Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет33/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53

 
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
 
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
 
      4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік құпияны, 
қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге 
құқылы емес.
 
      
232-бап. Азаматтық қызметшіні басқа мемлекеттік
 
                
мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жұмысқа
 
                
ауыстыру
 
      Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары 
арасындағы келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) 
жұмысқа ауыстырылуы мүмкін.
 
      
233-бап. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау
 
      Азаматтық қызметшілер кәсіптік және біліктілік даярлығы деңгейін, іскерлік 
қасиеттерін айқындау мақсатында аттестаттаудан өтеді.
 
      Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті 
қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
 
      
234-бап. Азаматтық қызметтегі жоғарылату
 
      1. Азаматтық қызметшілердің қызметтегі жоғарылауы оларды жоғары лауазымға 
ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
 
      2. Біліктілік деңгейі жоғары және жұмыс тәжірибесі бар, өзінің кәсіптік, 
біліктілік деңгейін үнемі арттырып отыратын азаматтық қызметшілер азаматтық қызмет 
бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады.
 
      
235-бап. Азаматтық қызметшілердің біліктілігін арттыру
 
                
және оларды қайта даярлау
 
      1. Азаматтық қызметшілер кәсіптік білімі мен дағдыларын тереңдету, кәсіптер 
мен мамандықтар алу мақсатында тиісті білім беру ұйымдарына жіберілуі мүмкін.
 
      2. Азаматтық қызметшінің оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуі, өндірістен 
(жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда, жіберуші 
ұйымның қаражаты есебінен төленеді.
 
      Азаматтық қызметшінің оқуы кезінде оның атқаратын лауазымы, кепілдіктері мен 
өтемақы төлемдері сақталады.
 
      3. Біліктілігін арттырудан немесе азаматтық қызмет бейініне сәйкес келетін 
мамандық бойынша қайта даярлаудан өтіп жатқан азаматтық қызметшілерге ақылы оқу 
демалысы беріледі.
 
      
236-бап. Азаматтық қызметшілерді көтермелеу
 
      Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі 
және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық 
белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін азаматтық қызметшілер:
 
      1) азаматтық қызметтегі жоғарылатумен;
 
      2) ақшалай сыйақымен;
 
      3) алғыс жариялаумен көтермеленуі мүмкін.
 
      Ұжымдық шартта көтермелеудің басқа да шаралары көзделуі мүмкін.
 
      
237-бап. Азаматтық қызметшілерге басқа жерге жұмысқа
 
                
ауысуы кезінде берілетін кепілдіктер мен
 
                
өтемақы төлемдері
 
      Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік мекемемен (қазыналық кәсіпорынмен) бірге 
қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша басқа жерге (басқа елді мекенге) 
жұмысқа ауысу кезінде:
 
      азаматтық қызметшінің өзінің және оның отбасы мүшелерінің жұмыс орнына 
дейінгі жолақысының құны (мемлекеттік мекеме (қазыналық кәсіпорын) тиісті қозғалыс 
құралын беретін жағдайлардан басқа);
 


 
      мүлікті тасымалдау шығыстары;
 
      жолда болған әр күн үшін тәуліктік шығыстар;
 
      атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшеріндегі біржолғы 
жәрдемақы;
 
      жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндері үшін, бірақ алты күннен 
аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшін жалақысы төленеді.
 
      
238-бап. Азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу
 
      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне 
ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 
      2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік 
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне, 
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті өкілді 
органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен қызметтің, осы түрлерімен 
қалалық жағдайда
 
айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 
кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар 
белгіленеді.
 
      3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік 
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін 
жергілікті өкілді органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.
 
      
239-бап. Азаматтық қызметшілерге берілетін демалыс
 
      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық 
жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 
күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 
Азаматтық
 
қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
 
      Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының 
заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзімді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы белгіленуі 
мүмкін.
 
      2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшілерге жұмыс берушімен 
келісім бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау
оқу бітіру емтихандарын тапсыру кезеңіне ақылы оқу демалыстары беріледі.
 
      
Ескерту. Осы Кодекстің 239-бабы 1-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 
 
қолданысқа 
 енгізіледі.
 
      
240-бап. Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын
 
                
тоқтатудың қосымша негізі
 
      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген 
негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңында 
белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі 
болып табылады.
 
      2. Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы зейнеткерлік жасқа 
жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке 
қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін.
 
 
26-тарау. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
 
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
241-бап. Өздеріне қатысты еңбек қатынастарын реттеу
 
                
ерекшеліктері белгіленетін шағын кәсіпкерлік
 
                
субъектілері
 
      Осы тарауда белгіленген еңбекті реттеу ерекшеліктері қызметкерлерінің орташа 
жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады.
 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау