Меншікті капитал көздерінің құны.
Капитал құның есептеу барысында компанияның меншікті қаражат көздерінің 3 түрін бөліп көрсетуге болады: артықшылығы бар және жай акциялар, сонымен қатар бөлінбеген пайда. Айта кететін бір жайт, соңғы түріне жарғылық капиталдан басқа барлдық меншікті қаражат көздері жатады. Әрине, мұның да өзінің шарты болады, мысалы, бөлінбеген пайда және қайтарамсыз алынған қаражаттар көздерінің табиғаты да, құралу әдістері де, капитал құны да әртүрлі болады, бірақ көбінесе қайтарымсыз алынған қаражат көздерінің көлемі елеусіз аз болады.
Жарғылық капиталды екіге бөліп қарастырудың басты себебі, көптеген ғылыми жұмыстарда артықшылығы бар акциялар гибрид ретінде қарастырылады, яғни ол жай акциялар мен заемдық капиталдың қасиетерін де иемдене алады. Сонда да жай акция мен артықшылығы бар акциялар көздерінінс капитал құнын бағалауда белгілі-бір ұстанымды айырмашылық жоқ.Акционерлер коммерциялық ұйымдарға өз қаражаттарын бере отырып, оның орнына дивидент алуды көздейді. Оларды табысы осы қаражаттар көздерін қамтамасыз етуге кеткен ұйымның шығындарына тең болады . Сондықтан коммерциялық ұйымның ұстанымы бойынша осындай қаражат көзі құны шамамен акционерлерге төленетін дивиденттің көлеміне тең болады.Артықшылығы бар акциялар үшін акциялар үшін номиналдан белгіленген пайыз төленетіндіктен , яғни дивидент көлемі белгілі болғандықтан, "артықшылықты акция" қаражаттар көзінің құны артықшылықты акция бойынша жылдық дивидент көлемінің акцияны сатудан түсетін (орналастыру шығындарынсыз) болжалды таза табысқа қатынасы арқылы анықталады. Келтірілген баға беру акциялардың бірнешеуі шығарылған кезде және әртүрлі бағаға сатылған жағдайға ғана қате шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда орташа арифметикалық өлшеуіш формуласын қолдануға болады. Егер кәсіпорын өзінің капиталын көбейту үшін қосымша артықшылығы бар акциялалды шығаруды жоспарласа, онда жоғарыда,яғни облигациялар туралы тақырыпта айтылғандай, оны шығаруды ұйымдастыруға кеткен шығындар көлеміне түзетулерді қарастыратын формула бойынша осы қаржы көздерінің құнын есептеуге болады.
Гордон моделін қолдану (8.21) формуланы қолдануға алып келеді. Есептеудің мұндай алгаритмнің өзінің кемшіліктері бар. Біріншіден, ол тек қана дивиденд төлейтің компанияда ғана қолданыста бола алады. Екіншіден, компания ұстанымы бойынша капитал құны болып есептелетің күтілетің табыстың көрсеткіші д коэффциентінің өзгерісіне өте сезімтал болып келеді. Үшіншіден мұнда тәуекелділік факторы ескерілмейді. Жай акциялармен салыстырғанда капитал құнын анықтау жаңа акцияларды шығару жоспарланғанда мәні өте зор болады. Бұл көбінесе 2 жағдайда орындалады: а) компания сәттілікпен дамып келе жатыр және оған қолда бар инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін реинвестициялық табыс жетіспеген жағдайда; б) компанияға кейбір күтпеген шығындарды жабу үшін белгілі бір қаражат көздері қажет, ал басқа қаражат көздері жоқ болса.
Бірінші жағдай оқиғаның қалыпты жүріп жатқанына сәйкес келеді және өсу стадиясында тұрған компанияларға тән болады.
Екінші жағдайды қалыпты деп санауға келмейді, себебі көбінесе жанадан эмиссиялау мәжбүрлік жағдайында ғана болады.
Кез-келген жағдайда да "жаңа эмиссияланған жай акция" көздерінің капиталы құнын бағалау үшін акцияны орналастыруға кеткен шығындарды ескеретін модификация моделі қолданылады.
Егер САРМ моделі қолданылса, онда көрсетілген кемшіліктері белгілі бір денгейде алынып тасталынады. Дегенмен, бұл модель тек белгілі бір шарттарды орындағанда ғана қолданылады. Оның бірінші себебі де бар. Біріншіден,бұл қаражаттар максималды тез мобилизацияланады және акция немесе облигация шығару жағдайы сияқты белгілі бір механизмді қолдануды талап етпейді. Екіншіден, бұл қаражат көзі басқасына қарағанда арозаныраққа түседі, себебі эмиссиялық шығындары болмайды. Үшіншіден, жаңа эмиссия туралы ақпараттардың кері әсері болмайтындығына байланысты біршама қауіпсіз болады. Бұл аргумент өте мәнді. Мысалы, 1986 ж "Emhart" фирмасы өзінің 2,75 млн. Акцияны 1 млн. доллар көлеміндегі акцияның қосымша эмиссиясын жүргізетіңдігі туралы хабарлағанда, айналымдағы акцияның нарықтық құны 23 млн. долларға дейін түсіп кетті (The New Comporate Finance,35б.).
Төлеуге қойылған табыс меншікті қаражат көздерінің жалпы сомасында ерекше үлкен орын алуы мүмкін. Бұл қаражат көзінің құнын есептеудің бірнеше әдістері бар, ал оның көлемі келесі түрде оңай интерпретацияланады. Компания тапқан табыс белгілі бір мөлшерде жұмсалғаннан кейін жай акция иелерінің арасында бөлінеді. Соңғылары табысты реинвестициялаудан түсетін күтілетін табыс балама инвестиция қайтарымнан кем болмауы керек. Керісінше жағдайда, жай акция иелері дивиденд алуды дұрыс көріп бұл қаражатты капитал нарығына қолданады. Кейбір мағынада реинвестициялық табыс олармен алынатын өз фирмасының жаңа акцияларына тең болады. Осылай, "бөлінбеген пайда" қаражат көздерінің құны "жай акция" қаражат көздерінің құнына шамамен тең болады. Дәлірек айтатын болсақ, «бөлінбеген пайда» көзінің құны "жаңа жай акциялар" көзінің құнынан кішкене төменірек болады, себебі бағалы қағаздарды эмиссиялау әрқашан қосымша шығындармен қатар жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |