Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет63/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

 
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану 
туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
 
      5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-
тармағында көрсетілген маман:
 
      1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі 
мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге;
 
      2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның 
қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
 
      3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртібінің 
сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
 
      Ескерту. 339-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
 
                  қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
 
      1. Жұмыс берушінің және (немесе) қызметкердің не олардың өкілдерінің 
бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет 
(комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының 
өкілдері немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері тең құқылы негізде кіреді.
 
      2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмыс 
беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік 
жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын 
ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің 
қорғалуына тексеру өткізуді және қызметкерлерді көрсетілген тексерулердің 
нәтижелері туралы хабардар етуді, ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау 
туралы бөліміне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.
 
      
Ескерту. 39-тарау 339-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
   40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ  
 САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ  
      340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық 
 
                бақылау 
 
      1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық 
бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің 
жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық 
инспектор жүзеге асырады. 
 
      2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда 
еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және 
ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.
 
      3. Жұмыс берушілер анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты алған күннен 
бастап бес жұмыс күні ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторға осы 
талапты қарау нәтижелері және қолданылған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
 
      Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор осы Кодекстің 341-бабында 
көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау қызметімен (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманмен), 
мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл жасайды.
 
      
Ескерту. 340-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық 
 
                инспекторлардың құқықтары 
 


 
      Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың: 
 
       1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында 
қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жөніндегі келісімдерді, 
ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушілер алдында 
қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға; 
 
      2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік еңбек 
инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін 
кешенді тексерулерге қатысуға;
 
      2-1) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын 
өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, қызметкерлердің жұмыс орындарына кiруге;
 
       3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз 
функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен 
түсініктемелер алуға; 
 
       4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау 
бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға және 
тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды 
жою туралы ұсыныстар енгізуге; 
 
       5) өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын сынақтан өткізу және 
пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға; 
 
       6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға, 
оларға өз ұсыныстарын енгізуге; 
 
       7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 
заңнамасының, еңбекті қорғау бөлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерінің 
бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі 
жұмыс берушілерді және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы 
талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге; 
 
       8) еңбек жағдайларының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде 
және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде орындалмауына байланысты еңбек 
дауларын қарауға қатысуға; 
 
      9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы немесе 
денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды өтету құқықтарын 
қорғау үшін әрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына 
қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің өтініші бойынша талап қойып 
соттарға жүгінуге құқығы бар.
 
      
Ескерту. 341-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      Қазақстан Республикасы 
 
      Президенті 
 
 
 
 
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат 
орталығы" ШЖҚ РМК 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау