Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51

орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі және одан кері 
қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік кезеңдегі жұмыс уақытының 
жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс. 
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңінде бӛліп 
беруге жол берілмейді. 
      4. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін әрбір қызметкердің 
жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебін ай бойынша және барлық есептік кезең 
бойынша жүргізуге міндетті. 
 
22-тарау. ҤЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
214-бап. Ҥй қызметкерлерімен еңбек шартын жасасу және
 
                
тоқтату ерекшеліктері
 
      1. Үй қызметкерлері деп жұмыс беруші - жеке тұлғалардың үй 
шаруашылығында жұмыстар (қызмет кӛрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады. 
      2. Жұмыс беруші үй қызметкерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек 
қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кітапшасына оның жұмысы 
туралы мәліметтер енгізбейді. 
      3. Үй қызметкерінің еңбек қызметі еңбек шартымен расталады. 
      4. Үй қызметкерімен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша 
ескертудің мерзімі, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты ӛтемақы тӛлеу 
жағдайлары мен мӛлшері еңбек шартында белгіленеді. 
      
215-бап. Ҥй қызметкерлерінің жҧмыс уақыты мен тынығу
 
                
уақытының режимі
 
      1. Үй қызметкерлеріне осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен тынығу 
уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады. 
      2. Үй қызметкерінің жұмыс режимі, оларға демалыс күндерін, жыл сайынғы 
ақылы еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгі уақытта, демалыс 
және мереке күндері жұмысқа тарту тәртібі еңбек шартында айқындалады. 
      
216-бап. Тәртіптік жазаны қолдану және алып тастау
 
                
тәртібі
 
      Үй қызметкеріне қатысты тәртіптік жазаны қолдану және алып тастау 
тәртібі еңбек шартымен айқындалады. 
      
217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу
 
      Үй қызметкері мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек даулары 
тараптар келісімімен және (немесе) сотта шешіледі. 
      
218-бап. Ҥй қызметкерімен еңбек шартын бҧзу
 
      Үй қызметкерімен еңбек шартын бұзу еңбек шартында кӛзделген негіздер 
бойынша жүргізіледі. 
 
23-тарау. ҤЙДЕ ЖҦМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
219-бап. Ҥйде жҧмыс істейтін қызметкерлер
 
      1. Жұмыс берушімен жұмысты ӛз материалдарымен және ӛзіндік немесе жұмыс 
беруші бӛліп беретін не жұмыс беруші қаражаты есебінен сатып алынатын 
жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегімен 
орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін қызметкерлер 
деп есептеледі. 
      2. Қызметкердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол 


сияқты еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек шартына тиісті 
ӛзгерістер енгізе отырып белгіленуі мүмкін. 
      
220-бап. Ҥйде жҧмыс істейтін қызметкерлердің еңбек
 
                
жағдайлары
 
      1. Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы 
келмейтін және оларды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жӛніндегі талаптар қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін. 
      2. Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында: 
      1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші 
бӛліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын 
жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып 
орындау; 
      2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, 
жартылай дайын ӛнімдермен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері; 
      3) дайын ӛнімді алып шығу тәртібі мен мерзімдері; 
      4) қызметкерге тӛленетін ӛтемақы және ӛзге де тӛлемдер туралы талаптар 
міндетті түрде кӛзделуге тиіс. 
      
221-бап. Ҥйде жҧмыс істейтін қызметкерлердің жҧмыс
 
                
уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек
 
                
қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз
 
                
ету жағдайлары
 
      Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің 
жұмыс уақыты режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және 
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы 
талаптардың сақталуы жӛніндегі жағдайлар еңбек шартында белгіленеді. 
 
24-тарау. МҤГЕДЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
222-бап. Мҥгедектердің еңбек ету қҧқығын іске асыруы
 
      1. Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін 
пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере 
отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы. 
      2. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы 
бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не 
оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер 
тӛндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын 
жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын 
ӛзгертуге тыйым салынады. 
      
223-бап. Мҥгедек қызметкерлердің еңбек жағдайлары
 
      1. Еңбекті нормалау, еңбекке ақы тӛлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, 
жұмыс режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, техникалық, 
санитарлық, гигиеналық, ӛндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар 
келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың ӛзге де жағдайлары басқа 
қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата 
немесе құқықтарын шектей алмайды. 
      2. Мүгедектер еңбегін ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті 
еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. 
      3. Жұмыс істеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келісімдерде, жұмыс 
берушінің актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленген 
қосымша кепілдіктер берілуі мүмкін. 
      4. Жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген мүгедектердің толық емес жұмыс 
уақыты режимі, жүктемені азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы 
медициналық қорытындыларды орындауға міндетті. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау