Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет44/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65

 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік 
субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының), шағын 
кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 
республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің республикалық 
бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
 
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін 
республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық негізде жүзеге 
асырылады.
 
      
Ескерту. 263-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      264-бап. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен 
келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз 
ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары 
үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.
 
      1-1. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету 
тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына жүктеледі.
 
       2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті 
өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың 
қатысушылары болып табылады. 
 
      3. Салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердiң салалық деңгейдегі өкiлеттi 
өкiлдерi болып табылады.
 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық 
ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.
 
      
Ескерту. 264-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      265-бап. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін 
консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін 
келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
 
      1-1. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету 
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
 
       2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер 
мен қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады. 
 
      3. Кәсіптік одақтардың аумақтық бiрлестiктері қызметкерлердiң өңірлік 
деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
 
       4. Мыналар: 
 
      1) облыстық деңгейде – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер 
палатасының өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері
шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
 
      2) қалалық, аудандық деңгейлерде – Қазақстан Республикасының Ұлттық 
кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық 
бірлестіктер өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып 
табылады.
 
      
Ескерту. 265-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 (алғашқы 


 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      266-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұйым деңгейінде 
 
                реттеу 
 
      1. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер 
жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, сондай-ақ ұжымдық 
шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін тараптар шешімі бойынша тең 
құқықтылық негізде тараптардың қажетті өкілеттіктер берілген өкілдерінен тұратын 
комиссиялар құрылады. 
 
      2. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс 
істейтін кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасайды. 
 
      3. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын 
қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, жұмыс беруші кәсіптік одақтың 
есеп-шотына қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік кәсіподақ жарналарын ай 
сайын аударады.
 
      
Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      267-бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, 
 
                өңірлік комиссияларды құрудың принциптері мен 
 
                тәртібі 
 
      1. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай 
принциптер: 
 
      1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс 
берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі; 
 
       2) тараптардың өкілеттілігі; 
 
       3) тепе-тең өкілдік ету; 
 
       4) тараптардың тең құқықтылығы; 
 
       5) тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады. 
 
       2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір 
тарапы дербес құрады. 
 
      268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың
 
                негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары
 
      1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын 
реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
 
      2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
 
      1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша 
әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу;
 
      2) келісімдерді әзірлеу және жасасу;
 
      3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және 
бекіту;
 
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты 
мәселелер бойынша консультациялар жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
 
      3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес 
жұмыс істейді. Комиссиялардың отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
 
      4. Республикалық комиссияның функциялары:
 
      1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын (әлеуметтік 
әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау және олар бойынша ұсынымдар 
шығару;
 
      2) атқарушы билік органдарына әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау