бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары
мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер
мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен
кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті
құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге,
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға,
әкімшілік жазалар қолдануға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс
орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай
келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген
мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым
салуға);
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің,
арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі
мен пайдаланылуына тыйым салуға;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау
арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен
заттарды талдау жасау үшін алуға;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау
беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс
берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті
құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар
жіберуге;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге
қатысуға;
12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша
талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі
бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды
жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 330-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
331-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге
асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы
және сапалы жүргізуге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды
қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың
өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар
енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды
анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде
ұсынымдар беруге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге
қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге
асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі
жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім
болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
түсіндіру жұмысын жүргізуге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге
асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға
міндетті.
332-бап. Жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы
бақылау жүргізген кездегі құқықтары мен
міндеттері
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына
түсініктемелер беруге;
2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен
құжаттарды бермеуге;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек инспекторының іс-
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен шағымдануға құқылы.
2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және үй-
жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым
қызметкерлерінің өкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін
қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не олардың
көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес
автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне
мүмкіндік жасауға;
3) мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға және
актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға;
4) тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау
жөнінде ақпарат беруге міндетті.
333-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері
Достарыңызбен бөлісу: |