Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет5/43
Дата01.01.2018
өлшемі5,07 Kb.
#6585
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

      3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, 
акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру 
шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
      4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық 
қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу 
жүйесін бекітеді;
      5) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің республикалық
бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
      6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
      7) өзіне 
, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан 
Конституциямен
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу 
саласындағы құзыреті
      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асырады;
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы 
заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы 
жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
      3) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік 
басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;
      4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері 
бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторын тағайындауды келіседі;
      6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және
басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің 
өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      8) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен 
нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) 


салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау 
тәртiбiн белгiлейдi;
      9) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді
және бекітеді;
      10) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым 
мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және
келісу тәртібін белгілейді;
      11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым 
мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу 
жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
      12) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және 
өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
      13) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
      14) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және 
объективті жүргізілуін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік 
құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;
      15) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      16) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және 
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің 
тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, 
мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын 
әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
      16-1) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, 
жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, мамандар және басқа да 
қызметшілер лауазымдарының 
 әзірлейді және бекітеді;
біліктілік анықтамалығын
      16-2) барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар 
мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
      17) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және 
бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да 
қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік 
сипаттамаларын қарайды және келіседі;
      18) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы 
төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық 
беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, 
еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін (бұдан әрі – 
Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек 


жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі), сондай-ақ оларды беру тәртібін
айқындайды;
      19) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілеріне сәйкес, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құрады;
      20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелдерді 
бағалауды ұйымдастырады;
      21) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекітеді;
      22) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;
      23) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға 
конкурстар өткізу тәртібін айқындайды;
      24) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін 
арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      25) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекітеді;
      26) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын 
жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен 
қозғалтуының шекті нормаларын бекітеді;
      27) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің 
ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
      28) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені 
бекітеді;
      29) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау 
тәртібін айқындайды;
      30) жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, 
оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      31) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты 
әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;
      32) еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 
тәртібін айқындайды;
      33) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген 
тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш 
құралдарын беру тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, 
санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау