1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі
туралы;
2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды
болғызбау
жөніндегі іс-шаралар туралы;
4) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы, оның
ішінде:
саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
салалық арттырушы коэффициенттерді;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда
істейтін қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
5) салалық біліктілік шеңберін бекіту тәртібі туралы;
6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру және
оның
қызмет тәртібі туралы;
7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі
кеңесті қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
8) келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін
байқаушылар тобын қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы;
9) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру орталығын
қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
6. Өңірлік келісімдерде:
1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды
болғызбау жөніндегі іс-шаралар туралы;
4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге
жәрдемдесу туралы;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға
бағытталған
шараларды қолдану туралы;
6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі
кеңесті қалыптастыру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің
жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға
тиіс.
Ескерту. 276-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
277-бап. Келісімдерді тіркеу
1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді
тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
278-бап. Келісімдердің қолданылуы
1. Бас келісімнің күші мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге,
қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.
2. Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына,
тиісті
саланың жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың
өкілдеріне
қолданылады.
3. Өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті
атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне
қолданылады.
4. Келісімдердің күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан,
мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері
шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетел қатысатын заңды тұлғалар болып
табылатын ұйымдарға да қолданылады.
5. Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – республикалық деңгейде, тиісті қызмет
саласының мемлекеттік органдары – салалық және жергілікті атқарушы органдар өңірлік
деңгейлерде келісімді ресми түрде жариялауға міндетті.
Ескерту. 278-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
279-бап. Келісімдердің орындалуын бақылау
Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге
асырады.
280-бап. Келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін
жауапкершілік
Тараптар өкілдерінің әлеуметтік әріптестік туралы келісімді жасасу, өзгерту
жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтік әріптестік туралы
келісілген келісімге қол қоюдан құқыққа сыйымсыз бас тартуы, келіссөздер жүргізу
және әлеуметтік әріптестік туралы келісім нормаларының сақталуына бақылау жасау
үшін
қажетті ақпарат бермеуі, сондай-ақ оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
31-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
281-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері
Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері:
тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы
таңдау еркіндігі;
тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
282-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты
әзірлеу мен жасасудың тәртібі
1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің және жасасудың
бастамашысы бола алады.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы
ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы баптың 2-
тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
2. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін
тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке
құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері
тараптар келісімімен
айқындалады.
Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу
үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер шарттық негізде
жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіру үшін кәсіподақ
органына да, өзге өкілдерге де уәкілеттік беруге құқылы.
Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу және
ұжымдық шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құрады. Бұл ретте олардың
әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай пропорционалды
өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде келiссөздер жүргiзу
жөнiндегi бiртұтас органның