7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ бару кезінде қатысқан адамдардың
актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары
немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) баруды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының қолтаңбасы көрсетіледі.
8. Бару нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда,
жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде
береді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар бару нәтижелері туралы актіге қоса беріледі,
бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
9. Бару нәтижелері туралы актінің бір данасы жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның
басшысына не олардың өкілдеріне танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде
шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін тапсырылады.
10. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою
мақсатында бақылау субъектісінің атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан
нұсқама шығарылады.
11. Бақылау субъектісі бару нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқаманы
алған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде
қолданылған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
12. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін субъектілерге бару мен тексеруді
есепке алу кітабында (ол болған кезде) тектерін, лауазымдарын және актіде жазылған
деректерді көрсете отырып, жүргізілетін әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
13. Бару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды
бұзушылықтар болмаған жағдайда, бару нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады,
нұсқама берілмейді.
14. Бақылау субъектісіне бару кезінде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету және
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап
етілмейді.
15. Бақылау субъектісіне бару еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп бекітетін өлшемшарттар және жүргізілетін
талдау мен бағалау нәтижелері бойынша бір тоқсанға (жарты жылға, бір жылға) жасалатын
бақылау субъектісіне бару тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
198-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік
еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге
асырылған кезде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс
беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған
мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік еңбек инспекторы әрекеттерге
(әрекетсіздікке) немесе актілерге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері
(шағымдары) бойынша шешім шығарылғанға дейін төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы
актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, олардың күшін жоюға не кері қайтарып алуға
құқылы.
199-бап. Ведомстволық есепке алу
Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тексерілетін субъектілерді (объектілерді)
тексерулер санын және бару арқылы жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де
нысандарын, тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қатысты
қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және
үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері ай сайын орталық және жергілікті
атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті
орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және аумақтық кәсіподақтар
бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Жұмыс берушілер қызметі өлшемдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының
талаптарына сәйкестігі олардың декларациялауға қатысу шарты болып табылады.
Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп
танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты беріледі, ол осы Кодексте
белгіленген ішінара тексерулерді және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін
бақылаудың өзге де нысандарын қалыптастыру кезінде ескеріледі.
22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ
201-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
ішкі бақылау
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбекті қорғауды
басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін байқауды
ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді
бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға келмейтін
анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.
2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
белгіленген талаптарды сақтау және анықталатын бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар
қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды
жүзеге асырады.
202-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі
1. Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды
жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол
уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін
құрады.
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
3. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере
отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа
маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында
көрсетілген маман:
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарап-
тексеруге;
2) қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның құрылымдық
бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі
профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы
орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында
көрсетілген маман:
1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен
себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және оларды