1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кірген) кезде қызметкер тиісті
құжатты ұсынған күннен бастап;
2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты
қайтарып алған кезде;
3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ
сот қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе
хабарсыз кетті деп таныған жағдайда;
4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі
деп таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі
болмайтын жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда
тоқтатылуға тиіс.
2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс
болған күні осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер
бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас
тартқан кезде еңбек шартын тоқтату негіздері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен
еңбек шарты:
1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас
тартқан;
2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан
бас тартқан;
3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты
жалғастырудан бас тартқан;
4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік
ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген
кезде қызметкер уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға
жатады.
2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан
кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.
3. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі және
босануы бойынша) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-
жайлар бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
60-бап. Қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға)
ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына
байланысты еңбек шартын бұзу
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды атқаратын
адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса,
қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға
тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады.
Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа
(лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады.
61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы
салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін болғызбаса:
1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы
келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған;
2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару
құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты
орындауға еңбек шарты жасалған;
3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай
немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып
тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек
шарты жасалған;
3-1) осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында аталған адаммен еңбек шарты
жасалған;
3-2) осы Кодекстің 26-бабының 3-тармағында аталған адаммен еңбек шарты
жасалған;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда
еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.
2. Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау үшін
қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, осы баптың 1-
тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын
тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келісім берген кезде, еңбек
шартына тиісті өзгерістер енгізіледі.
3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда
тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерінде
өтемақы төлемін жүргізеді.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29
N 371-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған
немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй
қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы
жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың
негізі көрсетілуге тиіс.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек
шартының тоқтатылған күні болып табылады.
4. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн
мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.
63-бап. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне
байланысты құжаттарды беру
1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын
немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті.
Еңбек шарты тоқтатылған күні еңбек кітапшасын қызметкердің болмауына не оны
Достарыңызбен бөлісу: |