45-бап. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру. Лауазым
(жұмыс) атауының өзгеруі
1. Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде
басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа
механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап етілмейді.
2. Жұмыскер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайтын жұмыскер лауазымының (
жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші
жұмыскердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.
46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі
1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті
ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына
байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне
, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол
беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер
енгізіледі.
2. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс
беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының осы баптың
көрсетілген себептер бойынша орын
1-тармағында
алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге
міндетті.
3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде
бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы
2)
1-тармағының
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар жұмыскерлердің санын немесе штатын
қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда, жұмыс берушінің жұмыс орындарын сақтап қалу
мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар.
47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі
өзгерген, заңды тұлға акцияларының (қатысу
үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші
заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кездегі еңбек
қатынастары
Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға акцияларының (қатысу
үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайларда
жұмыскерлермен еңбек қатынастары өзгеріссіз жалғаса береді.
48-бап. Жұмыстан шеттету
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші тиісті
уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
2. Жұмыс беруші осы баптың
көзделген жағдайлардан басқа:
1-тармағында
1) жұмыста алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында
болған немесе жұмыс күні ішінде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері
жөнінде білімін тексеру бойынша емтихандар тапсырмаған;
3) жұмыс беруші берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарын пайдаланбаған;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын болса,
медициналық қарап-тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген;
5) жұмыскер еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін қажетті көлік құралын басқару
құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан айырылған жағдайда;
6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі авариялық ахуал туғызуға, еңбекті қорғау,
өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе
әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.
3. Толық материалдық жауаптылықты өзіне алғаны туралы жазбаша шарттың негізінде
жұмыскерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген
жұмыскерді жұмыс берушінің жұмыстан шеттетуге құқығы бар.
4. Жұмыстан шеттету кезеңінде жұмыскердің жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша
қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленбейді.
5. Жұмыскерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және (
немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жұмыс берушінің актісімен жүзеге асырылады.
6. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда жұмыскердің жалақысы
сақталады.
49-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері
Еңбек шартын тоқтату үшін негіздер:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты;
5) жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
6) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
7) жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, жұмыскердің
сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа
шығаратын лауазымға тағайындалуы;
9) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы болып табылады.
50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу
тәртібі
1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
2. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға ниет білдірген, еңбек шартының бір
тарапы еңбек шартының екінші тарапына хабарлама жібереді.
Хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы
жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні жұмыскер мен жұмыс берушінің
арасындағы келісім бойынша айқындалады.
3. Еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша жұмыс берушінің осы баптың
2-тармағында
белгіленген талаптарды сақтамай, өтемақы төлемін алумен еңбек шартын бұзу құқығы көзделуі
мүмкін, оның мөлшері еңбек шартында айқындалады.
51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату
тәртібі