Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51

шартын еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды. 
      
204-бап. Ауыр жҧмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
 
                
(ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
 
                
жҧмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне
 
                
ақы тӛлеу
 
      Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті 
жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы тӛлеу қалыпты еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы тӛлеумен 
салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе 
қосымша ақылар белгілеу жолымен жоғарылатылған мӛлшерде, бірақ Қазақстан 
Республикасының заңнамасында, салалық келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда 
еңбекке ақы тӛлеудің ең тӛменгі стандарттарына негізделіп белгіленгеннен 
тӛмен емес мӛлшерде белгіленеді. 
      Ӛндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ 
ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе 
отырып айқындайды. 
      Осы бапта белгіленген еңбекке ақы тӛлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше 
зиянды), қауіпті жағдайлардағы еңбегі жұмыс орындарын аттестаттау 
нәтижелерімен расталған қызметкерлерге қолданылады. 
      
Ескерту. Осы Кодекстің 204-бабы 2008 жылғы 1 қаңтардан 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі.
 
      
205-бап. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын
 
                
қамтамасыз ету
 
      Ұйым қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтіннен тӛмен 
емес нормаларда арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да дара қорғану 
құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық 
тағамдары беріледі. 
 
20-тарау. МАУСЫМДЫҚ ЖҦМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
 
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
206-бап. Маусымдық жҧмыстар
 
      Климаттық немесе ӛзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ 
бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп 
танылады. 
      
207-бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу
 
                
ерекшеліктері
 
      1. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу 
туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңі кӛрсетілуге тиіс. 
      2. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде 
қызметкердің ӛзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатындағы 
сынақ мерзімі белгіленбейді. 
      
208-бап. Маусымдық жҧмыстарда істейтін қызметкерлермен
 
                
еңбек шартын жҧмыс берушінің бастамасы бойынша
 
                
бҧзудың қосымша негіздері
 
      Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен еңбек шарты, осы 
Кодекстің 54-бабында кӛзделген негіздерден басқа: 
      1) жұмыс берушідегі жұмыстар ӛндірістік сипаттағы себептер бойынша екі 


аптадан артық мерзімге тоқтатылған; 
      2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бір ай 
бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы 
мүмкін. 
      
209-бап. Маусымдық жҧмыстарда істейтін қызметкерлермен
 
                
еңбек шартын бҧзу тәртібінің ерекшеліктері
 
      1. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкер, бұл туралы жұмыс берушіні 
күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын ӛз 
бастамасы бойынша бұзуға құқылы. 
      2. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерді еңбек 
шартының осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында 
кӛзделген негіздер бойынша бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын 
жазбаша ескертуге міндетті. 
      3. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шарты бұзылған 
кезде, жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін ӛтемақы тӛлемін жұмыс 
істелген уақытқа барабар тӛлейді. 
      4. Маусымдық жұмыста істейтін қызметкермен еңбек шарты ұйымның 
таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты 
тоқтатылған кезде екі апталық орташа жалақы мӛлшерінде демалыс жәрдемақысы 
тӛленеді. 
 
21-тарау. ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҦМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
 
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
210-бап. Вахталық әдіспен жҧмыс істеу ерекшеліктері
 
      1. Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын 
қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен 
тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. 
      2. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс 
ӛндірісі объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету 
үшін тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ 
жұмыс орындау жағдайларымен және 
ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге міндетті. 
      Жұмыс беруші қызметкердің жұмыс ӛндірісі объектісінде болу жағдайларын 
еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етеді. 
      
211-бап. Вахталық әдіспен жҧмыс істеуге қойылатын
 
                
шектеулер
 
      Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған 
қызметкерлер, жүкті әйелдер, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер 
жіберілмейді. Ӛзге қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды 
негізінде олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдіспен орындалатын 
жұмыстарға тартылуы мүмкін. 
      
212-бап. Вахтаның ҧзақтығы
 
      1. Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын 
қамтитын кезең вахта деп есептеледі. 
      2. Вахтаның ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. 
      
213-бап. Вахталық әдіспен жҧмыс істеу кезінде жҧмыс
 
                
уақытын және тынығу уақытын есепке алу
 
      1. Жұмыстың вахталық әдісі кезінде айлық, тоқсандық немесе ӛзге де 
неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының 
жиынтық есебі белгіленеді. 
      2. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау