болғанда, соттаолардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;

5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тiлiн немесе өздері білетін тiлдi не аудармашының қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;

6) сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;

7) сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;

8) үкім шығару құпиясы бұзылса;

9) үкiмге судья қол қоймаса;

10) iсте сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің (қаулының) күшi жойылуға тиіс.

416-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы;

2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 417-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауыр­лы­ғына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпа­ғаны­мен, өзінің түрі мен мөлшері бойынша шектен тыс жеңіл­дігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.

2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға байланысты, сондай-ақ сотталған адамның іс-әрекетін қайта сараламастан неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптау тарапының шағымдарында немесе прокурордың наразылығында тиісті дәйектер бар болған кезде және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және бірінші сатыдағы сотта айыптау тарапынан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.

3. Бірінші сатыдағы сот қылмысты мемлекеттік және жеке айыптаушылардың айыпты неғұрлым ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 317-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, наразылықтағы дәйектер шегінде арттыруға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 418-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



418-бап. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою

1. Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 3) – 10) тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған жағдайда үкімнің күшін жойып, істі қысқартады.

2. Іс осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 516-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 517-бабына сәйкес қаулы шығарады.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 419-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



419-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою

1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.

2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, осы Кодекстің 415-бабында көрсетілген қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкiмiнiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.

3. Істі аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты істі қысқарту туралы сот қаулысының күші жойылмайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 420-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



420-бап. Iстi сотта жаңадан талқылауға жiбере отырып үкiмнiң күшiн жою

1. Егер апелляциялық саты:



1) бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 415-бабы үшінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 10) тармақтарында көзделген қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуына жол бергенін;

2) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) азаматтық талап қою шешiлмегенiн анықтаса, iс үкiм шығарған соттың жаңадан талқылауына, бiрақ судьялардың өзге құрамының қарауына жiберiле отырып, үкiмнiң күшi толық немесе бiр бөлiгiнде жойылуға тиiс.



2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін тұжырымдарды алдын ала шешуге құқылы емес.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 420-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

420-1-бап. Жаңа үкім шығара отырып үкімнің күшін жою

1. Апелляциялық сатыдағы сот істі жаңадан сот қарауына жіберместен және осы Кодекстің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып:

1) осы Кодекстің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;

2) айыптау тарабының шағымы немесе наразылығы бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;

3) айыптау тарабының неғұрлым ауыр қылмыс немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы заңды қолдану, қосымша жаза қолдану қажеттігі жөніндегі шағымын, наразылығын қанағаттандыруға негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға құқылы.

2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен және басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шығуға құқылы емес.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша шығарылған апелляциялық сатының үкімдеріне ол жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде прокурор кассациялық наразылық немесе осы Кодекстің 396-бабында аталған тұлғалар кассациялық шағым беруі мүмкін, ал күзетпен ұсталып отырған сотталған адамдар оған үкімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады.

4. Апелляциялық сатының үкімі оған кассациялық шағымдану мерзімі аяқталғаннан кейін заңды күшіне енеді, ал кассациялық шағым немесе наразылық келтірілген жағдайда, егер оның күші жойылмаса, кассациялық қаулы шығарылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 420-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

420-2-бап. Істі қосымша тергеуге жібере отырып үкімнің күшін жою



Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың өтініш жасауы бойынша үкімнің күшін жоюға және істі осы Кодекстің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қосымша тергеуге жіберуге құқылы.

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 421-бап өзгертілді



421-бап. Yкiмдi өзгерту

1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгертуге:

1) сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесiнiң түрiн жеңiлдетуге;

2) онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң неғұрлым жеңiл түрiне ауыстыруға;

3) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезiндегi қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігiлігi кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;

5) 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгенiнен неғұрлым жұмсақ түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;

7) егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиiстi қылмыстардың кәнiгiлiгi бар екендiгiн тануға және түзеу колониясы режимінің неғұрлым қатаң түрін тағайындауға;

8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының ережелерi бойынша жаза белгiлеуге;

9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабы жетінші бөлігінің б) және в) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;

10) үкімге азаматтық талап қою бөлігінде, іс жүргізу шығындарын өндіріп алу мәселелері бойынша өзгерістерді, заттай дәлелдемелер туралы шешімді енгізуге;

11) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 95-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

2. Апелляциялық сатыдағы сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді осы негiздер бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.

2005.30.12  № 111-III  ҚР  Заңымен 422-бап  тоғызыншы бөлікпен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 422-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

422-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

1. Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қарар бөлiмдерiнен тұрады.

2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:

1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;

2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;

3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;

4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.

3. Қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде сот актісінің мәні, берiлген шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәйектері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерi, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерi қысқаша баяндалуға тиiс.

4. Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде оларда баяндалған дәйектерді негізсіз деп танудың негіздері көрсетiлуге тиiс.

5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне өзгерiстер енгiзгендегi негiздер көрсетiлуге тиiс.

6. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негiздерi келтiрiлуге тиiс.

7. Іс соттың жаңадан талқылауына жiберiлген жағдайда қаулыда iс жаңадан қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екенi көрсетiлуге тиiс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендiгi немесе дәлелденбегендiгi туралы, дәлелдемелердiң анықтығы туралы немесе бiр дәлелдемелердiң басқаларынан басымдығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелердi алдын ала шешiп қоюға құқығы жоқ.



7-1. Жаңа үкім шығару қажеттілігіне байланысты бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылған кезде апелляциялық қаулыда бірінші сатыдағы соттың үкімін заңсыз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс. Мұндай жағдайларда үкімнің күшін жою туралы қаулымен қатар жаңа үкім шығарылады.

8. Қаулының қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.

9. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жа­зу­ларды түзету туралы және олардағы түсініксіз жағдай­ларды түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.

 

2005.30.12  № 111-III  ҚР  Заңымен 423-бап  өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 423-бап жаңа редакцияда  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



жүктеу 5,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау