Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының қызметін ұйымдастыру және пәрменділігін бағалау


АНТ ҚЫЗМЕТІН АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ



жүктеу 0,55 Mb.
бет3/4
Дата05.03.2018
өлшемі0,55 Mb.
#11681
1   2   3   4

6. АНТ ҚЫЗМЕТІН АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
АНТ іс-шараларының БАҚ беттерінде – баспасөз құралдарында, теледидарда, радиода - жеткілікті түрде жарыққа шықпауы АНТ қызметін ұйымдастыру барысында жиі кездесетін мәселелердің бірі. Белгілі бір нақты тақырып бойынша өткізілген іс-шаралар көбінесе баспасөз тарапынан ескерусіз қалып, ол туралы ақпарат халыққа таралмай жатады.

Дін тақырыбын жақсы білетін және осы кеңістікте орын алып отырған үдерістерді сауатты түрде жеткізе алатын журналистердің жеткіліксіздігі - осы қатардағы тағы бір маңызды мәселе болып табылады. Осыған орай, ақпараттық-насихат топтарының БАҚ-тармен өзара әрекеттесуі барысында жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескеру керек.


6.1. Бұқаралық ақпарат құралдарында АНТ іс-шараларын

жарыққа шығару
Қазіргі күнде АНТ қызметін және олардың өткізіп отырған іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу дін саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстарын іске асырудың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

АНТ қызметі мен іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеуді жүйеглендіру мақсатында келесідей жұмыстарды жүргізу ұсынылады:



  1. қатынас жасаудың басым арналарын анықтау;

  2. медиа-жоспарлауды ұйымдастыру (қысқа және ұзақ мерзімді);

  3. АНТ мүшелері қатарынан ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары туралы БАҚ-тарда, интернет-ресурстарда сөйлейтін спикерлер тізімін даярлау;

  4. БАҚ-тарда жарияланатын АНТ мүшелерінің мақалалары мен сұхбаттарын әзірлеу;

  5. баспасөз шараларын, яғни баспасөз-конференцияларын, брифингтер және т.б. іс-шаралар әзірлеу және өткізу;

  6. әлеуметтік желілердегі ақпараттық науқандар (SMO);

  7. бейнеконференцияларға дайындық жүргізу және өткізу.

Ол үшін АНТ қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру барысында мыналарды алдын-ала әзірлеу қажет:

  1. анонстар, баспасөз-релиздер;

  2. журналистерге мақалалар мен шолулар жазуы үшін көмек ретінде берілетін дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған ақпараттық-анықтамалық материалдар;

  3. тұрғындардың діни сауатына қатысты мәселелерге арналған бейнероликтер мен өзге де бейнематериалдар әзірлеу.

Ақпараттық-насихат жұмыстарына қатысты барлық материалдарды әзірлеуде келесідей өлшемдер мен талаптар ескерілуі тиіс: материалдардың тілі, стилі, ұсыну түрі, саны, сапасы, әдісі және таратылатын орны мен ауқымы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес болуы тиіс.

Жұртшылықты Дін мәселелері жөніндегі АНТ қызметі туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында қажет:



  1. БАҚ-тармен байланысты тұрақты түрде жүргізу;

  2. БАҚ-тарда өткізіліп отырған іс-шараларды тұрақты түрде жариялау;

  3. дін саласындағы мемлекеттік саясаттың оңды қабылдануына қолғабыс ететін ақпараттық мүмкіндіктердің туындауын қамтамасыз ету;

  4. ақпараттық -насихат жұмыстарының және керағар діни ағымдар мен идеяларға қарсы бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларының деңгейін арттыру мақсатында діни тақырыптарды ашып көрсетуге маманданып жүрген журналистердің республикалық және жергілікті пулін қалыптастыру және қолдау қажет.

БАҚ тарапынан мақсатты ақпараттық кампаниялар өткізу барысында дін саласында өтіп жатқан қызықты ақпараттар мен осы салада орын алып отырған мәселелер қозғалатын ақпараттарды шұғыл беріп отыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық іс-шараларды жүзеге асыру барысында атқарылып отырған іс-шаралардың субъектілері ретінде де, және, оларды жүзеге асыру құралы ретінде де қатысады. Осыған орай, дін мәселелерін жарыққа шығарумен маманданатын баспа құралдары мен электронды масс-медианың, ақпараттық интернет-ресурстарының журналистерімен өзара әрекеттесу бағытындағы жұмыстарды жолға қоюға баса мән беру керек.

Дін саласындағы мәселелермен маманданып жүрген журналистер пулі үшін мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттің дін саласындағы саясатының өзекті мәселелеріне арналған арнайы семинар-тренингтер ұйымдастыруды жүйелі түрде жолға қоюдың маңызы зор.

Осы ретте, әртүрлі сипаттағы діни мәселелерді дұрыс түсіндірмеу және орын алатын қателіктер басылып шыққан материалдарды қабылдауға кері әсер етіп діни негіздегі әлеуметтік кикілжіңнің туындауына әкеліп соғуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Сондықтан, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және діни кикілжіңдер мен қақтығыстарға жол бермеу саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін ашып көрсетумен маманданып жүрген журналистердің біліктіліктерін көтеруге бағытталған іс-шараларды өткізуді жоспарлау қажет.

Дін мәселелері жөніндегі АНТ қызметін ақпараттық сүйемелдеуде ақпараттық-насихат топтарының жүргізіп отырған жұмыстарының барысы, нәтижелері мен маңыздылығы туралы тұрғындардың білдірген пікірлерін АНТ қызметінің маңыздылығы және нәтижелер, жүргізілу барысы жайлы тұрғындар пікірін БАҚ-тарға орналастырудың маңызы үлкен.

Осы ретте, БАҚ-тарды дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың идеяларының таралуының алдын алу, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тосқауыл қою тақырыптарына арналған материалдармен қамтамасыз еткен және оларды ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар шеңберінде орналастырған жөн.

Бұқаралық ақпарат құралдарына дін саласына қатысты мәселелерді шынайы көрсетуді ұсыну керек. Осы орайда, мемлекеттік органдар дін төңірегіндегі қандай да бір мәселелер бойынша өздерінің ресми ұстанымы туралы мәлімдеп отырғаны жөн. Осы ұстанымдарды телевизиялық және радио бағдарламалардың, баспа БАҚ-тарының, интернет желілерінің негізіне қою ұсынылады.

Өңірлердегі діни ахуалдың өзгеруіне кері әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталған барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың атқарып отырған кешенді жұмыстарын тұрғындарға ашып көрсету мақсатында АНТ іс-шараларын БАҚ беттерінде жарыққа шығару бағытындағы жұмыстарды үйлестіруді өңірлердегі Терроримзге қарсы комиссияларға жүктеу ұсынылады. Осы ретте, БАҚ-тармен және журналистік ортамен тікелей жұмыс жүргізуді әкімдіктердің Ішкі саясат және Дін істері басқармалары жүргізуі тиіс.
6.2. АНТ мүшелерінің мақалалары мен сұхбаттарын жариялау
АНТ қызметі олардың дін саласының өзекті мәселелеріне арналған мақалаларды, баяндамалар мен ақпараттық-анықтамалық материалдар түріндегі ақпараттық материалдарды БАҚ-тарға жолдап отырумен қатар жүріп отыруы керек. БАҚ-тарда көтерілетін мәселелердің тақырыптары өзектілігімен және мақсатты аудиторияның сұраныстарымен анықталады.

Ақпараттық материалдардың жариялануы медиа-жоспарлау негізінде жүргізілуі тиіс.


6.3. АНТ қызметінде теледидар мен радионы қолдану
АНТ қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жұртшылыққа кеңінен таныту, сондай-ақ олардың жүргізіп отырған жұмыстарына тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында өңірлік БАҚ-тардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану ұсынылады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты негізде келесідей түрде жүргізу ұсынылады:



  1. теледидар мен радиода беделді теологтардың, дінтанушы-ғалымдардың, дін өкілдерінің, мемлекеттік және күштік құрылымдар өкілдерінің сөз алуына арналған алаңдар ұйымдастыру;

  2. Радиостанцияларда, интернет желісіндегі сайттарда ақпараттық-насихат топтарының беделді мүшелерімен блиц-сұхбаттардың шығып отыруын қамтамасыз ету;

  3. «сұрақ-жауап» режиміндегі радио және телебағдарламалар өткізу;

  4. тақырыптық деректі фильмдер мен роликтер көрсету;

  5. журналистік зерттеулер мен арнайы репортаждар ұйымдастыру.


6.4. АНТ қызметінің ақпараттық жариялануын мониторингтеу
Дін істері агенттігі республикалық АНТ қызметінің БАҚ-тарда, интернет-ресурстарда жариялануына мониторинг жүргізеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалалаларының Дін істері басқармалары АНТ қызметінің өңірлік БАҚ-тарда, интернет-ресурстарда жариялануына мониторинг жүргізеді. Облыстық Дін істері басқармалары қалалық және аудандық деңгейдегі БАҚ-тар мен интернет-ресурстардағы жарияланымдарға да мониторинг жасауды іске асырады.

Мониторинг қорытындысы ақпараттық сүйемелдеудің тиімділігін сараптауға, ақпараттық-насихат топтарының БАҚ-тардағы ақпараттық жұмыстарының алдағы уақыттағы стратегиясын жандандыру мақсатында өңірлерде өткізілген ақпараттық кампанияның күшті және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.


7. АНТ ҚЫЗМЕТІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
АНТ қызметін қорытындылау келесідей өлшемдермен анықталады:

  1. баспа және электрондық БАҚ-тарда жарық көрген спикерлердің сұхбаттары, комментарийлері мен мақалаларының және АНТ жұмыстары барысында өткізілген шаралардың санымен;

  2. АНТ қызметінің нәтижелілігін бағамдау бойынша өткізілген экспресс-сауалнамалардың, анкеттеу нәтижелерінің қорытындысымен;

  3. АНТ жұмыстары жүргізілген жерлерден алынған пікірлермен, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың берген бағасымен;

  4. тұрғындардың қамтылу ауқымымен;

  5. ақпараттық-насихат топтарының атқарған қызметі туралы есебімен.


7.1. АНТ қызметінің қорытындысын жариялау
Ақпараттық-насихат топтарының қызметі аяқталғаннан кейін буклеттер, брошюралар және т.б. түрдегі көрнекі материалдарды қолдана отырып, үгіт-насихат және түсіндіру бойынша атқарылған жұмыстармен жұртшылықты кеңінен ақпараттандыру қажет. Бұл БАҚ өкілдерімен қорытынды кездесу өткізуді және дәстүрлі діни конфессиялардың, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен есеп беруді қажет етеді.
7.2. Есеп берудің формалары мен түрлері
Есеп – ақпараттық-насихат топтарының белгілі бір кезең аралығында атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалар мен жоспарды орындауы, іс-шараларды дайындау мен өткізу туралы мәліметтерді қамтитын құжат.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп формасы әдетте келесідей деректемелерді қамтиды (№2қосымша):

1. Қызмет лауазымы, іс-шара тақырыбы, өткізілген уақыты мен орны, өткізілген іс-шараны бағамдаулар үлкен әріптермен жазылады;

2. Есеп мәтіні келесідей тармақтардан тұрады:

1) жұмыстың жалпы сипаттамасы;

2) атқарылған жұмысқа жасалған талдау;

3) қорытындылар мен ұсыныстар;

4) фотоесеп.

3. Есеп рәсімделген күн, АНТ қызметі үшін жауапты адамның қолы.

Есепті дайындау барысында келесідей талаптар сақталуы қажет:



  1. АНТ қызметінің нәтижелерін баяндау формасы қысқа әрі айқын болуы тиіс. Бұл ретте тек атқарылған жұмыстар және АНТ қызметін сандық тұрғыдан сипаттайтын нақты көрсеткіштер (сызба, диаграмма және т.б.) ғана көрініс табуы керек. Осы орайда, қандай міндеттердің шешімін тапқандығын баяндай отырып, АНТ қызметінің қол жеткізген нәтижелеріне баса көңіл аудару өте маңызды;

  2. есептің ақпараттық құрылымы АНТ жұмысының жалпы сипаттамасын (АНТ форматы мен өткізілген жұмыстардың географиясы (ауқымы), өңірдің ерекшеліктері, тыңдармандардың әлеуметтік-демографиялық құрамы және т.б.), өткізілген шаралардың жағымды және жағымсыз тұстарын талдауды (тыңдаушылар тарапынан қандай сауалдар қойылды, оларды не қызықтырады, олардың қандай мәселелерге көңілдері толмайды және т.б.), атқарылған іске қорытынды жасалуын және оларға баға беруді және болашақта АНТ қызметін жетілдіру мен жақсарту жолдарына қатысты ұсыныстарды қамтуы керек;

  3. есеп беру мерзімділігі: айлық, тоқсандық және жылдық. Апталық және айлық есептер АНТ жұмысын жоғары деңгейде мұқият пысықтауды, оның әрбір кезеңін толық баяндауды мақсат ететін жедел бақылауға арналған. Тоқсандық және айлық есепте АНТ қызметінің барлық бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіледі және оның нәтижелері ұсынылады.




  1. АНТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПӘРМЕНДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Пәрменділікті бағалау – АНТ атқарған жұмыстардың сапасын нақты өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде кешенді бағамдау.

АНТ қызметінің пәрменділігін бағамдау ҚР Президентінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы №1125 «Мемлекеттік органдардың қызмет пәрменділігін бағалау» Жарлығы негізінде жүргізіледі. Өйткені АНТ қызметін ұйымдастыру нақты мемлекеттік органдарға жүктелген.

Осы орайда, сандық көрсеткіштер АНТ қызметін бағалаудың абсолютті көрсеткіші бола алмайтынын айта кету керек, яғни өткізілген іс-шаралар мен онымен қамтылған тұрғындардың саны бар кезде оның пәрменділігінің көрсеткіші бола алмайды.

АНТ жұмыстарының пәрменділігін арттыру бойынша ұсыныстарды бағалау және әзірлеу үшін тұрғындардың мемлекеттің дін саласындағы саясатымен хабардар екендігін, оны қабылдауын және оған қолдау көрсетуін бағамдауға бағытталған тұрақты зерттеулер жүргізіп отыру ұсынылады.

Сонымен қатар, АНТ жұмыстарының пәрменділігін бағамдауда Қазақстан Республикасының арнайы және құқық қорғау органдарының қолдарында бар өткізілген насихат және түсіндіру шараларының шынайы тиімділігі көрініс табатын жедел мәліметтерді қолдану АНТ қызметінің тиімділігін бағалауда маңызды орын алуы тиіс.


8.1 АНТ қызметінің пәрменділігін өлшеу әдістері
Пәрменділікті өлшеу – АНТ қызметін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштерді қорытындылау.

Пәрменділікті өлшеу тәсілдері:

1) Іс-шаралардан кейін анкеттеу жүргізу. Бұл, өз кезегінде, өткізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижелілігіне бастапқы талдау жасауға, қажет жағдайда іс-шаралардың мазмұнына өзгерістер енгізуге, болашақта қолға алынатын жұмысардың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді;

2) Нақты әлеуматтанулық зерттеулер жүргізу. Бұл, өз кезегінде, кешенді түрде жүргізілген идеологиялық іс-шаралардан кейінгі қоғамдық пікірде орын алған өзгерістердің динамикасын анықтауға мүмкіндік береді;

3) бақылау және сарапшылардың сауалнамалар жүргізу. Бұл, өз кезегінде, азаматтардың жүріс-тұрыстарындағы өзгерістерді, діни ахуалдың динамикасын, елдегі әлеуметтік тұрақтылықтың жай-күйін сипаттауға мүмкіндік береді;

4) келіп түскен барлық мағлұматтарды жинақтау. Бұл, өз кезегінде, АНТ қызметінің пәрменділігіне ортақ бағалау жүргізуге мүмкіндік береді;

5) АНТ қызметін ақпараттық сүйемелдейтін БАҚ-тар мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу.

Азаматтардың оңалту орталықтарына жүгінуіне сандық және сапалық талдау жүргізу, діни негіздегі қақтығыстық көріністердің себептері мен факторларын сараптау қосымша ақпарат көзі бола алады.


8.2. АНТ жұмыстарының пәрменділік өлшемдері
АНТ жұмыстарының келесідей өлшемдерін көрсетуге болады:

  1. өткізілген іс-шаралардың саны;

  2. іс-шаралармен халықтың қамтылу деңгейі;

  3. іс-шаралардың өткізілу жиілігі;

  4. өңірлерде болуы.

АНТ қызметінің пәрменділік өлшемдері келесідей көрсеткіштер арқылы анықталады:

  1. қоғамда діни негіздегі әлеуметтік қақтығыстардың орын алу тәуекелінің төмендеуі;

  2. халықтың діни сауатының артуы;

  3. тұрғындардың әртүрлі топтары арасында діни өшпенділік идеяларына қарсы тұра алатын иммунитеттің қалыптасуы;

  4. діни ахуалдың оң динамикасы және тұрақталуы.


1-қосымша
1-кесте.

Ақпараттық-насихат топтарын қаржыландыру

шығындарының сметасы




ШЫҒЫН АТАУЫ

ТӨЛЕУ СОМАСЫ

ДӘРІСКЕРЛЕР САНЫМЕН ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕГІ ЖАЛПЫ СОМА

1

2

3

4

1

Шарт бойынша орналасқан мамандардың еңбек ақысы







2

Сарапшылардың еңбек ақысы







3

Үстеме шығындар: байланыс қызметі, мекен-жай төлемі, тамақтану







4

Типографиялық шығындар (буклеттер, брошюралар, парақшалар және т.б.)







5

Кеңсе шығындары









2-кесте.

Ақпараттық-насихат топтарын қаржыландыру

шығындарының сметасы

(Іссапарлар)




Жергілікті жердің атауы

Іссапарға шыққандар саны


Екі бағытта жол қатынасына төлем

Жалпы құны

1


2

3

4

5
















жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау