Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім министрлігі



жүктеу 0,69 Mb.
бет28/68
Дата21.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#34451
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
қаржылық менеджмент силлабус

2-3 тақырып. Қаржылық менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткіштері. Тәуекел және табыстылық.
Практикалық сабақтар:

      1. Тәуекелдiктi анықтау және өлшеу.

  1. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық.

  2. Автономдык (жалпы) тәуекелдi нарықтық тәуекелмен салыстыру.

  3. Автономдық тәуекелдi талдау оқшаулау қаралатын активтер.


Жұмыстың мақсаты: Кәсіпорындарды қаржылық тәуекелмен басқару.

Тәуекел-бұл мүмкін қауіптілік.

Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.

Осылайша, кәсіпкерлік тәуекел - өнмдерді, тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар – ақша және қаржы операйияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар.

Экономикалық әдебиетте тәуекелдің келесі функциялары болып көрсетіледі:


  • Инновациялық

  • Реттеуші

  • Қорғаушы

  • Аналитикалық

Кәсіпкерлік тәуекелдің инновациялық функциясын кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес шешуді іздестіруді ынталандырумен орындайды. Көптеген шетел фирмалары, компаниялары, тәуекелге байланысты инновациялық экономикалық қызмет негізінде бәсекеге қабілетті болып табысқа жетеді. Тәуекелді шешім, шаруашылықтың тәуекелді түрі кәсіпкер де, тұтынушы да, қоғам да ұтатын өндірістің тиімділігіне әкеледі.

Реттеуші функция қарама-қайшы сипатта болады және екі түрлі нысанда шығады: конструкциялық және бүлдіргіш. Кәсіпкер тәуекелі, әдетте дәстүрлі емес әдістермен біршама нәтиже алуға бағытталған.

Тәуекелдің реттеуші функциясының конструкциялық нысанының мәні тәуекелге бару қабілеті – кәсіпкердің табысты қызметінің жолдарының бірі.

Тәуекелдің қорғаныш функциясы – егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, сәтсіздіктерге шыдам да қалыпты болу тиістілігінен көрінеді. Бастамашыл тапқыр шаруашылық иелеріне әлеуметтік қорғау, құқықтық, саяси және экономикалық кепілдеме қажет.

Кәсіпкерлік тәуекелдің аналитикалық функциясы шешімдердің мүмкін нұсқаларының ішінен біреуні таңдау қажеттілігінде тәуекелдің болуын білуімен байланысты. Осыған байланысты кәсіпкер шешім қабылдау процесінде барлық мүмкін баламалырды талдап, ең рентабельді және ең аз тәуекелін таңдайды.

Күтілетін нәтиже бойынша тәуекел екіге бөлінеді: таза және алып-сатарлық. Таза тәуекелдер бойынша екі нәтиже болуы мүмкін, ол «-»-қ нәтиже немесе «о»- қ нәтиже . Алып-сатарлықта «+», «-», «о» болуы мүмкін.

Пайда болу табиғаты бойынша таза нәтижеге жататындар:



  1. табиғаттық

  2. саяси

  3. экологиялық

  4. көліктік

  5. мүліктік

  6. өндірістік

Алып – сатарлыққа қаржылық тәуекелдер жатады. Олар ақшаның төлем қабілетін өзгеру тәуекелі (инфляциялық, дифляциялық, валюталық, өтімділік тәуекелдері), инвестициялық тәуекелдер «тікелей қаржылық жоғалтулар, табыстың төмендеу тәуекелі, жанама жоғалту тәуекелі).

Кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық тәуекелді жатқызуға болады.

Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтерме аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.

Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлармен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғаралуы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономикалық тұрақсыздығы және клиентердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекел кәсіпорындардың банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері:

- қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарлауы;

- кредиторларға тәуелділік

- капиталдың әрекетсіздігі

- бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі:несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.

Айналалым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекелі, салықтық тәуекел.

Несиелік теуекел нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупіне туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.

Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капиатл мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу керек. Яғни берілген тәуекел боцйынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін білуге болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады: мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады.

Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады.

Тәуекелділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.

Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түрге бөлуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажеттілігі, активтердің бір бөлігін шарасыз жоғалту.

Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестерге, жобаға қатысудың тиімділігі туралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді беру болып табылады.

Қаржылық тәуекелдерге әсер ететін әдістер:

- болдырмау;

- тәуекелді өзіне қалдыру: өз-өзін қаржыландыру, сырттай қаржыландыру, қаржыландыру қорларын құрмау;

- тәуекелдерді аудару, яғни тәуекелдерді басқа біреуге беру: сақтандыру компанияларына;

- тәуекелді төмендету: тәуекел ықтималдылыған төмендету, тәуекел дәрежесін төмендету немесе жағымсыз нәтижені төмендету.

Тәуекелдерді төмендету әдістері:


  1. Әртараптандыру;

  2. Хеджирлеу;

  3. Ақпараттар жинау;

  4. Шектеу әдістері.

Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аумағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, нарықтың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады.

Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде ес,епті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.

Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.

Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.

Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.

Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.

Тәуекелді талдауды бір- бірімен өзара тығыз байланысты және бір – бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады:сапалық және сандық.

Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді.Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдердітеңестіріп салыстырады.Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы тиіс. Оның басты міндеті-жұмыс пен кезеңнің орындалу кезеңіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып барлық тәуекелдерді анықтау болмақ.

Тәуекелділік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады.Объективті факторларға кәсіпорынның тәуелсіз инфляция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады.Субъективті факторлар тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар, қаржылық жағдай.

Тәуекелдің сандық талдауы- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрі бойынша нақты көлемін анықтау.Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарғандары: статистикалық, шығындардың мақсаттылығын анықтау,эксперттік бағалау әдісі,ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану.

Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылымында болып отыр..Вариация, дисперция және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі.

Вариация – бұл жағдайдан басқа жағдайға ауысқандағы белгініңм сандық бағасының өзгеруі (тербелмелі).Мысалы, экономикалық табыстылықтың (рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылықтың нақты мәнін сәйкес келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуге жинақтау арқылы анықтауға болады.

ЭД=ЕЭД *Д

Мұндағы ЭД- экономикалық табыстардың мәні;

Д- ықтималдылық мәні;

Вариация дисперциясымен, яғни орташа мәннен белгінің нақты мәнінің ауытқу шамасымен бағаланады.Орташа өлшемді дисперцияны математиктер мына формуламен есептейді:

Дисперция = Е =(ЭД- ЭД) *Д

Стандартты ауытқу = дисперция

Нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын кәсіпорынның қызметі соғұрлым тәуекелді болады.

Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің статистикалық әдісін көптеген көлемді мәліметтерді талап етеді.Олар әрдайым болмағандықтан, оны қолдану қиындайды.

Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып,тәуекелдің потенциалды аймақтарын анықтауғабағытталған.Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:

- құнның ең басында жете бағаланбауы,

- жобалаудың шектерінің өзгеруі,

- өнімділіктегі айырмашылық;

- алғашқы құнның өсуі.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау