Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет28/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

 
      141-бап. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру 
 
                ұйымдарында кәсіптік даярлау, қайта даярлау 
 
                және біліктілікті арттыру 
 
      1. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды 
кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына 
сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым 
салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. 
 
       2. Келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты 
жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін. 
 
      142-бап. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта 
 
                даярлау және олардың біліктілігін арттыру 
 
      1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың 
біліктілігін арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады. 
 
       2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін 
арттыру нысандарын жұмыс беруші айқындайды. 
 
      3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайды. 
 
      143-бап. Қызметкерлердің кәсіптік даярлау, қайта 
 
                даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі 
 
                құқықтары мен міндеттері 
 
      1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, 
кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар. 
 
       2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан 
өтетін қызметкерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты 
толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін. 
 
       3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан 
өтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген 
кепілдіктерді пайдаланады. 
 
       4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан 
кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен 
өтеуге міндетті. 
 
       5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі 
салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда 
қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс 
істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді. 
 
      144-бап. Оқыту шартының мазмұны 
 
      1. Оқыту шарты: 
 
       1) оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке сілтемені; 
 
       2) жұмыс берушінің және оқитын адамның құқықтары мен міндеттерін; 
 
       3) оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу 
мерзімін; 
 
       4) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін; 
 
       5) тараптардың жауапкершілігін қамтуға тиіс. 
 
       2. Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар 
қамтылуы мүмкін. 
 
   12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ  
      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік 
 
                кепілдіктер 
 
      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 
 
       1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда 


 
тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге; 
 
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және 
жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік 
даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар 
үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
 
       2-1) 
күші жойылды - ҚР 2009.05.05 
N 159-IV
 (2011.01.01 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен;
 
      3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге; 
 
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың 
жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға; 
 
       5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс 
орындары туралы ақпараттар беруге; 
 
       6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды 
даярлауға бағдарлауға; 
 
      7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 
құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге; 
 
       8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге 
және іске асыруға; 
 
       9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс 
орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін 
белгілеуге; 
 
       10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей 
ұйымдарда жағдай жасауға; 
 
       11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара 
іс-қимылына; 
 
       12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 
жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді. 
 
        
Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.05. 
N 159-
IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз); 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы 
 
                құқықтары 
 
      Азаматтардың: 
 
       1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың 
жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 
органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы 
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға; 
 
       2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс 
іздеуге және жұмысқа орналасуға; 
 
       3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға; 
 
       4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар. 
 
      147-бап. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі 
 
                құқықтары мен міндеттері 
 
      1. Жұмыс берушінің: 
 
       1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға; 
 
       2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының 
жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел 
ақпарат алуға құқығы бар. 
 
      2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға: 
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау