3-2) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында аталған адаммен еңбек шарты
жасалған;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда
еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.
2. Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау үшін
қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, осы баптың 1-
тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын
тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа
ауысуға келісім берген кезде, еңбек
шартына тиісті өзгерістер енгізіледі.
3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда
тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерінде
өтемақы төлемін жүргізеді.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 371-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған
немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй
қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын
қоспағанда,
еңбек шартының тоқтатылуы
жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың
негізі көрсетілуге тиіс.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек
шартының тоқтатылған күні болып табылады.
4. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн
мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.
63-бап. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне
байланысты құжаттарды беру
1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын
немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті.
Еңбек шарты тоқтатылған күні еңбек кітапшасын қызметкердің болмауына не оны
алудан бас тартуына байланысты беру мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші он жұмыс
күні ішінде қызметкерге еңбек кітапшасын алуға келуінің қажеттілігі туралы немесе
оны поштамен жіберуге оның келісім беруі туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі
бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде
оның мамандығын
(біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете
отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы
мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да
құжаттарды беруге міндетті.
3. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші
- жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші, қызметкердің алдында берешегі
болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған
берешектің мөлшері туралы
тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
64-бап. Қызметкердің жеке деректері, оларды өңдеу
Ескерту. 64-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін
жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі міндеттері
Жұмыс беруші:
1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау
туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және
қорғауды қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық
актілерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметкердің
жұмысқа орналасуына, оқуына және
қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге
асыруға;
3) қызметкердің өңделетін дербес деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындау
кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Кодексті және Қазақстан
Республикасының өзге де
заңдарын басшылыққа алуға;
4) қызметкердің өзі не қызметкерге алдын ала хабарлаған және оның келiсiмiн
алған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар ұсынған дербес деректерді өңдеуге;
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау
туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің талап етуі бойынша қызметкердің дербес
деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
6) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы
заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызметкердің дербес
деректерін
сақтау тәртібін қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес
деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін белгілейтін жұмыс берушінің актісімен
таныстыруды қамтамасыз етуге;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша
келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламауға;
9) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген
адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің
нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін
ғана алу құқығы болуға және
олар құпиялылық режімін сақтауға тиіс;
10) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау
туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қызметкердің дербес деректерін
ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыруға;
11) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат берілген адамдарды
осы деректерді тек бұрын мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті екендігі
және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,
оларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес екендігі туралы ескертуге міндетті.
Жұмыс берушінің:
1) қызметкерден оның саяси, дiни және өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы
ақпаратты
талап етуге;
2) қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кәсiптiк одақтарға
мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
66-бап. Қызметкердің жеке деректерін сақтау
Ескерту. 66-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.