6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті
жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) тараптардың жауаптылығы;
13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін ескере
отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
29-бап. Бейбәсекелестік туралы шарт
1. Тараптардың келісімі бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бейбәсекелестік туралы
шарт жасалуы мүмкін, онда жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асырмау
туралы жұмыскердің міндеттемесі көзделеді.
2. Бейбәсекелестік туралы шартта оларды қабылдау шектері мен жағдайлары белгіленеді,
сондай-ақ бейбәсекелестік туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, осы жағдай қолданылатын кезеңге өтемақы белгіленуі мүмкін.
3. Бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскер атқаратын немесе орындайтын
лауазымдардың және жұмыстардың тізбесі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
30-бап. Еңбек шартының мерзімі
1. Еңбек шарты:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) осы тармақтың
, ),
және
белгіленген жағдайлардан басқа, бір
3)
4
5)
6) тармақшаларында
жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес
белгілі бір мерзімге ұзартуға құқылы.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс
күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабардар етпесе, осы Кодекстің
51-бабының
көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге
2-тармағында
ұзартылған деп есептеледі.
Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны
екі реттен аспайды.
Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп
есептеледі;
3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің
204-бабынан
қараңыз.
6) жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік жұмыскерге жұмысқа
орналасуға берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы баптың 1-тармағының
көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.
2) тармақшасында
3. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты мемлекеттік органның басшысы
айқындайтын мерзімге жасалады.
4. Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
тұлғаның уәкілетті органы немесе ол уәкілеттік берген тұлға заңды тұлғаның атқарушы органының
басшысымен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңдарында, тараптардың құрылтай құжаттарында
немесе келісімінде белгіленген мерзімге және тәртіппен жасасады.
Егер заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен жасалған еңбек шартының қолданылу
мерзімі өткен жағдайда, тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін
соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты
құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не
заңды тұлғаның уәкілетті органы жаңа басшыны не сол адамның өзін сайлау (лауазымға тағайындау,
бекіту) туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге, егер көрсетілген шешімде ұзартудың өзге
мерзімі айқындалмаған болса, ұзартылады.
5. Зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек
шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағы
2) тармақшасының
төртінші бөлігінде көзделген шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.
31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
2. Еңбек шарты:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес
жасқа толған азаматтармен;
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты
орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде
денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (
немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың
айқындалған талаптарды сақтай
2) тармақшасында
отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
3. Осы баптың
айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған
2-тармағында
адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға
тиіс.
32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар
1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
1) жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк)
қажет.
Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;
2) тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде
білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге
міндетті адамдар үшін) қажет.
2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және
сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету,
мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана