Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу



жүктеу 5,57 Mb.
бет6/35
Дата25.11.2017
өлшемі5,57 Mb.
#1956
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

73-бап. Қорғаушыдан бас тарту

1. Сезiктi, айыпталушы iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға іске қатысушы қорғау­шы­ның не осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдік­тінің, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Заңгерлiк көмекке ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептi қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу не сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.

2. Осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 5) (жазалау шарасы ретінде өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмыстарды жасаған адамды айыптау кезінде), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды.

3. Қорғаушыдан бас тарту айыпталушыны немесе сезiктiнi кейiн қорғаушының iске қатысуына рұқсат ету туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу немесе сот талқылауының барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді

74-бап. Қорғаушының өкiлеттiгi

1. Қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығаратын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдар мен қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.

2. Қорғаушы іске қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап:

1) күдіктімен немесе айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;

2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;

3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;

4) қарсылықтар білдіруге;

5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасы­мен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттама­ларымен, күдіктіге және (немесе) айыпталушы­ға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау, оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін – істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

6) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;

7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тың­дау­ға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөз­дерін­де сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезінде соттың отырысына қатысуға;

8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;

9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;

10) қылмыстық процесті жүргізуші адамның және қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардың заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсы­лық­тарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге;

11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;

12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.

3. Тергеуші немесе анықтаушы жауап алып болған­нан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы жауап алынып отырған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Тергеушi, анықтаушы қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша ескертпе жасауға құқылы.

4. Қорғаушының: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi жасауға; қорғауындағы адамның айқындамасына қарамастан оның қылмысқа қатысын және оны жасағанына кiнәлiлiгiн мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; азаматтық талапты мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiштердi керi қайтарып алуға; заңгерлiк көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiруге және оны жүзеге асыруына байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқығы жоқ.

5. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және ол басқа да мiндеттердi мойнына алады.

09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 75-бап өзгертілді

75-бап. Жәбiрленушi

1. Қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене және мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға ол жөнiнде негiз бар адам жәбiрленушi болып танылады.

2. Адам есi кiресiлi-шығасылы адам жасаған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетпен оған зиян келтiрiлген жағдайларда да жәбiрленушi болып таныла алады.

3. Адам қылмыстық процесте қылмыстық іс қозғал­ған кезден бастап тиісті қаулы шығысымен жәбірленуші болып танылады. Егер адамды жәбiрленушi деп танығаннан кейiн оның бұл жағдайда болуы үшiн негiздер жоқ екенi белгiленсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өзiнiң қаулысымен ол адамның iске жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады.

4. Жәбiрленушiге қылмыспен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген ережелер бойынша өкiлге арналған шығындарды қоса есептегендегi оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтiрiлген шығындарды өтеу қамтамасыз етiледi.

5. Жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы.



2009.11.12. № 230-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Жәбірленушінің:

1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге;

2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

3) дәлелдер ұсынуға;

4) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;

5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

6) өкілінің болуына;

7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық қуда­лау органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сон­дай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет­ті жасаған адамнан алып қойылған өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға;

8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға;

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;

10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

11) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материал­дарымен танысуға, одан кез келген көлемде және кез келген мәліметті көшіріп алуға;

12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын беру туралы өтінішті мәлімдеуге;

13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, қыл­мыс­тық істі тоқтата тұру туралы, істі тоқтату туралы қаулы­лардың көшірмелерін, айыптау қорытын­дысының көшірмесін, сондай-ақ үкімнің, апелля­ция­лық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмелерін алуға;

14) бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;

15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;

16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айып­таушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;

17) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот оты­ры­сының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

18) қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беруге;

19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;

20) іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразы­лықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;

21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;

22) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауына құқығы бар.

Осы Кодекстің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі.

2009.11.12. № 230-IV Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыс­пен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмыс үшін сотталған адамның осы қылмыспен кел­тіріл­ген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқы­ғы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені жәбір­ленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша үкімді шығарған сот шешеді. Жәбір­ленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал жүз елу есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.

8. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша белгiлi барлық мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

9. Жәбiрленушi дәлелсiз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол осы Кодекстiң 158-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

10. Жәбiрленушi жауап беруден бас тартқаны үшiн және қасақана жалған айғақ бергенi үшiн заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

11. Зардабы адамның қайтыс болуына жеткiзген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.

12. Қылмыспен моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлген заңды тұлға жәбiрленушi болып танылуы мүмкiн. Бұл жағдайда жәбiрленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаның өкiлi жүзеге асырады.

76-бап. Жеке айыптаушы

1. Жеке айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушi жеке айыптаушы болып табылады.

2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ жағдайда өтiнiш, сұрау бiлдiрген немесе шағым берген оның заңды өкiлi жеке айыптаушы болып саналады.

3. Жеке айыптаушы жәбiрленушiнiң барлық құқықтарын пайдаланады және барлық мiндеттерiн алады, сондай-ақ осы Кодекстiң 393-бабының үшiншi, төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген құқықтарға ие болады.

4. Жеке айыптаушы оған тиесiлi құқықтарды пайдаланады және өзiне жүктелген мiндеттердi жеке немесе, егер ол құқықтар мен мiндеттердiң сипатына сәйкес келсе, өкiл арқылы атқарады.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



77-бап. Азаматтық талапкер

1. Өзiне қатысты тiкелей қылмыспен мүлiктiк залал келтiрiлдi деп ұйғаруға жеткiлiктi негiз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады. Азаматтық талапкер моральдық зиянды мүлiктiк өтеу үшiн де талап қоя алады. Прокурор заңдарда көзделген жағдайларда өз бастамашылығы бойынша жеке немесе заңды тұлғаны азаматтық талапкер деп тануға құқылы.

2. Азаматтық талапкер деп тану немесе көрсетiлген iс жүргiзу жағдайында болу үшiн негiздер болмаған жағдайда тұлғаның азаматтық талапкер ретiнде iске қатысуын тоқтату туралы шешiмдi қылмыстық процестi жүргiзушi орган қабылдайды, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.

3. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен әрекет қабiлетi жоқ деп танылған адамдардың мүдделерiн қорғауға азаматтық талапты олардың заңды өкiлдерi қоюы мүмкiн.

4. Азаматтық талапкер өздерi қойған талапты қолдау мақсатында: айыптаудың мәнiн бiлуге; дәлелдердi ұсынуға; қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге; қылмыстық iске қосу үшiн материалдар ұсынуға; өтiнiштер мен қарсылықтар мәлiмдеуге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ пен түсiнiктеме беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өкiлi болуына; өзiнiң қатысуымен жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейiн азаматтық талапқа қатысты iстiң материалдарымен танысуға және одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талапқа қатысты iс жүргiзу шешiмдерiнiң көшiрмелерiн алуға; кез келген сатыдағы сотта iстi соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерiнде сөйлеуге; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; қылмыстық процестi жүргiзушi органның әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасауға; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде соттың үкiмi мен қаулыларына шағымдануға; азаматтық талап бөлiгiнде iс бойынша жасалынған шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; осы Кодекстiң 75-бабының жетiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыспен келтiрiлген залалға мемлекеттiң есебiнен өтемақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.

5. Азаматтық талапкердiң осы Кодекстiң 75-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделгендей мiндеттерi болады.

6. Азаматтық талапкердiң заңмен көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



78-бап. Азаматтық жауапкер

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң барысында қойылған талапқа байланысты заң күшiмен қылмыспен не есi кiресiлi-шығасылы адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекетiмен келтiрiлген зиян үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып табылады.

2. Азаматтық жауапкер деп тану немесе адамның көрсетiлген iс жүргiзу жағдайында болуы үшiн негiздер болмаған жағдайда азаматтық жауапкер ретiнде процеске қатысуын тоқтату туралы шешiмдi қылмыстық процестi жүргiзушi орган қабылдайды, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.

3. Азаматтық жауапкердiң оған қойылған талапқа байланысты өзiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында: айыптау мен азаматтық талаптың мәнiн бiлуге; талапқа қарсылық бiлдiруге; ұсынылған талаптың мәнi бойынша түсiнiктеме мен айғақ беруге; өкiлi болуына; қылмыстық iске қосу үшiн материалдар ұсынуға; өтiнiштер мен қарсылықтар бiлдiруге; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талапқа қатысты материалдарымен танысуға және кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талапқа қатысты iс жүргiзу шешiмдерiнiң көшiрмелерiн алуға; кез келген сатыдағы соттағы iстiң сотта талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, қылмыстық процестi жүргiзушi органның әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым әкелуге; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде соттың үкiмi мен қаулысына шағымдануға; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар мен шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылық бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; қауіпсіздік ша­раларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.

4. Азаматтық жауапкердiң осы Кодекстiң 75-бабының жетiншi бөлiгiнде көзделгендей мiндеттерi болады.

5. Азаматтық жауапкердiң заңда көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.

79-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлдерi

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша iске қатысуға осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерi тартылады.

80-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi болуы мүмкiн.

2009.11.12. № 230-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.

Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі адвокат шақырмаған жағдайда, адвокат­тар­дың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімше­лері үшін міндетті қаулы шығару жолымен қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокаттың қатысуын қам­тама­с­ыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нақты адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға ұсыным беруге құқылы емес.

Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей, осы Кодексте көзделген шектерде, iс жүргiзу құқығы болады.

4. Жәбiрленушi, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болсын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

5. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.

81-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуде азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар және өзге де адамдар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.

2. Азаматтық жауапкер өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей iс жүргiзу құқығы болады.

3. Азаматтық жауапкер өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болмасын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

4. Азаматтық жауапкердiң iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.

10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы



өзге де адамдар

11.07.01 ж. № 238-II; 2004.28.12 № 24-III; 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.12. № 230-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 82-бап өзгертілді

82-бап. Куә

1. Айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.

2. Куә ретiнде жауап алуға:

1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздеріне белгiлi болған қылмыстық iстiң мән-жайлары туралы - судья, алқаби;

1-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;

2) қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы - сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;

3) оған iшкi сырын ашу кезiнде белгiлi болған мән-жайлар туралы дiни қызметшi;

4) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне орай iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсiнуге және олар туралы жауап беруге қабiлетсiз адамдар жатпайды.

3. Куәнiң: қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшiн iзiне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекетiне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік ша­ра­ларын қолдану туралы өтінішті мә­лімдеуге құқығы бар. «Куә, егер адвокаттың іске қандай да бір басқа жағдайда қатысы болмаса, адвокаттың қатысуымен айғақ беруге құқылы. Адвокаттың келмеуі жауап алуды тергеуші белгілеген уақытта жүргізуге кедергі келтірмейді.

4. Куә: анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; iс бойынша барлық өзiне белгiлi жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеушi немесе прокурор ескерткен болса, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы кезiнде белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

5. Куә, осы Кодекстiң 241-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға мәжбүрлеп тартылмайды.

6. Қасақана жалған жауап бергенi үшiн және жауап беруден бас тартқаны үшiн куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша дәлелдi себептерсiз келмеу әкiмшiлiк жауапқа тартуға әкеп соғады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II 06.11.01 ж. № 251-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 83-бап өзгертілді; 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)


жүктеу 5,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау