3-бағыт
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру
2014 жыл қортындысы бойынша республикада инфекциялық аурулардың көпшілігі бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.
Халықты инфекциялық ауруларын төмендету бойынша тиімді және экономикалық пайдалы профилактикалық іс-шаралардың бірі әліде вакцинацалау болып отыр. Осылайша, есепті кезеңде А вирустық гепатитіне қарсы вакцинациялаумен 427,0 мың адам қамтылды, соның ішінде14 жасқа дейінгі балалардың саны 413,0 мың, В вирустық гепатитіне қарсы 1 жасқа дейінгі 365,4 мың адамға екпе жүргізілді.
2011 жылдан бастап пневмококтық инфекцияларға қарсы иммундау кезеңі басталды, қазіргі уақытта вакцинациялау республиканың 13 өңірінде жүргізіледі, 2015 жылы бүкіл ел бойынша жүргізілетін болады.
Қабалданып жатқан шаралар инфекциялық аурулар көрсеткіштерінің тұрақты төмендеу нәтижесін берді: листериоз – 47,4%, бактериялық дизентерия – 42,7 %, ботулизм – 27 %, қышыма – 22,5 %, жоғарғы тыныс жолдарының жіті инфекциялары – 14,6 %, ротавирустық энтеритама – 12,4%, жіті вирустық гетатит – 12,2 %, соның ішінде С вирустық гепатиті 45,6%, В вирустық гепатиті – 23,4%, А гепатиті – 5,2% ЖІИ – 10,8 %, туберкулез – 9,1%.
Өткізілген іс-шаралардың арқасында халық арасында 2014 жылы оба, тырысқақ, дифтерия, безгек, полиомиелит, Д гепатиті, іш сүзегі, қылау, гемофиялық инфекциялармен ауру жағдайлары тіркелмеген.
Министрліктің пен мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың «Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді жетілдіру» үшінші бағыты жөніндегі қызметі Мемлекеттік бағдарламада 6 нәтиже көрсеткішімен ұсынылған, соның ішінде 2014 жыл қорытындысы бойынша барлығына жетістікке қол жеткізілген.
Жоспарланған 10 іс-шараның ішінен бұл бағыт бойынша есептік жыл барлығы орындалған.
4-бағыт
Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетiлдiру
Бұл бағыттың басым іс-шараларының бірі халыққа ұсынылатын қызметтің қолжетімділігі мен сапасын жақсартудар сондай-ақ бастапқы буын жұмысының тиімділігін арттыру, стационарлық емдеуді қысқарту есебінен шығындарды төмендету болып табылады.
2011 жылдан бастап, МСАК ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру және акценттің профилактикалық қызметке жылжуын қарастыратын, әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі жұмыс істейді, олардың құрамында 2,1 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер мен 700-ден астам психолог бар.
2014 жылы МСАК қызметкерлерінің уәждеме мақсатында стимулияциялық үстеменің төлеміне 20,4 млрд. теңге қарастырылған, олардың 5% кәсібт дамуға бағытталған.
2014 жылдан бастап Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік бағдарланған МСАК-ты дамыту маңыздылығына негізделген, мақсаты денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын,амбулаторлық деңгейде БҰДСЖ енгізілу басталды.Денсаулық сақтауда МЖК дамыту және жекеменшік секторды жұмылдыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ амбулаторлық деңгейде ТМККК қамсыздануда теңсіздігі мен МСАК қаржыландыруда дисбалансты мүмкіндік берген, МСАК үшін кешендік жан басына шаққандағы норматив енгізілді.
Ішінара қор ұстауды енгізу профилактикада қызметті акценттеу, учаскелік қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға мүмкіндік берді сондай-ақ консультативті-диагностикалық қызметті тиімді қолдану, МСАК ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде консультативті-диагностикалық көмекке дәлелсіз бағыттардың көлемі 15 %-ға қысқарды, бұл көмектің жиынтық көлемі 16 %-ға артты.
Медициналық ұйымдардың автономдылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік ұйымдардың жартысынан астамы шаруашылық жүргізу құқығындағы мәртебесіне ауыстырылған, олардың үштен бірінде бақылау кеңесі бар.
Денсаулық сақтау ұйымдарында «Ынталы қызметкер және қанағаттанған пациент» қарым-қатынас үлгісін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл үлгі өзінің жұмысының соңғы нәтижесінде дәрігердің мүдделігі мен медициналық қызмет көрсетудің сапасымен халықтың қанағаттану деңгейін арттыруға бағдарланған.
2014 жыл қорытындысы бойынша стационар деңгейінде сараланған еңбек ақысы 316 (60%) ұйымның ішінде 188 ұйымға енгізілген және 48 000 қызметкер қамтылған немесе 51% (93 700 қызметкердің ішінде).
1 қызметкерге сараланған еңбек ақының есебімен еңбек төлемінің орташа соммасы 87,5 мың теңгені құрады, 1 қызметкерге орташа айлық еңбекақы – 26,2 мың теңгені құрайды.
Қолданылатын шаралар Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қағидаттарының бірін- медициналық қызметтерді жеткізіп берушілер арасындағы бәсекелестікті қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2014 жыл қорытынды бойынша Бірыңғай төлеуші жүйесіне кірген, жеке меншік үлгідегі барлық медициналық ұйымның үлес салмағы 34,3 %-ды құрады.
2014 жылы стационарды еркін таңдауы құқығы 807,9 мың адам қолданды, соның ішінде 45,9 %-ды ауыл тұрғындары құрады.
Стационарлық көмекті қолдану деңгейі 1000 тұрғынға төсек-орын-күн 1097,7-ге дейін төмендеді (2013 жылғы 1161,9). 7,0 мыңнан астам төсек орын ұтымды пайдаланылды, соның ішінде 2,5 мың төсек-орын халықтың қажеттілігіне байланысты қайта бейінделді, 4,5 мыңы қысқартылды. Сонымен бірге тәуліктік стационардың 176 төсек қоры күндік стационарға өзгертілді.
Министрлік пен мүдделі мемлекеттік органдар және үйымдардың қызметі «Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті қаржыландыру және басқару, ұйымдастыруды жетілдіру» төртінші бағыты бойынша ұйымдастыру 3 нәтиженің көрсеткішімен Мемлекеттік бағдарламада ұсынылған, соның ішінде 2014 жыл қорытындысы бойынша олардың барлығына қол жеткізілді.
Есепті кезеңде 103 іс-шара іске асырулды.
5-бағыт
Медицинада инновациялық технологияны енгізу және дамыту, медициналық,фармацевтикалық білімді жетілдіру
Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру үшін саланың сапалық және сандық деңгейде кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған, бірқатар шаралар қабылданды.
Денсаулық сақтау саласын кадрлық қамтамасыз ету 2013 жылғы желтоқсан айында ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен бекітілген, 2013-2016 жылдарға арналған денсаулық сақтау кадрлық ресурстарын дамыту іс-шараларның кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асады. Жоспармен мейіргерлік қызмет, мамандықтың мәртебесін арттыру саласында, оның ішінде, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, денсаулық сақтаудың үздіксіз кәсіби кадрларын дамыту және дайындықты жетілдіру, медициналық кадрларда жоспарлау және болжау қажеттілігі мемлекеттік жүйесін құру қарастырылған.
Республикада жоғарғы кәсіби білімі бар медициналық кадрларды дайындауды 6 мемлекеттік (барлығы аккредиттелген), 1 мемлекеттік емес ЖОО және көп ЖОО бейінді жанындағы 3 медициналық факультет жүзеге асырады. Жыл сайын республика бойынша жоғарғы медициналық, фармацевтикалық білімі бар мамандарды шығаруы 3 000 адамды құрайды.
2014 жылы ел ішінде медициналық ұйымдардың білім беру базасында жоғарғы және орташа медициналық біліммен 19,0 мың қазақстандық маман оқытылды.
Алдыңғы халықаралық медициналық технологияларды игеру үшін 186 маман өзекті мәселелер бойынша (неврология, нейрооңалту, кардиология; онкология оның ішінде балалар онкологиясы және гематология; балалар кардиохирургиясы, анстезиология және перфузология және т.б.) таяу және шалғайдағы шетелдердегі жетекші клиникалардың базасында (Ресей, Латвия, Литва, Белоруссия, Германия, Франция, Финляндия және т.б.) оқытуға жіберілді.
453 қазақстандық маман отандық ұйымдар негізінде (Астана медицина университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ, денсаулық сақтаудың жоғарғы қоғамдық мектебі, Үздіксіз білім беру университеті, Педиатрия және балалар хирургияы ғылыми орталығы, онкология және радиология ҒЗИ) мейіргерлік ісі, церебралдық сал ауру бар балаларға оңалту іс-шарасын жүргізу, балаларда туа біткен жүрек ақауын емдеу және диагностикалау, МСАК деңгейінде егде және қарт жастағы ауруларды енгізу, нейрооңалту, дәлелді медицинаның өзекті мәселелері бойынша Чехия, Финляндия, Израль, Нидерландия, Германия, Италия, Швеция, Голландия,Оңтүсті Корея, Ресей, Литвадан
40 жетекші шетелдік маманның қатысуымен оқытылды.
2014 жылы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша маманданған аккредиттеу стандарты медициналық білімнің ұлттық федерациясы ұсынысына сәйкес әзірленді және ҚР Ғылым және білім министрлігінің тәуелсіз аккредиттеу органдарына келісуге жіберілді («Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы шеңберінде).
2014 жылы жоғарғы медициналық білім бар мамандар үшін практикалық дағдыларды тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілді. 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 768,3 млн. теңге сомасына 16 өңірлік симуляциялық орталықтар жабдықталды. Дағдыларын пысықтау үшін дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге жабдықтар мен манекендер сатып алынды.
2014 жылы ҚР Медициналық ғылым және білім ұйымдарында шетелдік грант берушілер қаржыландыратын 11 ғылыми жоба (Central Asian Network for Education, Research and Innovation in Environmental Health, халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы, Еуропалық одақ және т.б.) орындалды, қаржыландырудың жалпы көлемі 482,5 млн теңгені құрады.
Кезеңмен медициналық ЖОО-да ғылыми-клиникалық орталықтар құрылды, студенттер мен интерндерді клиникалық дайындықты жақсарту үшін оқыту жүйесіне инновациялық білім беретін технологияны енгізу жүзеге асырылуда.
Министрліктер, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері және медициналық ЖОО-лар арасында бекітілген Меморандумдар шеңберінде түлектерді бекіту мен жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
2013 жылы бекітілген 2020 жылға дейін медициналық ғылымды дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Медициналық ғылымды басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бірнеше ғылыми ұйымдар артығырақ дербестік алу үшін мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар мәртебесіне ауысты.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қарағанды мемлекеттік университеті базасында ұжымдық қолданумен 2 ғылыми молекулярлық-генетикалық зертханалар құрылды.
Қолданып жатқан шаралар халықаралық басылымдарда 21,2% (2013 жыл – 19,1%) жарияланымдардың үлесін арттыруға, барлық 6-медициналық ЖОО-да медициналық білімнің дүниежүзілік федерациясының халық аралық стандарттарына бейімделген Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдардың институционалды реформасының стандарттарын бекітуге мүмкіндік берді. Аккредиттеудің шетелдік органдарымен медициналық ЖОО-лардың мамандандырылған аккредиттеуден өтуі жоспарлануда.
Министрліктің және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және қызметі «Медицинада инновациялық технологияны енгізу және дамыту, медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру» бесінші бағыты бойынша ұйымдастыру 2 нәтиженің көрсеткіші мен Мемлекеттік бағдарламада ұсынылған, соның ішінде 2014 жылғы қорытынды бойынша барлық жетістікке қол жеткізілді.
Есепті жылы 11іс-шара жүзіге асырылды.
Денсаулық сақтау ұйымын медициналық техникамен жабдықтауды жақсарту, дәрілік заттардың сапасы мен халық үшін қолжетімділігін арттыру.
6-бағыт
Дәрілік заттардың халық үшін қол жетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының медицина жабдықтарымен қамтамасыз етілуін жақсарту
Медициналық ұйымдардың қажеттілігіне негізделген, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды қаржылануы қамтамасыз ету артуда.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде медициналық технологияны қолдану мен жабдықтаудың лизингілік механизмі әзірленді және енгізілді. Денсаулық сақтауды ұйымдарына емделген жағдайларға арналған тариф шеңберінде 5 млн. теңгеге дейін өздігінен медициналық жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылды. Медициналық заттармен жабдықтау 67,8 %-ға (2013 – 66%) дейін артты.
Қазіргі уақытта қаржылық лизинг жүйесі медициналық техниканы лизинкке сатып алмайтын критерийлер мен үш жақты шартты енгізуі жетілдіруде (Жоба ҚР мемлекеттік орталық органдардың келісімінде тұр).
Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде медициналық қызметтің сапасына ішкі және сыртқы мониторинг жүргізу жүйесі жетілдіруде.
Медициналық оңалту ұйымдарына және паллиативті көмек көрсететін ұйымдар үшін жобалар әзірленді, қан қызметі ұйымдары үшін аккредиттеудің ұлттық стандарты бекітілді. 2014 жылғы аккредиттеуге қатысуға медициналық ұйымдардың уәждемесін енгізу бойынша НҚА жобасы әзірленді. 2014 жылғы 218 медициналық ұйым соның ішінде 44 ұйым 4 жыл мерзімге, 174 ұйымдар 2 жыл мерзімге аккредиттелді.
Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы дамыту жалғасуда, 2014 жылғы медициналық қызметтің сапасын талдауға тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыруға 119,0 млн теңге (2009-65 млн теңге) бөлінді.
Мемлекеттік бағдарламаның іс-шарасын жүзеге асыру шеңберінде формулярлық жүйені жетілдіруі басталды. Дәрілік заттарға бағаны қалыптастыру айқындығы және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға бағытталған Формулярлық комиссияның жаңа жұмыс тәртібі бекітілді. «Кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасында Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр енгізілді, ол Кодексті қабылдағаннан кейін әзірленетін болады.
Мемлекетпен кепілдік берген дәрілік заттарды алу мониторингін жүргізу, нақты бақылау уақыты режимине рұқсат беретін барлық республика территориясына автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізумен амбулаторлық дәрілік қамсыздандыруды оңтайландыру.
Дәрілік заттар және медициналық тағайындау заттары дистрибуциясының бірыңғай жүйесі бюджеттік қаражатты үнемдеу мен үздіксіз дәрілік қамсыздандыруға кепілдік береді.
Ауыл тұрғындарының дәрілік көмектің физикалық тұрғындағы қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары болмаған, 3000-ден астам елді мекенде дәрілік заттарды МСАК объектілері арқылы сату ұйымдастыруда.
Заңнамалық деңгейде сапалы дәрілік заттар мен халыққа қамтамасыз ету жүйесін жақсарту үшін медициналық техникалар мен медициналық мақсаттағы заттар, дәрілік заттар, клиникалық және клиникаға дейін зерттеулерді өткізуге талаптар (бұдан әрі – ДЗ, ММЗ және МТ) нығайтуы, мемлекеттік тіркеу жүйесінің өзгеруі мен ДЗ сапасын сараптау бекітілді. Бұдан басқа, ДЗ,ММЗ және МТ сатып алу кезінде отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған нормалар енгізілді.
Бұдан басқа, дәрілік сауаттылықты арттыру үшін дәрі-дәрмек талдау талдау орталығы қызмет етеді.
Қолданылған шаралар ауылдық елді мекендерде 3300-ді (2013-3200) құрады, ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды шығаруды жүзеге асыратын объектілердің саны 66 %-ды құрады, дистрибуцияның бірыңғай жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың мөлшері 2014 жыл қорытындысы бойынша халық үшін дәрілік заттардың сапасын және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Министрліктің қызметімен мүдделі мемлекеттік органдар және «Медицинада инновациялық технологияны енгізу және дамыту, медициналық,фармацевтикалық білімді жетілдіру» алтыншы бағыты бойынша ұйымдастыру нәтиженің 2 көрсеткіштері Мемлекеттік бағдарламада ұсынылған, соның ішінде 2014 жылғы қорытынды бойынша барлық жетістікке жеткен.
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |