Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі



жүктеу 2,39 Mb.
бет7/7
Дата05.01.2018
өлшемі2,39 Mb.
#6999
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

N 6 – зертхангалық жұмыс
ТҰҚЫМ ӨНГІШТІГІН АНЫҚТАУ
Тұқым өнгіштігі деп тұқымдардың мұрттанып, өніп (көгеріп), жетілген өскіндер беру қабілетін айтамыз.

Бұл жұмысты орындау барысында студенттер 2 апта бойы тұқымдарды өсіру аппаратында стандартқа сәйкес белгілі мерзімде өскіндерін есепке алып

бақылау арқылы жүргізеді.

Тұқым өнгіштігін бақылауға алынған тұқымдардың жалпы саны бойынша, олардың өну мөлшеріне қарай процентпен есптелінеді.

Тұқым өнгіштігімен қатар, олардың өсу қуаты да анықталады. Тұқымның өсу қуаты деп – тұқымдардың кесілген мерзімде тез және біркелкі өсіп шығу қабілетін айтамыз.

Тұқым өнгіштігін анықтау шарттары 5 – кестеде келтірілген.



Орман тұқымдарын көгертіп -өсіруге арналған аппараттар.

Тұқымдарды жарықта, тұрақты суландырып, көгертіп - өндіруге

Копенгаген және Любенберг аппараттары мен Осиевский құралы қолданылады.

Төменде бізде бар аппараттың сипаттамасын келтіре кеткенді жөн көрдік.

Копенгаген аппараты – металлдан жасалған, екі түбі бар, ағаш жәшікке орнатылған ванна. Үстіне цинктелген темір немесе тот баспайтын құрыштан істелген подностар қойылады.Әр подноста арнайы 24 біркелкі орналасқан тесіктер бар.

Ваннаға подностан 3-4 см төмен су құйылады, оның жылытуы электр тоғымен жүргізіледі. Ваннаны, подносты пайданалар алдында металлдан жасалған щеткалармен ысып, жуады, содан кейін қайнаған ыстық сумен шайып тастайды.

Подностағы тесіктердің бетіне білтелерін суға малып жұмсақ мақтадан істелген дөңгелек төсеніштер, ал олардың үстіне фильтрлі қағаздар қойылады.Осы дөгелек қағаздардың бетіне тұқымдарды орналастырып, беттерін, үстінде ауа өткізетін тесіктері бар, қақпақтармен жабады.

Аппараттағы су күніне 6 сағат бойы 20 градустан 30 градусқа дейін жылытылады және әр 7 күн сайын ауыстырылып тұрады.

Жұмыстың орындау тәртібі:
Алдыңғы зертханалық жұмыстағы таза тұқымдарды араластырып, өнгіштігін анықтауға талғап іріктемей сынама аламыз (оның саны тұқым түріне байланысты 5-кестеде келтірілген).

Ә сынамадан 100 тұқым алынады.Тұқымдар мен қолданылатын құрал саймандарды неғұрлым таза, стерильді жағдайда жүргізуге тырысу қажет.Ол үшін құрама тақтасын, пинцеттерді спиртпен сүртеді, мата төсеніштер мен фильтрлі қағаздарды 1-2 минут қайнап тұрған ыстық суда ұстайды,ал тұқымдарды ұсақ торлы елеушке салып ағын суға біраз ұстап, тазалайды. Жұмыс барысында тұқым мен төсеніштерді қолмен ұстамаған жөн. Тұқымдарды фильтрлі қағаздарға пинцет арқылы төмен көрсетілгендей етіп қояды:

оооооо 6

оооооооо 8

оооооооооо 10

оооооооооооо 12

оооооооооооооо 14

оооооооооооооо 14

оооооооооооо 12

оооооооооо 10

оооооооо 8

оооооо 6

100 дана

Бұл келтірілгендей болмаса, тұқым қойылатын қағазды қарындашпен тең 4 бөлікке сызып, әр қайсысына 25 тұқымнан (6,5,4,3,2) пинцетпен қоюға болады.Тұқымдар бір-біріне жанаспай жатуй шарт.Тұқым қойылған фильтрлі қағаздар аппараттағы төсеніштерге де пинцет арқылы қойылады.


5- кесте. Жарықта, температура алмасуы 20-30оС тұқым өнгіштігін анықтау шарттары

Түрлердің тұқымдары

Сынама саны,100 дана


Көктету алдындағы дайындық

Бақы

лау күн

дері

Анықтау мерзімі, тәулік

Өну қуаты

Өнгіштігі

Қотыр қайың

4

-

3,5,7,

10,15


7

15

Үлпек қайың

4

-

3,5,7,

10,15


7

15

Кәдімгі шегіршін

3

Дәндерін қанатшаларынан ажыратады

2,3,5,7,

10


5

10

Бұтақты қарағаш

3

Дәндерін қанатшаларынан ажыратады

2,3,5,

3

5

Кәдімгі глединия

3

Тұқымдарын скарификациялап,6-18 сағатқа суға салады

2,3,5,7

5

7

Кәдімгі емен

3

Ағын суға жуып,қабығын аршып,жарнақтарының 1/3 дән ұрықтарына қарсы кесіп тасталынады

5,7,10,15,20

7

20

Кәдімгі шырша

4

-

5,7,10,

15


10

15

Шренк шыршасы

4

-

5,7,10,

15,20


10

20

Татар ұшқаты

4

-

7,10,15,20,25,30

10

30

Тал (барлық түрлері)

4

-

1,2,3,4,5

2

5

Сары қараған

4

Тұқымдары ағын суға жуылады

5,7,10,

15,20


7

20

Сібір балқарағайы

4

-

5,7,10,

15


7

15

Боз жиде

3

Сүйектері 4 тәулік суда жібітіліп,тұқымдары алынады,оларды 2-3 сағат суда ұстап,тамыршасының шеті тұқым қапшығынан босатылады

2,3,5,7,

10


3

10

Итшомырт шырғанақ

4

-

7,10,15,20,25,30

10

30

Терек

4

-

1,2,3,4,5

2

5

Сібір майқарағай

4

-

5,7,10,

15,20


7

20

Қара сексеуіл

4

Жемістері 24-48 сағат суда жібітіліп,ұрықтары босатылады

1,2,3

1

3

Кәдімгі қарағай

4

-

3,5,7,10,15

7

15


Тұқымдарды өсіру кезінде төменгі шарттарды орындаған жөн:
1.Күн сайын 6 сағат бойы төсеніш температурасын біртіндеп 20 градустан 30 градусқа жеткізу керек. Ол үшін аппараттардағы судың температурасын 24 градустан 36 градусқа жылытамыз.Тәуліктің қалған уақытында төсеніш температурасы 20 градус деңгейінде болуы керек.

2.Төсеніш ылғалдылығы бір деңгейде болуы қажет, өте кеуіп кетпей не тым суланып кетпей.

3.Тұқымдар мен төсеніштерде көгерген өңез пайда бола бастаса, оларды таза алынады:

а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш,тал,терек,сексеуіл);

б) өсіру мерзімі 7 ағын сумен әбден жуамыз, кейде фильтрлі қағаздар мен мата төсеніштерін жаңалап, ауыстырамыз.

4.Тұқым өсірілетін бөлме температурасы 15 градустан төмен болмауы керек.


Тұқымдарды төсенішке орналастырғаннан кейінгі, келесі күн тұқымның өсіп-өнуінің бастапқы күні деп есептелінеді.

Тұқымдарды өсіру кезіндегі бақылаулар әр жүздік бойынша жеке есепке алынады:

а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш, тал, терек, сексеуіл );

б) өсіру мерзімі 7 күн тұқымдарына – 2,3,5,7 күндері (кәдімгі гледичия,ақ қараған,т.б.);

в) 3,5,7,10 және 15 күндері (кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, қотыр қайың, т.б.);

г) 5,7,10, ал ары қарай әр 5 күнде - өсіру мерзімі 20-25 күн тұқымдарына (емен,каштан,жаңғақ,тұт,т.б.);

д) 7,10 – күндері, ары қарай әр 5 күн сайын - өсіру мерзімі 30-40 күн тұқымдарына (үшқат,шырғанақ, т.б.).

Жақсы өскен тұқымдар санына тамыршаларының ұзындығы тұқымның ұзындығынан кем еместерін жатқызамыз.Ал тұқымдары өте ірі түрлердің (емен,пісте,т.б.) тамыршаларының ұзындығы тұқым ұзындығының жартысынан кем болмағандарын есепке аламыз.

Бақылау күндерінде жақсы дамыған тұқымдарды және шіріп кеткендерін әр жүздік бойынша талдау карточкасына есепке алып,төсеніштен алып тастаймыз.

Бұдан кейін төсеніштерде қалған тұқымдарды санап, олардың сандарын да талдау қағазына жазамыз; бөлшектің алымына өскен тұқымдар санын, ал бөліміне - өспегендерін көрсетеміз.

Ең соңғы есеп жасайтын күні өспей қалған тұқымдарды төсеніштен алып,ұзынынан скальпельмен кесіп,әр жүздік бойынша:сау, дұрыс өспеген, қатты, шіріп кеткендері, жарнақсыздары, бос дәнділері, энтомологиялық зиянкестермен зақымданғандары – деп бөліп талдау қағазына сандарын жазамыз. Өсіру нәтижелері бойынша тұқым өнгіштігін, өсу қуатын әр сынамаға орташа арифметикалық мәнін есептеп процентпен бүтін дәлдікпен көрсетеміз.

Тұқым өнгіштігін апнықтауда әр сынаманың нәтижелерінің айырмашылығы 6 – кестеде келтірілген ауытқу мүмкіндіктен аспауы керек.



Ауытқу мөлшерін әр 4 сынама тұқым жүздігі бойынша есептелінеді.Ол үшін тұқымдардың әр 100 сынамасы бойынша орташа арифметикалық мәнімен салыстырамыз. Егер бір жүздік тұқым көрсеткіші берілген ауытқудан асып кетсе, оның көрсеткішін есепке алмаймыз; ал өсу қуаты мен тұқым өнгіштігін қалған 3 сынама бойынша анықтаймыз.Егер ауытқу көрсеткіштері 2 сынама бойынша келтірілген ауытқу мөлшерден артық болып кетьсе, талдау дұрыс жүргізілмеді деп санаймыз.Мұндай жағдайда тәжірибе жұмысы қайталанып,жаңадан өткізіледі.
Құрал –саймандар мен материалдар:

  1. Сұрыпталған таза тұқым

  2. Құрама тақтасы

  3. Дайындалған Копенгаген аппараты

  4. Білтелерімен тігулі мата төсеніштері

  1. Дөгелек фильтрлі қағаздар

  1. Пинцеттер

  2. Скальпельдер.


6 – кесте. Тұқым өсірудегі рұқсат етілген ауытқулар, %


Орташа арифмети-калық

өнгіштігі,

%

Рұқсат етілген ауытқу, %



Орташа арифметикалық өнгіштігі, %

Рұқсат етілген ауытқу, %

4 сынама 100

тұқымнан

3 сынама 100 тұқымнан

4

сынама

100 тұқым-нан

3 сынама 100 тұқым-нан

99;2

5

4

81-83;18-20

15

14

98;3

6

5

78-80;21-23

16

15

97;4

7

6

77;24

17

15

96;5

8

7

73-76;25-28

17

16

95;6

9

8

71-72;29-30

18

16

93-94;7-8

10

9

67-70;31-34

18

17

91-92;9-10

11

10

64-66;35-37

19

17

89-90;11-12

12

11

56-63;38-45

19

18

87-88;13-14

13

12

51-55;46-50

20

18

84-86;15-17

14

13











N 7 – зертханалық жұмыс

ТҰҚЫМ ӨМІРШЕҢДІГІН АНЫҚТАУ
Бұл әдіс тұқым ұрығының бояулардың түсін өз бойына сіңіру қасиетіне байланысты жасалған. Бұл жағдайда кейбір бояулар өлі клеткаларды ,енді біреулері – сау клеткаларды бояйды.

Тұқым өміршеңдігі деп тірі тұқымдардың жалпы талдауға алынған тұқымдар санына проценттік қатынасын айтамыз.

Ұрықтың боялу көлеміне, орнына, түсіне байланысты тұқым өміршеңдігіне тұжырым жасалынады.Бояу қолдану әдісі ұзақ тыныштық сақтайтын тұқымдарға пайдалынады, ал кейде тез арада өнетін ағаш түрлеріне де (қарағай,шырша,т.б.) қолданады.



Тұқым өміршеңдігін анықтау үшін келесі бояу ертінділері қолданылады: индигокармин (ұрықтың өлі клеткаларын көк түске бояйды), йод (қылқанды ағаш түрлерінің тірі клеткаларын көкшіл-сұр түске бояйды), тетразол (тірі клеткаларды қызыл түске бояйды).Кейбір ағаштар мен бұталар түрлеріне тұқым өміршеңдігін анықтау шарттары 7 – кестеде келтірілген.

7-кесте. Тұқым өміршендігін анықтау шарттары

Ағаш не бұта түрінің атауы


Бояу


Концент-

рациясы,

%

Ұрықты бояуда ұстау мерзімі, сағат

Жарық түсу жағдайы

Кәдімгі өрік

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі бөрі қарақат

ИК

0,05

2

Ж

Шие (барлық түрлері)

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі алмұрт

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі шырша

ЙЙК

-

0,5

Ж

Шренк шыршасы

ИК

0,05

3

Ж

Үшкіржапырақты үйенкі

ТЗ

0,05

24

Қ

Татар үйенкісі

ИК

0,05

2

Ж

Ұсақжапырақты жөке

ИК

0,05

2

Ж

Сібір балқарағайы

ЙЙК

-

0,05

Ж




ИК

0,05

2

Ж

Сібір майқарағайы

ИК

0,05

2

Ж

Самырсын қарағай

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі қарағай

ЙЙК

-

0,05

Ж




ИК

0,05

2

Ж

Алма барлық түрлері

ИК

0,05

2

Ж

Кәдімгі шаған

ИК

0,05

2

Ж

Қысқартылған белгілер:

ИК – индигокармин;

ТЗ – тетразол;

ЙЙК – йод ерітіндісі;

Ж – жарықта;

Қ – қараңғыда.


Тұқымдарды талдауға дайындау
Таза тұқымдардан 400 данасын немесе ірі тұқымдардан 300 данасын бөлек-бөлек 100-ден санап аламыз.Олардың ұрықтарын шығарып алу алдында арнайы дайындықтан өткіземіз.Мысалға, үшкіржапырақты үйеңкі тұқымдарын қанаттарынан босатамызда 18-24 сағатқа суға ісіндіруге салып қоямыз.Алманың немесе алмұрттың тұқымдарын суда 3-4 тәулік бойы ұстаймыз.Қарағай мен шырша тұқымдарын 18-24 сағат суға саламыз, одан соң өсіру аппаратында 48 сағат ұстаймыз.

Ұрыққаптары немесе тұқым қабықтары қатты болғанда, олар суландыру алдында скарификацияланады немесе қатты қабықтарынан босатылады.


Индигокармин ерітіндісімен кәдімгі қарағай тұқым ұрықтарын бояу

  1. Таза тұқымдар тобынан 100 данадан 4 жеке жүздіктер санап алып, оларды 18 сағатқа әрқайсысын бөлек стакандарға ісінуге суға салып қоямыз. Тұқымдардың ұрықтарын шығару кезінде жарамсыз болып қалғандарын айырбастау үшін 5 – жүздік болғаны жөн,олар да бөлек суы бар стаканға салынады.

  2. Тұқым ішіндегі ұрықты алу үшін скальпельмен ұрықты бойлатып тұқымды ортасынан 1 мм –ге жанатып екіге бөлеміз.Ланцет өте өткір болуы керек және ұрықты алу кезінде өте сақтықпен,абайлап істеген жөн. Алынған ұрықтарды таза суы бар стаканға салып отырамыз.Механикалық жолмен зақымдалған тұқымдар есепке алынбайды,оларды 5-жүздіктегі тұқымдардан толықтырамыз.

  3. Стакандарға суды төгіп, орнына индигокармин ертіндісін құйып, 2 сағат осы бояуда ұстаймыз.

  4. Ұрықтарды 2 сағаттасын сумен шайып, жуамыз да талдауға шыны үстіне төгеміз.

Өміршеңді тұқымдарға ұрықтары боялмағандарын және ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен азы боялғандарын жатқызамыз.

Ал тіршілік нышаны байқалмайтын, өлі тұқымдарға – ұрықтарына қарап келесілерін жатқызамыз:

а) жарнақтары боялғандарын;

б) ортасында боялған белдіктері барларын;

в) ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен көбі боялғандарын;

г) толық боялғандарын.

Бұларға тұқымдары бос, шірігендері де әр жүздікбойынша қосылып, есепке алынады.

Тұқым өміршеңдігін орташа арифметикалық мәнін тауып, бүтін дәлдікпен проценттеп есептейміз:



Б

Ө = ---- х 100% , мұнда

Ж

Ө - тұқым өміршеңдігі,

Б – боялған ұрықтар саны,

Ж – жалпы тұқым саны.

Тұқым өміршеңдігін анықтауда бояуға алынған әр сынама нәтижелерінің айырмашылығы жоғарыда келтірілген (6 кесте) ауытқу мөлшерден аспауы керек.

Егер тұқым өміршеңдігі стандартта көрсетілген 3-топтан 5% төмен болған жағдайда, талдауды қайтадан жасайды.


Кәдімгі қарағай тұқымдарының ұрықтарын йодты калий ерітіндісімен бояу

1.Таза тұқымдардан талдауға 100 данадан 4 жүздігін бөлек-бөлек санап алып, бөлме температурасындағы суға 18 сағатқа салып қоямыз.

2.Содан кейін тұқымдардың ұрықтарында көбіре крахмал жиналуы үшін олардың әр жүздігін жеке өсіру аппаратында 48 сағат бойы ұстаймыз.



3.Тұқымдардың ұрықтарын әр жүздік бойынша найза тәрізді ланцетпен бөліп алып, су құйылған стакандарға саламыз.Ұрықтарды айырып болысымен стакандардағы суды төгіп, 20-30 минут ерітіндіде ұстаймыз.Оның құрамында 100 см3 тазаланған су, 1,3 г калий йоды және 0,3 г кристаллды йод.

Ұрықтарды бөлген кезде, олардың бостарын, шірігеннен өсе алмайтын тұқым сандарын есептейді.

4.20-30 минут уақыт өткеннен кейін бояу ерітіндісін еппен төгеміз де, ұрықтарды суда шайқап жуамыз, сосын ақ қағазға немесе шыныға төгіп, ұрықтардың боялғандарын және боялмағандарын санаймыз.

Өміршеңді тұқымдарға жататындардың ұрықтары:

а) қарадан сұр түске дейін толық боялады;

б) тамыршалары күнгірт немесе сұр түске, ал жарнақтары сарыға боялады;

Өміршеңсіз тұқымдарға жататындардың ұрықтары:

а) жарнақтары қара немесе сұр түске, ал тамыршалары – сарыға боялады;

б) тамыршаларының ұштары қара немесе сұр түске, ал ұрықтың қалған жерлері – сарыға боялады;

в) сары түске боялғандары.

Өміршеңсіз тұқымдар санына бос және шіріп кеткендерін қосамыз. Осыдан кейін тұқым партиясының өміршеңдік проценттін есептейміз.Нәтижелері талдау қағазына түсіріледі.
Құрал – саймандар мен материалдар:

1.Қолданылатын бояу ерітінділері

2.Бояуға және жууға арналған ыдыстар

3.Скальпельдер

4.Алдын – ала дайындалған тұқымдар

5.Тұқымдарды құрғатуға арналған фильтрлі қағаздар

6.Қоқыс салатын ыдыс.

N 8 – зертханалық жұмыс

ТҰҚЫМ САПАЛЫЛЫҒЫН КЕСУ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ.
Тұқым сапалылығы – деп кесу әдісі мен анықталатын сау тұқымдардың талдауға алынған тұқымдарға проценттік қатынасын айтамыз.

Бұл тәсіл тұқымдары өте баяу өнетін, өміршеңдігін табу әдістері әлі анықталмаған ағаш пен бұта түрлеріне қолданылады.Тұқым сапалылығы кесу арқылы анықталады, оны анықтаудың техникалық шарттары 8 – кестеде келтірілген.


8 – кесте. Тұқым сапалылығын анықтау шарттары

Ағаш пен бұта түрінің аты

Тұқымның кесу алдындағы дайындығы

Тұқым сапалылығының нышандары

Долана (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай немесе 4-5 тәулік суда ұсталып кесіледі

Ұрығы ақ түсті

Жүзген (барлық түрлері)

Бүтін тұқымдары 4 тәулік бойы суда жібітіледі

Ұрығы шымыр,ақ немесе ақсары түсті

Емен (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай кесіледі

Жарнақтары сау,қатты

Кәдімгі үшқат

Бүтін тұқымдары 3-4 тәулік суда ұсталады

Ұрығы шымыр,ақ түсті

Татар және шағанжапырақты үйеңкі

Қанатшаларымен бірге 1 тәулік суда жібітіледі және 20 градуста 20-30 күн бойы ылғалды құмда не ағаш үгіндісінде ұсталынады

Ұрығы шымыр, сары немесе ақсары түсті, майланбаған

Ат каштаны

Тұқымы құрғақтай немесе 2-3 тәулік суда ұстаған соң,кесіледі

Ұрығы ақ немесе ақсары түсті


Жаңғақ

Тұқымы құрғақтай немесе 5-6 тәулік суда ұсталып,кесіледі

Ұрығы шымыр, ақ немесе ақсары түсті

Пісте

Бүтін тұқымдары 3-5 тәулік суда жібітіледі

Ұрығы шымыр, ақшыл-жасыл немесе ақ сары түсті

Еменжаңғақтардың сапалылығын анықтау

Талдауға 100 данадан 3 жүздік шошқажаңғақтары санап алынады. Олардың әр қайсысының қабықтары аршылып, жарнақтары сызық бойымен скальпель арқылы екіге бөлінеді.

Әр бір осылай кесілген еменнің шошқажаңғақтары сапалылығы бойынша жарамды және жарамсыз – деп екі топқа бөлінеді.

Жарамды шошқажаңғақтарға жататындары:

а) жарнақтары қатты, жылтыр сарғыш-ақ немесе қызғылт түсті және тұқым тамыршасы мен алғашқы бүрі барлары;

б) күңғірт-қоңыр сызықшалар мен қара-көк дақтардың көлемі жарнақтардыың 1/4 бөлігінен аспағандары;

в) өскін мұрттары сынғаны мен сынбағандары, егер жоғарыдағы талаптарға сай болса.
Жарамсыздарға жататын шошқажаңғақтары:

а) жарнақтарының 1/4 бөлігінен көп жерінде қара-көкшіл дақ барлары және олар ұрық қасына өте жақын орналасқандары;

б) зиянкестермен зақымданғандары;

в) саңырауқұлақтармен зақымданғандары;

г) кеуіп, солып немесе босап кеткендері;

д) суық немесе ыстыққа ұшырағандары;

е) ұрығы өлгендері.

Тұқым сапалылығының есептеулері тұқым өнгіштігі мен өміршеңдігінің есептері сияқты жасалынады. Жұмыс аяғында «Шошқажаңғақтардың сапалылығын анықтау актісі» толтырылады.


Құрал – саймандар мен материалдар:

  1. Еменнің шошқажаңғақтары

  2. Скальпельдер

  3. Қоқыс салатын жәшік


N 9 – зертханалық жұмыс

ТҰҚЫМ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ САПАСЫ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАР
Талдау қағазы бойынша ең алдымен барлық графаларының орташа арифметикалық мәндері (әр бір бақылау күндерінде өскен тұқым саны, бүкіл талдау мерзімінде өскен тұқым саны,т.с.с.) есептелінеді.Содан соң мыналар:

1.Шаруашылықтық (техникалық) тұқым өнгіштігі - өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқым сандарына проценттік қатынасы бойынша есептелінеді:



п х 100

Шар.өнг.=----------- , мұнда

П

п - өскен тұқым саны,

П -өсіруге алынған тұқым саны.

Осы көрсеткіш пен тұқым тазалығы арқылы тұқым сапасының тобы анықталады.



2. Абсолюттік тұқым өнгіштігі – барлық бақылау мерзімінде өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқымдардың ұрықтары өнгендеріне проценттік қатынасы бойынша анықталады:

Бұл көрсеткіш әдетте ғылыми зерттеулерде қолданылады.


п х 100

Абс.өнг.= ----------- , мұнда

П - б

б – бос тұқымдар саны.



3. Өсу (өну) қуаты - өскен тұқымдардың проценттік санын көрсетеді, бірақта бүкіл мерзім бойынша емес, тек оның 1/2 - 1/3 бөлігінде. Мысалға, кәдімгі қарағайдың өнгіштігінің мерзімі 15 күн, ал өсу қуаты тек 7 күнде анықталады (5 кесте).

4. Тұқымның орташа тынымы (тыныштық сақтауы) – тұқымдардың өсу жылдамдығымен сипатталады.Оны мына формула бойынша есептейміз:
п х в +...+п х в

Т.о.т. = --------------------, мұнда

п1 + п2 + ... пп

п - өскен тұқым саны

в – бақылау күні
5.Шаруашылық жарамдылығы дегеніміз – орташа үлгідегі таза өнгіш тұқымдардың проценттік мөлшерінің көрсеткіші.Оны тұқым өнгіштігінің тазалығына көбейтіп және 100-ге бөліп есептейміз:
өнгіштік% х тазалық%

Шар.жар.= ---------------------------

100

Зерттелген тұқым партиясының шаруашылық жарамдылығы мен өсу қуаты тұқым талдау қағазының тиісті графаларына түсіріледі.Ал тұқым сапасының басқа көрсеткіштері талдау карточкасының бірінші бетіндегі бос шеттеріне жазылады.

Тұқымның шаруашылық өнгіштігі мен тазалығы бойынша, егер соңғысының мәні стандартта көрсетілгеннен кем болмаса, тұқым сапасының тобы анықталады (9 кесте).

Өнгіштігі бойынша стандартты, бірақ ластанған тұқымдар қайта тазартуға ұсынылады, ол туралы талдау қағазында көрсетіледі.

Стандартты тұқымдарға «Тұқым сапасы туралы куәлік» бланкасы, ал стандартқа сай емес тұқымдарға – «Тұқым талдау нәтижесі» толтырылады.

Тұқымдық сапасы туралы мөлшерлері анықталмаған тұқымдарға «Анықтама» қағазы беріледі.



9 – кесте. Тұқым сапасының тобын анықтау үшін стандарттық мөлшерлері (нормалары)


Тұқым түрінің атауы


Сапа тобы


Өнгіштігі,%тен кем емес

Өміршеңдігі, сапалылығы,%-тен кем емес

Тазалығы,%-тен кем емес

Кәдімгі қарағай

1

2

3



95

85

65



95

85

65


92


Кәдімгі шырша

1

2

3



85

75

60



85

75

60


90


Шренк шыршасы

1

2

3



80

65

50



80

65

50


93


Сібірлік балқарағай

1

2

3



70

55

40



70

55

40


93


Сібірлік майқарағай

1

2

3



45

30

20



45

30

20


80


Самарсын қарағай

1

2

3



-

-

-



85

70

50


96


Қотыр қайың

1

2

3



55

35

25



-

-

-


25


Кәдімгі шаған

1

2

3



-

-

-



85

70

50


90


Үйеңкі

1

2

3



-

-

-



85

75

60


93


Алма

1

2

3



-

-

-



90

80

65


93




N 10 – зертханалық сабақ
Тақырып: Қайың дәндерінің толық дәнділігін анықтау
Жұмыс мақсаты: негізгі түсініктерді, терминдерді игеру; толық дәнділік әдістерімен танысу; қайың дәндерінің толық толық дәнділігіне іс жүзінде талдау жүргізу.

Дәндердің толықтылығының мағнасы, егуге жарамдылық және сапалылықпен, бірдей.



Дәндердің толықтылығы – пайыздық көрсеткішпен есептелген, талдауға алынған барлық дәндердің жалпы санына қабығы толық дәндердің, сан қатынасы. Қайың дәндерінің толықтылығын анықтау үшін негізгі екі әдіс бар, оларды П.Л.Богданов пен С.Н.Новашин дайындаған.
І.Богданов әдісі (дәндерді езу).

Жұмыс тәртібі:

1.Оқытушыдан массасы 1 г қайыңның дәндер өлшемін алу керек.

2.Өлшемді екі фракцияға бөлу керек:

- таза дәндерге;

- қоспаларға.

3.»Таза» дәндердің пайызын мына формуламен анықтау керек:

М1

Т =--------х 100 , бұл жерде



М

Т – «таза» дәндер, %;

М1 - өлшемнің салмағы, г;

М – таза дәндердің салмағы, г.

4.Өлшенген таза дәндерді торланған бюкске салып 5 -10 минут қайнап жатқан суда ұстау керек;

5.Қайнатылған дәндерден 4 рет 100 данадан есептеп алынады.

6.Дәндерді төртке бөліп шыны үстіне салу керек.

7.Екінші шынымен дәндердің үстінен басу керек.

8.Езгенде толық дәндерден ақ ұрық (жарнақ пен тамырша) шығады, ал бос дәндер өзгермейді (олардан су шығады).

9.Толық дәнді тұқымдардың санын есптеу керек.

10.Төрт есептеудің орта арифметикалық мағнасын анықтау керек.

11.МСТ 13657-68 негізінде тұқымның сапа классын анықтау керек (10 кесте).
10 – кесте. Тұқымның сапа классын анықтау (МСТ 13857-68)


Түр аталуы

Класс

Өніштігі,% төмен емес

Тазалығы,% төмен емес

Қотыр қайың

1

2

3

55

35

25

25

25

25


12.Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерге істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек.
ІІ.Новашин әдісі (дәндерді күн сәулесінде қарау).

Жұмыс тәртібі:

1.Таза дәндер өлшемінен қайыңның 400 дәнін алу керек (100 данадан 4 рет).

2.Дәндерді бюкске салып үстінен спирт құйып 24 сағат ұстау керек.

3.Ұстау мерзімі өткеннен кейін 5-6 мг глицерин қосып тағы 1 тәулікке қалдыру керек (глицерин сіңген дәндер жылтыр болады).

4.Дәндерді жүздеп шыныға салып арнайы шыны немесе көзбен қарап есептейді, сосын дәндердің келесі түрлерін бөледі:

- толық дәндерді – дамыған дән қабықты толық толтырған;

- толық дамымаған – дамымаған дән;

- бос – қоңыр түсті ұрықтанбаған екі тұқым бүрісі көрінеді;

- аурулар немесе зиянкестермен зақымданған.

5.Төрт есептеудің орташа арифметикалық толық дәнділігін есептеу керек.

6.МСТ 13857-68 негізінде қайың дәндерінің сапа классын анықтау керек.

7.Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек.
Материалдар мен құралдар:

1.МСТ 13857-68 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

2.Қотыр қайыңның дәндері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 г;

3.Пинцеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. .. . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

4.Инелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

5.Талдау тақташалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана;

6.Торлы бюкстер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

7.Аспаптық шынылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 дана;

8.Спирт (96 %) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10-15 мг;

9.Глицерин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-6 мг;

10.Үлкейткіш шыны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 дана;

11.Электрлі таразы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана;

12.Электрлі плита . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . 1 дана;

13.Су құйылған ыдыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана.

1 – қосымша

П А С П О Р Т N
200__ ж.________________________________ дайындалған тұқым

/ айы, күні /

партиясына________________________________________________________

/ түрдін толық қазақша және латынша аты /

салмағы___________________________________________________________

/цифрмен/ / жазбаша /

1.Бұл тұқым партиясы _______________________________________________

_____________________________________________жиналған _____________

2. Шаруашылықтың байланыс адресі___________________________________

3.Шаруашылықтыңтелеграфтық адресі_________________________________

4.Тұқымдардың, жемістердің, бүршіктердің жинау мерзімі 200 __ ж._______

/айы, күні/

5.Тұқымдардың, жемістердің, бүршіктердің жинайтын орны (орман шаруашылығы, орманшылық, ж.т.б.)___________________________________

6.Плантацияның, учаскенің, орман екпесінің таксациялық сипаты:

құрамы ________бонитеті _____________орман типі___________ жас тобы

__________________________________________________________________

/ балауса, орта жастағы /

__________________________________________________________________

/ пісуге тайау, піскен /

Селекциялық тобы __________________________________________ Тұқымның ормандық құндылығы___________________________________ __________________________________________________________________

/әдеттегі, жақсартылған, таңдап-сұрыпталған/

Басқа мәліметтер ___________________________________________________

7. Таулы жағдайда көрсетілуге тиісті:

а) теңіз деңгейінің биіктігі __________________________________________

б) беткейі (шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік) __________________________

8.Тұқымдарды, жемістерді, бүршіктерді жинау алдында кім және қашан тексеру жүргізді: ___________________________________________________

9. Қандай әдіспен және қашан бүршіктерден тұқымдары алынған, кептіргіштің түрі, температура, т.б. ____________________________________

10. Қылқандардың тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмдер қолдану арқылы қанаттары сындырылып, тазартылды ___________________________

11. Құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен тұқымдары алынып, тазартылды ________________________________________________________

12. Тұқымдардың тазалауы қашан аяқталған ____________________________

/күні, айы, жылы/

13. Тұқым қайда сақталады __________________________________________

/жылы не суық қоймада, ұрада, траншеяда, т.б./

14. Қандай ыдыста сақталуда _________________________________________

/қаптар, жәшіктер, шыны ыдыстар, т.б./

15. Тұқымдар қай жылыдың жоспарына дайындалған ____________________

16. Тұқымдар қандай мақсатпен дайындалған ___________________________

/өз шаруашылықта ________________________________________________________________

пайдалануға, сатуға, тәжірибелік себуге, т.б./
М.О. Паспорт толтырған адамның қызметі және қолы

2 – қосымша
ТА Ң Б А
1. Тұқым түрінің атауы ____________________________________________

2. Тұқымның ормандылық құндылығы _______________________________

3. Шаруашылықтық ұйымның атауы _________________________________

/әдеттегі жақсартылған іріктелген/

_________________________________________________________________

4. Тұқым дайындау мерзімі _________________________________________

5. Паспорттың нөмірі және толтырылған күні _________________________

6. Бастапқы тұқым партиясының массасы _________________________ кг

7. Тұқым сақталатын ыдыс түрі және саны ____________________________

8. Ыдыстың реттік нөмірі ___________________________________________

9. Ыдыстағы тұқымның массасы _____________________________________

/алғашқы және кейнгісі тұқым,пайд.сайын/

10.Тұқым сапасы туралы куәлік нөмірі және берілген күні _______________

___________________________ тұқыдардың сапалық тобы ______________


Жарамдылық мерзімі : ____________________________________________

Тұқым сақтауға жауапты адамның

лауазымы және қолы _______________________________


3 – қосымша

Ағаш пен бұта тұқымдарының егістік сапасын тексеру үшін

орташа үлгілерді сұрыптау актісі
/шаруашылық, кәсіпорын аты/

/республика, облыс, аудан/

200__ж. ________________ мен _______________________________________

/айы, күні/ /кызметі, шаруашылық/

қатысуымен________________________________________________________

/кызметі, шаруашылық/

_________________________________________________________ сақтаулы

/әр кайсысының фамилиялары, аты-жөндері/

тұқымдарды қарап келесі партиялардан орташа үлгі сұрыптадық __________

/сақтау орны, шаруашылық, кәсіпорын/





№ реті

Тұқым түрінің

аты


Партиянының №

Тексеру №б.



Ыдыс түрі және орын№

Тұқым пар-ның,

Салмағы және тексеру бірлік



Салмағы,кг, паспорт көшірмесінің№, күні

Орташа үлгінің салмағы,г

Нешінші рет тұқымдар тексерулідде

Қайталап тексеруде тұқым сапасы туралы құжаттың № мен күнің көрсету қажет және бақылау станциясының атын көрсету керек































































































































































































Үлгілерді сұрыптау шарттарға сәйкес жүргізілді

Этикетка мен паспорт көшірмесіне енгізілген мәліметтер дұрыс

Сұрыпталған тұқым үлгілері _____________________________________

_______________________________________________________ жіберіледі

/тексеру станциясыны4 аты/


М.О. Қолтаңбалар:
Жіберушінің адресі: байланыстық ____________________________________

телеграфтық ____________________________________


Кепілдік. Осы тұқымдарды, үлгілер сұрыпталған күннен бастап, сақтау, араласып, өнгіштігін төмендетпеуге __________________________________

/шаруашылық аты/


тұқымдарды сепкенше не басқа кәсіпорындарға жібергенше жақсы жағдай жасауға міндет етеді.
М.О. Орман шаруашылығы пәнінен емтиханға сұрақтар.

№ 1


  1. Рельефтің орманға әсері.

  2. Желдің орманға пайдалы және зиянды әсері.

  3. Дәндерден және балақ шыбықтан қалыптасқан орманның айырмашылығы.

№ 2


  1. Қолдан жасалған және табиғи ормандардың жетістіктері мен кемшіліктері.

  2. Ормандардың табиғи сиректеуінің заңы.

  3. П. С. Погребняктің эдафикалық кестесі.

№ 3


  1. Орманның қазіргі уақыттағы мағнасы

  2. Рекреациялық ормандардың төзімділігін жоғарлату шаруаларының мағнасы.

  3. Әртүрлі ағаш тұқымдарына ауадағы зиянды қоспалардың әсері.

№ 4


  1. Таза және аралас ормандардың жетістіктері мен кемістіктері.

  2. Орманның топырақты қорғау маңызы.

  3. Ағаш бітімдерінің өміріндегі микоризаның орны.

№ 5


  1. Ұсақ жапырақтылардың болақ шыбық пен тамыр ойпалардан көбеюінің биологиялық және орман шаруашылық мағнассы.

  2. Әр жастағы ағаш бітімінің пайда болуы және дамуы.

  3. Ағаш тұқымдарының ауысу факторлары.

№ 6


  1. Ормандардың биікке оймақтануына әсер ететін факторлар

  2. Орман шаруашылығында орман типтері мен бонитет класстарының мағнасы.

  3. Орман жаңаруға төсеніштің, жарықтың және тамыр жүйесінің әсері.

№ 7


  1. Кесте ағаштарды тазарту тәсілдері мен мәселелері.

  2. Орман және ағаш тұқымдарының кейбір түрлеріне радиоактивтің әсері.

  3. Эталондық ормандардың ерекшеліктері.

№ 8


  1. Орман шаруашылығы деген не және оның басты мәселері.

  2. Таңдалған ормандағы жалпы кесудегі тұқымдық ағаштарды қаодыру саны.

  3. Орман типтерінде табиғи қалпына келуге себептер жасау.

№ 9


  1. Жаңа өсулердің биологиялық және орманшылық мағынасы.

  2. Авиахимиялық күтімді қолдану және оның мағынасы.

  3. Санитарлық кесулермен қоқыстарды жинау.

№ 10


  1. Орманның санитарлық – гигиеналық маңызы.

  2. Орман күтім кесуінің биологиялық және экономикалық ерекшеліктері.

  3. Күтім кесуін механизациялау мәселері.

№ 11


  1. Біртіндеп және талдап кесулердің тәсілдері.

  2. Күтім кесулерінің түрлері.

  3. Орман шаруашылығындағы тұқым шашқыштардың керек саны.

№ 12


  1. Арборицидтерді қолдану жолдары.

  2. Бөрікбоссыз және қысқартылған шаруашылық.

  3. Ағаш кеспелерін тазартқанда жас ағаштарды сақтау.

№ 13


  1. Орман шаруашылығындағы күтім кеспелерінің әдістері

  2. Піскен отырғылардағы кесу тәсілдері

  3. Күтім кесулерінің теориялық негіздері.

№ 14


  1. Орман өнімі мен орманды қалпына келтіруге керек орманда есептеу.

  2. Қарағайлы орманда күтім кесулерін жүругізу.

  3. Шырша мен қайыңның әртүрлі ормандардағы қарым – қатынасы.

№ 15


  1. Келісімді – жалпы кесулер.

  2. Фанера алу үшін өсірілген қайындарды кесу ерекшеліктері

  3. Г. Ф. Морозов бойынша орман қалыптастыратын факторлар.

№ 16


  1. Басты қолдануға кесулер ерекшеліктері.

  2. Балақ шыбықтардың өсуіне кесу мезгілінің, ағаштардың жасының, кесу биіктігінің әсері.

  3. В. Н. Сукачев пен Г. Ф. Морозовтың ілімдерінің ұқсастығымен айырмашылығы.

№ 17

  1. Біркелкі – бірқалыпты кесулерді қандай ормандарда жүргізеді.

  2. Жауын – шашын саны мен жер бетінен ағуға орманның әсері

  3. Орман типтері және орман өсімдіктері, олардың орман шаруашылығындағы мағынасы.

№ 18


  1. Күтім кесулерінің биологиялық негіздері

  2. Тұяқты жануарлар және жәндіктер мысалында орман мен фаунаның қарым – қатынасы.

  3. Павлодар облысынын ормандарының өнімділігін жоғарылату іс – шаралары.

№ 19


  1. Орман типтеріне, орман жаңарту әдістеріне және тағыда басқа сәйкес жалпы кесуден кейінгі тазарту.

  2. Ағаш және бұта тұқымдарының топырақты жақсарту қасиеттері.

  3. Ұзақ – жалпы кесу тәсілі.

№ 20


  1. Жалпы кесуде жас ағаштарды сақтау үшін ұйымдастыру және техникалық іс – шаралар.

  2. Орманның құрылымына рекреацияның әсері.

  3. Орманды күту кесулерінің мәселелері.

№ 21


  1. Еліміздегі орман шаруашылығының даму жолдары.

  2. Орман құрылымдарының бір – біріне әсері.

  3. Ылғалдың орман әсері.

№ 22


  1. Бұтақсыз дің өсіру үшін бұтақтарды кесу.

  2. Ағаш тұқымдары ауысып отыруға адамның әсері.

  3. Әртүрлі орман типтерінде кесуден киінгі болатын өзгерістер.

№ 23


  1. Ландшафтік кесулер.

  2. Г. Ф. Морозовтің орман туралы ілімі.

  3. Топтық – жалпы кесудің ұйымдастыру – техникалық ерекшеліктері.

№ 24


  1. Таза және аралас сүрекдіңнің өнімділігін күтім кесулерімен көбейту.

  2. Орман төсенішінің гидрологиялық маңызы.

  3. Басты кесу тәсілдеріне экономикалық бағалау.

№ 25

  1. «Орман қалпына келтіру» кесулері.

  2. Орман шаруашылығы теориясы мен тәжірибесіне орманның типтерінің мағынасы.

  3. Ағаш тұқымдарының экологиялық қасиеттері.


Лесоводство

Основная литература:



  1. Атрохин В.Г. Лесоводство и дендрология М: 1982

  2. Мелехов И.С. Лесоведение М:1980

  3. Набатов Н.М. Лесоводство М: 1997

Дополнительная литература:



4. Нестеров В.Г. Общие лесоводство М: 1954

5. Эйтинген Г. Р. Лесоводство М 6 1953
_____ (қолы)
жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау