4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар,
бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік
тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс
берушінің еңбек саласындағы актілері
1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге
де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық
шартта реттеледі.
2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, еңбек
шартының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен
салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады
және қолданылмауға тиіс.
3. Келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты
тәртіппен өзгертілмейді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-бап. Жұмыс берушінің актілері
1. Жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер
шығарады.
2. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда,
қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер
шығарады.
3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық
шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы
баптың 2-тармағында көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз
болып табылады және қолданылмауға тиіс.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде
қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру немесе
олармен келісу тәртібі
1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген
жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе
отырып актілер шығарады.
2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша
негіздемені қызметкерлердің өкілдеріне ұсынады.
3. Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс
күнінен асырмай қызметкерлердің өкілдері талқылайды.
4. Қызметкерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда
қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні)
көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады.
5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына
келісім болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып
өзгертілген акт шығарады;
2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар
өткізуге құқылы.
6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет
болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда,
туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші акт
қабылдауға құқылы.
7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған
кезде қызметкерлер өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы
рәсімін бастауға құқылы.
8. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте,
еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін
бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келісімдерде
белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе
күндермен есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға
тиіс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі.
3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы
белгіленген күнтізбелік күннен кейінгі күні басталады.
4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың,
айдың, аптаның тиісті күндері бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің бітуі
тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні бітеді.
Күнтізбелік апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер
де қосылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес
күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып
есептеледі.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰЗЫРЕТІ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2)
алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3)
алынып тасталды - 2009.07.17
N 188-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз) Заңымен;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және
мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
5)
алынып тасталды - ҚР 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін,
оны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды;
7) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |