Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет41/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65

 
белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі 
болып табылады. 
 
       2. Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысы 
немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам 
зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен 
оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін. 
 
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 315
 (ресми жарияланған 
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   25-1-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, 
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер 
және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары 
қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері 
      Ескерту. Кодекс 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
 
      240-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
 
                  кәсіпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде,
 
                  ұлттық даму институттарында, ұлттық
 
                  холдингтерде және ұлттық компанияларда,
 
                  сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында жұмыста
 
                  болумен байланысты шектеу
 
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы 
холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық 
компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен 
байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа 
қабылдауға болмайды.
 
   25-2-тарау. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын 
қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері 
      Ескерту. Кодекс 25-2-тараумен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      240-2-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналына
 
                  жататын қызметкерлердің жұмыс уақыты мен
 
                  демалыс уақытының режимі
 
      Ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты азаматтық және эксперименттік 
авиацияның авиация персоналына жататын қызметкерлердің еңбегі «Қазақстан 
Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен және 
азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле 
отырып, жұмыс уақыты мен еңбек уақыты режимі ұзақтығының ерекше нормаларын 
белгілейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен 
реттеледі.
 
   26-тарау. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  
 ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      241-бап. Өздеріне қатысты еңбек қатынастарын реттеу 
 
                ерекшеліктері белгіленетін шағын кәсіпкерлік 
 
                субъектілері 
 
      Осы тарауда белгіленген еңбекті реттеу ерекшеліктері қызметкерлерінің орташа 
жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. 
 
      242-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін еңбек 
 
                шарттарының мерзімдері 
 


 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлермен еңбек шарттарын осы Кодекстің 
29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге 
жасаса алады. 
 
      243-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек 
 
                тәртіптемесінің ережелері 
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері еңбек тәртіптемесінің ережелерін дербес 
бекітеді. 
 
      244-бап. Жұмыс режимі 
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс беруші бекітетін кестеге сәйкес 
демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуды көздейтін жұмыс режимін белгілеуге, 
сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жөніндегі жалпы талаптарды сақтай отырып, жұмыс 
уақытының жиынтық есебін немесе жұмыс күнін бөліктерге бөлуді пайдалануға құқығы 
бар. 
 
      245-бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары 
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарын 
жұмыс беруші белгілейді немесе өзгертеді және еңбек шартын жасасу кезінде немесе 
оларды бекітуге кемінде бір ай қалғанда қызметкерлер назарына жеткізеді. Жұмысқа 
ақы төлеу шарттарын бекіту кезінде жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын 
біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ. 
 
      246-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік 
 
                әріптестікке қатысуы 
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысатын еңбек қатынастарына, егер жұмыс 
берушілер мен қызметкерлер келіссөздер жүргізу және осындай келісімдерге қол қою 
үшін тиісті ұйымдарға біріккен болса, келісімдердің күші қолданылады. 
 
      247-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек 
 
                қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 
 
                ұйымдастыру ерекшеліктері 
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 
ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негізінде жүзеге асыруы мүмкін. 
 
   27-тарау. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы мен 
мүшелерінің және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға 
(орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) 
қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері 
      Ескерту. 27-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      248-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының 
 
                еңбегін реттеудің құқықтық негіздері 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы 
Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттары мен еңбек шартына 
сәйкес жүзеге асырылады. 
 
      249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен 
 
                еңбек шартын жасасу 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға мүлкінің 
меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті 
органы Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптар 
келісімінде белгіленген мерзімге жасасады. 
 
      Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды 
тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша 
рәсімдер белгіленуі мүмкін. 
 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау