Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім министрлігі



жүктеу 0,69 Mb.
бет25/68
Дата21.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#34451
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
қаржылық менеджмент силлабус

Мазмұны







Дәрістер






Практикалық сабақ






Курстық жұмыс






Студенттердің өздік жұмысы.





1. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің ториялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

1 тақырып. Қаржы менеджментiнiң мазмұны.
Практикалық сабақтар:

1. Қаржы менеджментiнiң анықтамасы.

2. Каржы менеджментiнiң рөлi мақсаты, мiндеттерi және рөлi.

3. Қаржы менеджментiнiң казiргi теориясының

даму кезеңдерi.
Жұмыстың мақсаты: Қаржылық менеджменттің түсінігі мен құрылымы

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.

«Қаржы» термині ХІІІ-ХV ғасырларда, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай төлем» деген мағына берген еді. Бүгінгі бұл термин субъектілердің қарым-қатынасын білдіреді, дәлірек айтсақ, «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме-дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болады:

1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы ( ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды);

2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы ( бұл субъектілердің біреуі – мемлекет )

3)ақшалай қатынас негізінде жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолданылуы;

4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзгеде төлемдердің қалыптасуынсыз болмауы.

Қаржы – елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді шешуге жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаражатын құрайтын және қолданатын ақшалай қатынастардың жиынтығы.

Менеджмент дегеніміз – белгілі жетістіктерге жету үшін объектіге мақсатты түрде әсер етудің әдістердің жиынтығы. Менеджмент адамның қызметінің барлық сфераларына оның ішінде қаржылық сферағада тән.Басқа басқарушылық жүйедегі сияқты басқаруда оның объектілері, субъектілері анықталады. Объектілеріне қаржылық қатынастардың әртүрлі түрлері, субъектілеріне басқаруды іске асыратын ұйымдастырушылық құрылымдар жатады. Сфералары бойынша қаржылық қатынастар жіктеледі.

Қаржылық менеджмент – ол кәсіпорынның қаржылық ресурстарымен капитал айналымымен және қаржылық қатынастарымен басқару жүйесі. Қаржылық менеджментті әртүрлі қарастыруға болады.


- функционалды көзқарас бойынша қаржылық менеджмент ол басқару жүйесі болып экономикалық категория реттеуде қарастырылады;

- институционалдық көзқарас бойынша қаржылық менеджмент басқару органы;

- ұйымдастырушылық, құқықтық көзқарас бойынша кәсіпкерлік реттеуде қарастырылады.

Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызмет болып қарастырылады, яғни қаржылық менеджердің мамандануына байланысты кәсіпорынның қаржылық қызметі дамиды.Басқару жүйе ретінде қаржылық менеджментте басқаратын ішкі жүйе, яғни субъект және басқарылатын ішкі жүйе, яғни басқару объекті қарастырылады.субъектіге жататындар: қаржылық қызметті жүзеге асыратын мамандар тобы, яғни қаржылық менеджмент – жерлер, ал қаржылық менеджменттің объектісіне: ақшалай қаржылар, қаржылық ресурстар, капитал айналымы және қаржылық қатынастар жатады.


Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері
Қаржылық менеджмент сферасында келесі функциялары атқарылады:

- Болжау


- Жоспарлау

- Ұйымдастыру

- Қайта өңдеу

- Тарату


- Бақылау.

Болжау функциясы деп мүмкін болатын көрсеткіштерге негізделе отырып болашақтың көрінісін айқындауды айтады.

Жоспарлау функциясы – болжауға негізделе отырып болашаққа мақсат анықтау. Жоспарлаудың келесі функциялары бар:

- Стратегиялық

- Жалпы

- Оперативті

Стратегиялық жоспарлау – қаржы ресурстарын болашаққа ұзақ мерзімге жоспарлау арқылы мақсатты қаржы ресурстар көлемін белгілеуді жоспарлау. Жоспарлау материалдық еңбек және қаржы ресурстарын қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысын қамтамасыз етуі керек.

Оперативтік жоспарлау – қаржылық ресурстарды қайта тарату көмегімен шығындарды минималды тиімділікке жету мақсатында және қалыптасқан қаржы жағдайын жедел жоспарлау.

Ұйымдастыру функциясы – ол қаржылық қызметпен айналысатын мамандардың және бөлімдердің әдістерге, принциптерге, және мақсаттарға бағындыру болып табылады.Ұйымдастыру басқарудың барлық бөлімдерінің нақтылығын, қаржылық ақпараттың жұмысшыларының жауапкершілігін білдіреді.

Қайта өңдеу функциясы - өндірістік процестің барлық этаптарын керекті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.

Тарату функциясы – ол ақшалай қаражаттарды рационалды түрде объектіге салу және қаржылық ресурстардың оптималды құрылымын қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау функциясы – жоспардың орындалуын қамтамсыз етеді, яғни жоспарлау кезеңінде, сонымен қатар ақшалай қаржыларды қалыптастыру және пайдалану процесінде шаруашылықты жүргізудегі қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қаржылық менеджменттің принциптері :

Қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету принципі – ұйымдастыру функциясына байланысты болады.

- Стратегиялық бағытталу принципі – ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, яғни ағындағы қызметті бір бағытта жүзеге асырылуы қажет.

- Жоспарлық принципі – болжау және жоспарлау функцияларынан шығатын принцип.

- Әртараптандыру принципі – кәсіпорынның қаржылық тәуекелін басқарумен байланысты болады. Әртараптандыру ол ақшалай қаражаттың бір – бірімен байланысты емес объектілерге салу арқылы тәуекелдің дәрежесін төмендету болады.Ол екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:

1) Көп бағытта жұмысиы жүзеге асыру, яғни кәсіпорын бір ғана қызметпен айналыспай бірнеше қызметпен айналысады.

2)Портфелді стратегияны жүзеге асырған кездеөз қаражаттарын әртүрлі эмитенттердің әртүрлі бағалы қағаздарына салу немесе қаржыларын әртүрлі бағытқа жүзеге асырылады.

Қаржылық менеджмент алдынақоятын негізгі бағыттары:

- Қаржы мәселелеріне саяси мәлімдеме;

- басқарудың ғылымдылығы;

- Басқарудағы демократия;

- Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістердің; оңтайлы өзгеуі;

- Басқарудағы жауапкершілік;

Нарықтық экономиканың қалыптасып дамуы жағдайындағы қаржыны басқару шешімдерін негіздеуі, бүгінгі нашар пайдаланылып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларын реттеудің қаржы нарығын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретінде қаржы ресурстарының есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді.





жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау