актілердің
сақталуын қамтамасыз ету, қызметкердің жұмысқа орналасуына, оқуына және
қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында жүзеге асырылады;
2) қызметкердің өңделетін жеке деректерінің көлемі мен мазмұны Қазақстан
Республикасының Конституциясына , осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге
де
заңдарына сәйкес айқындалады;
3) қызметкердің жеке деректерін оның өзі табыс етеді;
4) жұмыс берушінің қызметкерден оның саяси, діни және өзге де сенімдері мен
жеке өмірі туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ;
5) жұмыс берушінің қызметкерден оның қоғамдық бірлестіктерге, соның ішінде
кәсіптік одақтарға мүшелігі немесе олардағы қызметі туралы ақпарат талап етуге
құқығы жоқ;
6) жұмыс берушінің қызметкердің мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаған кезде
қызметкердің автоматтандырылған өңдеу немесе электрондық алу нәтижесінде алынған
жеке деректерін
негізге алуға құқығы жоқ;
7) жұмыс беруші қызметкердің жеке деректерін қорғауды Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
66-бап. Қызметкердің жеке деректерін сақтау
Жұмыс беруші ұйымдағы қызметкердің жеке деректерін сақтау тәртібін Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып белгілейді.
Қызметкердің жеке деректерін сақтау тәртібін белгілейтін жұмыс берушінің
актілерімен қызметкер таныстырылуға тиіс.
67-бап. Қызметкердің жеке деректерін беру
1. Қызметкердің жеке деректерін беру кезінде жұмыс беруші мынадай талаптарды
сақтауға:
1) қызметкердің жазбаша келісімінсіз оның жеке деректерін үшінші тарапқа
хабарламауға;
2) арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана қызметкердің жеке деректерін
алуға рұқсат етуге тиіс. Бұл ретте, аталған адамдар қызметкердің нақты функцияларды
орындау үшін қажетті жеке деректерін ғана алуға құқылы болып, құпиялылық режимін
сақтауға;
3) қызметкердің жеке деректерін ұйым шегінде беруді жұмыс берушінің қызметкер
таныстырылуға тиіс актісіне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
2. Қызметкердің жеке деректері берілген адамдар бұл деректер қандай мақсат
үшін хабарланса, сол мақсатта ғана пайдалануға тиіс және Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны үшінші тарапқа беруге
құқылы
емес.
68-бап. Қызметкердің жұмыс берушіде сақталатын жеке
деректерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы
құқықтары
Қызметкердің жұмыс берушіде сақталатын жеке деректерін қорғауды қамтамасыз
ету мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
қызметкердің жеке деректері бар жазбалардың көшірмелерін алу құқығын қоса алғанда,
өзінің жеке деректеріне
тегін қолжетімділігіне;
2) дұрыс емес немесе толық емес жеке деректерді, сондай-ақ осы Кодекстің
талаптарын бұза отырып өңделген деректерді алып тастауға немесе түзетуге;
3) бұрын қызметкердің дұрыс емес немесе толық емес жеке деректері берілген
адамдарға ол деректерге жасалған түзетулерді жұмыс берушінің хабарлауын талап
етуге;
4) жеке деректерін өңдеген кезде жұмыс берушінің жіберген іс-әрекеттері
(әрекетсіздігі) үшін сотқа шағым жасауға құқығы бар.
6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ
69-бап. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен
келісе отырып бекітеді.
2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу
уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын
реттеудің
өзге де мәселелері белгіленеді.
3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және
ережелерде реттеледі.
4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер
үшін міндетті болып табылады.
70-бап. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету
Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті
ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы
көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу
әдістерімен, сондай-ақ
тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану арқылы
қамтамасыз етеді.
71-бап. Еңбегі үшін көтермелеу
1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез
келген түрін қолдануға құқылы.
2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі
Қазақстан
Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек
шартында, ұжымдық шартта айқындалады.
72-бап. Тәртіптік жазалар
1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің
бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген
тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
73-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану және оған
шағым жасау тәртібі
1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.
2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша
түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас
тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды.
Қызметкер аталған
түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
3. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік
теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын,
оны жасаудың мән-жайларын,
қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын
ескеруге тиіс.
4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана
қолданыла алады.
5. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;
2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан