ТАҚЫРЫПТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Дәріханадан фармацевтикалық тауарлармен қатар тазалық-гигиеналық, дезинфекциялық, дезинсекциялық, парфюмерлі-косметикалық заттар және минералды сулармен медициналық сүліктер босатылады. Осыған байланысты, фармацевтер осы заттардың классификациясын, қабылдау тәртібін, сақталуын және қолданылуын білуі қажет. Берілген тақырыптағы оқып үйренген тәжірибе мен білім фармацевтің жұмысында қолданылады.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Студенттерді минералды сулардың, химиялық реактивтердің, жұғыш, парфюмерлі-косметикалық, тазалық-гигиеналық, дезинфекциялық, дезинсекциялық заттардың номенклатурасымен классификациясымен, қолданылуымен, сақталу және босату ерекшеліктерімен таныстыру.
Фармацияны ұйымдастыру, фармацевтикалық тауарлардың негізгі топтары білімдері негізінде студент жасай алуға тиіс:
медициналық тәжірибеде қолданылатын минералды суларды топтастыруды;
қоймаларда минералды суларды сақтауды;
химиялық реактивтердің, дезинфекциялық, дезинсекциялық, парфюмерлі-косметикалық, тазалық-гигиеналық заттардың сақталуын ұйымдастыруды;
осы топ тауарлармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігін сақтау;
медициналық сүліктерді қамсыздандырушылардан қабылдауды және тұрғындарға босатуды.
Студент білуге тиіс:
минералды сулардың, химиялық реактивтердің, дезинфекциялық, дезинсекциялық, парфюмерлі-косметикалық, жұғыш заттардың тізімін, олар туралы түсініктерді, қолданылуын;
дәріханада осы топ заттардың сақтау ерекшеліктерін;
медициналық сүліктердің түрлерін, қолданылуын, сақталу ерекшеліктерін.
Сабаққа дайындалу сұрақтары
І Негізгі білім бойынша:
Дәріханалық мекемелерде дәрілік заттардың және басқа да медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру.
Сақтау бөлмелеріне қойылатын талаптар.
Осы сабақ тақырыбы бойынша:
Минералды сулар туралы түсінік, жалпы сипаттамасы.
Минералды сулардың классификациясы, номенклатурасы
Минералды сулардың сақталуына, тасымалдауына, сапасына, бууылуына, белгіленуіне қойылатын талаптар.
Химиялық реактивтердің қолдануы, классификациясы.
Химиялық реактивтердің сапасына қойылатын талатпар, сақталу ерекшеліктері. Техника қауіпсіздігі.
Дезинфекциялық, дезинсекциялық заттар. Олардың қолданылуы, номенклатурасы, сақталу ерекшеліктері.
Жұғыш, парфюмерлі-косметикалық, тазалық-гигиеналық заттардың номенклатурасы, сақталу, дәріханадан босату ерекшеліктері.
Бделлотерапия туралы түсінік. Сүліктердің емдік қасиеттері.
Медициналық сүліктердің сақталу ерекшеліктері, босату тәртіптері.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Минералды сулар деп құрамындағы көптеген жоғары сапалы минералды тұздар мен биологиялық активті заттары бар және де өзіне тән әсері қасиетімен биологиялық активті жоғары температурасы бар жер асты суларын, кейде жер үсті суларын айтамыз.
ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достығы) елдеріндегі минералды сулар кездесетін жерлер:
Платформалық-артезиандық (Каспий, Сэсрорец, Тюмень, Старорусское).
Таулық, тау етегіндегі артезиандық бассейндер (Чартак, Тбилиси, Нальчик).
Артезиандық бассейндер (Ессентуки, Джалал-Абад).
Жер асты минералды сулар (Бурабай, Сары-Ағаш, Шымкент, Жетісай, Ақсу).
Жер жарығынан шыққан сулар (Белокуриха, Кульдурское)
Минералды сулардың емдік қасиеті:
Барлық жинақталып еріген заттар (анион, катион) әсерінен минералды сулар адам ағзасына емдік қасиетімен әсер етеді. Минералды суларды классификациялау үшін арнайы химиялық тексеруден өткізіледі. Минерализация граммен литрге көрсетіледі.
Минерализациялау бойынша топтастыру:
Аз минералды – 2-5 г/л
Орташа минералды – 5-15 г/л
Жоғары минералды – 15-35 г/л
Тұзды сулар – 35-150 г/л
Көп тұзды сулар – 150 г/л жоғары.
Иондық құрамына байланысты:
Хлоридті
Гидрокарбонатты
Сульфатты
Натрий
Кальций
Магний иондары бар
Құрамында газдарға байланысты:
Көмір қышқылды
Сульфидті
Азотты
Бромды
Радиоактивті
Температурасына байланысты:
Суық 200 С дейін
Жылы 20-370 С
Ыстық 37-420 С
Жоғары температуралық 420 С (Чартак 460 С, Сарыағаш 490 С)
Суларды минералды сулар категориясына жатқызу нормалары:
|
Анықтама көрсеткіштері
|
Төменгі шегі мг/л
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
|
Қатты құрамды бөлшектер
Көмір қышқылы (бос)
Күкірт сутегі
Темір
Мышьяк кәдімгі
Бром
Иод
Кремний қышқылы
Родон
|
2000
500
10
20
0,7
25
5
50
14 бірлік
|
Ішуге арналған негізгі емдік минералдық сулар:
Атауы
|
Шыққан жері
|
Қолдануы
|
Баталинская
Аугела
Арзни
Апылық
Березовская
Боржоми
Джава (Дзау-суар)
Джермук
Дилижан
Ессентуки 4,17
Ессентуки 20
Зваре
Ижевская
Исти-Су
Ласточка
Лужанская
Миргородная
Москва
Набеглави
Нарзан
Нафтуся
Полюстровская
Поляно-Квасове
Ташкентская
Рычал 2 Су
Саирме
|
Пятигорская
Грузия
Армения
Осетия
Украина
Грузия
Грузия
Армения
Армения
Ессентуки
Ессентуки
Грузия
Татарстан
Азербайджан
Приморье
Украина
Украина
Ресей
Грузия
Кисловодск
Трускавец
Ресей
Украина
Өзбекстан
Дагестан
Грузия
|
Іш жүргізетін су.
Қан тоқтататын, аллергияға қарсы.
Асқазан-ішек ауруларында, бауыр, асқазан аурулары, зат алмасу процесінің бұзылуында.
Созылмалы гастрит, колит, өкпе ауруларында, зат алмасу үрдістерінің бұзылуында.
Созылмалы гастрит, пиелит, қышқыл несеп диатезде.
Ішек асқазан ауруларында, асқазан жарасында, бауыр ауруларында, несеп шығару жолдарынан ауруларында.
Ішек-асқазан ауруларында (боржоми сияқты)
Асқазан-ішек ауруларында, бауыр ауруларында, өт жолдарының ауруларында, зат алмасу үрдісі бұзылғанда.
Ішек-асқазан, бауыр ауруларында, зат алмасу үрдісінің бұзылуында.
Асқазан ауруларында, асқазан жарасында, бауыр ауруларында.
Бүйрек және бауыр, қуық ауруларында.
Асқазан-ішек ауруларында (боржоми сияқты).
Асқазан-ішек ауруларында, өт жолдары ауруларында, зат алмасу үрдісінің бұзылуында несеп жолдарының бүйрек ауруларында.
Асқазан-ішек, бауыр, өт жолдарының ауруларында, бұзылуында.
Боржоми сияқты.
Боржоми сияқты.
Подаграда, диатезде, асқазан-ішек, бауыр, өт жолдарының ауруларында, зат алмасу проц. бұзылуында.
Гастритте, несеп жолдар ауруларында, зат алмасу үрдісінің бұзылуында.
Боржоми сияқты.
Зат алмасу үрдісінің бұзылуында, өкпе ауруларында, асқазан қатарында.
Бүйрекке тас жиналған кезде, несеп шығару жолдарының ауруларында.
Анемияда.
Боржоми сияқты.
Ішек-асқазан ауруларында.
Созылмалы гастритте, колитте, өкпе қатарында.
Подаграда, асқазан-ішек, бауыр, бүйрек ауруларында асқазан жарасында.
|
Достарыңызбен бөлісу: |