Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет23/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53

 
      4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа 
жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.
 
      
137-бап. Жалақыдан ұстап қалу
 
      1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
 
      2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның 
жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс 
берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.
 
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу 
процентінен аспауға тиіс.
 
      
138-бап. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты
 
                
алынбаған жалақыны беру
 
      Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
 
 
11-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
 
      
139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 
      1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік даярлау, 
қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім;
 
      2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби 
дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға 
бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
 
      3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны;
 
      4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен 
дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны.
 
      
140-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және
 
                
біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен
 
                
міндеттері
 
      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен 
біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.
 
      2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын 
өзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды 
және олардың біліктілігін арттыруды:
 
      1) тікелей ұйымда;
 
      2) бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
 
      3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін 
арттырудан өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек 
шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар жасауға міндетті.
 
      
141-бап. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру
 
                
ұйымдарында кәсіптік даярлау, қайта даярлау
 
                
және біліктілікті арттыру
 
      1. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды 
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына 
сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым 
салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
 
      2. Келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты 
жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.
 


 
      
142-бап. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта
 
                
даярлау және олардың біліктілігін арттыру
 
      1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың 
біліктілігін арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады.
 
      2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін 
арттыру нысандарын жұмыс беруші айқындайды.
 
      3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайды.
 
      
143-бап. Қызметкерлердің кәсіптік даярлау, қайта
 
                
даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі
 
                
құқықтары мен міндеттері
 
      1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, 
кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар.
 
      2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан 
өтетін қызметкерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты 
толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.
 
      3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан 
өтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген 
кепілдіктерді пайдаланады.
 
      4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан 
кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен 
өтеуге міндетті.
 
      5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі 
салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда 
қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс 
істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді.
 
      
144-бап. Оқыту шартының мазмұны
 
      1. Оқыту шарты:
 
      1) оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке сілтемені;
 
      2) жұмыс берушінің және оқитын адамның құқықтары мен міндеттерін;
 
      3) оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу 
мерзімін;
 
      4) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін;
 
      5) тараптардың жауапкершілігін қамтуға тиіс.
 
      2. Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар 
қамтылуы мүмкін.
 
 
12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
 
      
145-бап. Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік
 
                
кепілдіктер
 
      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:
 
      1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда 
тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;
 
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға және жұмыссыздар 
үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
 
      3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге;
 
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың 
жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
 
      5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс 
орындары туралы ақпараттар беруге;
 
      6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау