Заемдық капиталдың әртүрлі көздерінің құны.
Заемдық капиталдың негізгі элементтері банк ссудалары мен кәсіпорындар шығарған облигациялар болып табылады. Бірінші элементтердің құны табыс табыс салығын есептегеннен кейін қарастырылуы қажет.
Нормативтік құжаттарға сәйкес банктік ссудаларды қолданудағы пайыздар өнімінің өзіндік құнына қосылады. Сондықтан осындай қаражат көздерінің бір бірлігінің құны, банкке төленетін пайыздан аз болады.
Кәсіпорынмен алынатын шаруашылық субъектілерінің займдары қарызды өтеу жоспарында банктік несиемен салыстырғанда бірталай айырмашылығы бар. Шығындар құрамы тұралы жағдайларға сәйкес, мұндай займдарды қолданғаны үшін төленетін пайыздар, кредитордың жеке несиелік операцияларды жүргізуге құқылы лицензиясы болмаған жағдайда, өнімнің өзіндік құнына жатқызыла алмайды. Сондықтан осы қаражат капиталының құны төленетің пайыздық ставка мөлшеріне тең.
Облигациялық займдардың жағдайы тура осындай деп айтуға болады. Біріншіден . кез-келген компания облигация шығара алмайды және облигацияларды талап етілмей қалуынан қорықпай ашық нарыққа орналастыра алмайды.Екіншіден,бұл қаражат құны банк несиесінің құнымен салыстырғанда анағұрлым стохастикалық болады. Әртүрлі компаниялар несиені әртүрлі шарттармен алатындығы сөзсіз, сонда да бұл жағдайда пайыздық ставкалардың өзгеруі болжамды және белгілі. Облигациялық займның күтілетін нақты құнына келетін болсақ, онда жағдай мүлдем белгісіз. Үшіншіден, облигациялық займдарды орналастыру белгілі бір маманданған делдалдарды тарту арқылы жүзеге асыралытындықтан (банк үйлері, брокерлік және қаржылық компаниялар және т.б.) бұл қаражаттың құны ескеруге қажетті қосымша параметрлерге – орналастыру шығындарына тәуелді болады.
Шығындар құрамы туралы жағдайларға сәйкес, облигациялар бойынша төленетін пайыз сомасы таза табыстың есебі бойынша жазылуы қажет. Айта кететін бір жайт, мұндай әрекет халықаралық тәжірибиеге қарсы келеді, сонымен қатар ол теория позициясы бойынша да ақталмайды , себебі бір сома салық бойынша екі рет алынады – төлем көздерінен,оны белгілеу таза табыс есебінен жазылады, инвесторлардың – олар алған пайыздар табыс ретінде көрсетілген, сондықтан бұл жағдайда қосарланған салық салу орын алады.Осылай, "облигациялық" займ көзінің капитал құны мөлшерімен төленетің пайыз көлеміне тең, ал дәлірек оны формулалар арқылы табылуы мүмкін. Бұл бөлімде облигация несие позициясынан алғандағы облигация табыстылығын анықтау логикасы мен осыған сәйкес есептелетін формулалар көрсетілген. Осы формулалар бойынша табылған табыстылық көрсеткіші (Кd) элемент позициясынан "облигациялық займ" көзінің құнын білдіреді. Көздерінің құны есептелген облигациялық займды қайтадан шығару жоспарланған жағдайда, облигацияны реализациялау бағасы мен оның белгіленген құны (бұл облигацияны шығару бойынша шығындары және оларды дисконт шарттары бойынша сатуға байланысты реализациялау құнынан жоғары болады) арасындағы айырмашылықтың әсерін ескеру қажет.
Айта келетін жайт, көптеген экономикасы дамыған елдерде аталған айырмашылықтар капитал құнын, банк несиесін, облигациялық заемды есептеу методологиясында жоқ болады. Ал оларды қолдауға байланысты шығындар өзіндік құнға жазылады. Сондықтан осындай капиталдардың құнының кез-келген көздері салық төлемдерін түзету бойынша есептелінеді және бұл жағдайда әртүрлі 3 формуланы қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |