Астана қаласының қызметкерлеріне, жұмыс берушілеріне
және кәсіпкерлеріне
ҮНДЕУ
Біз,
қалалық
еңбек форумының
қатысушыларыҚазақстанда
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың бастамасы бойынша еңбек адамына қамқорлық және ерекше
назар аударылатынын, отандық тауарөндірушілер мен кәсіпкерлерді
қолдау бойынша елеулі жұмыс атқарылатынын атап өткіміз келеді.
Қазақстан
Республикасының
Парламенті,
Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы және өкілетті органдар өз
қызметін
еліміздің
табысты
әлеуметтік-экономикалық
дамуына,
қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттайды. Еңбекке
және еңбек адамына зор мән бере отырып, Елбасы биыл алғашқы рет 28
қыркүйекте атап өтілетін «Еңбек күні» мерекесін белгіледі.
Әр елдің даму негізі, әр азаматтың өмір сүруі еңбек, ал еңбек адамы
– мемлекеттің басты тірегіболып табылатыны белгілі. Ол әлеуметтік-
экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда,
еліміздің экономикалық қуатын арттыруда, жаңа техника мен
технологияны енгізу және меңгеруде негізгі буыны, азаматтық қоғамды
жасаудың белсенді қатысушысы болып табылады.
Біз, қалалық еңбек форумына қатысушылар елорданың барлық
қызметкерлеріне әр азамат өз жұмыс орнында тәуелсіз Қазақстанның
игілігі үшін табысты еңбек етіп, азаматтық белсенділік танытып және
қоғамдық-саяси өміріне, үйді, көше мен қалаларды абаттандыруға, қоғамда
келісім мен бейбітшілікті қолдауға шақырамыз.
Жұмыс берушілерге, кәсіпкерлерге сіздереліміздің өркендеуіне өз
үлестеріңізді қосуға, өмір сүруді және еңбек адамының денсаулығын
сақтау бойынша практикалық шараларды өткізуге, еңбек әулетін,
тәлімгерлерін, еңбек ардагерлерін және жас қызметкерлерді барынша
қолдауға, оларға құрмет көрсетуге шақырамыз.
Демократиялық қағидаттары негізінде әрекет ете отырып, азаматтық
институттар
қызметкерлердің
еңбектік,
әлеуметтік-экономикалық
құқықтары
мен
мүдделерін
сақтауда
әлеуметтік
әріптестердің
жауапкершілігін арттыруға жәрдемдесу қажет.
Біз Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енетініне
сенімдіміз. Осы мақсатқа жету үшін әр қызметкер, жұмыс беруші, бизнес
өкілі біздің ортақ үйіміз-Қазақстанның және сүйікті қаламыз - Астананың
гүлденуіне өз үлесін қосуы қажет.
Астана қаласы
12 қыркүйек 2014 жыл.