Заңнаманы жақсарту
«Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және басқа салаларды қамтитын нормативтік құжаттар, сондай-ақ энергия үнемдеу саласындағы жаңа мемлекеттік стандарттар мен техникалық регламенттер әзірленетін болады.
2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Бүгінгі күні Қазақстанда ғылым шығыстарының үлесі елдің ЖІӨ-ден 0,2 % құрайды, ал Халықаралық академиялық кеңес ұсынатын дамушы елдер шығындарының үлесі ЖІӨ-ден 1-1,5% құрайды. Мысалы, Ресейде тиісті көрсеткіш ұлттық ЖІӨ-ден 1,3 %-ға, Қытайда – 1,4 %-ға, Германияда – 2,5 %-ға, АҚШ – 2,8%-ға және Жапония – 3,3%-ға тең. Осылайша, Қазақстанда берілген патенттердің саны 1671 патентті құрайды, ал Ресейде 19 641 патент, Қытайда – 26 292, АҚШ-та – 154 760 және Жапонияда – 217 364 патент берілді.
Қазақстанда Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып қайта ұйымдастырылды, ал ғылыми-техникалық институттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы ұлттық ғылыми орталықтар арқылы орталықтан жасалады, әрі ол қазақстандық экономиканың қажеттілігімен байланысты емес және мәні бойынша ғылыми-зерттеу институттарының ағымдағы қызметін қаржыландыру болып табылады, ал жоғары оқу орындары мен жеке сектордың қатысуы барынша аз болып қала береді.
Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстармен (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) дербес айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТКЖ өнімдерін сатып алуға ақша салуға тырыспайды, салыстырмалы түрде бұл тиісті өндірісті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындарға да тән. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейлері соңғы жылдары 3-4% деңгейінде, бұл ЕО елдеріне қарағанда едәуір төмен.
1997 жылдан бастап 2008 жыл аралығында кәсіпорындардың шығындары құрамындағы ғылыми-техникалық қызметтердің үлес салмағы 4,5 еседен астам ұлғайды, бұл FЗТКЖ өнімдеріне сұраныстың артқанын куәландырады.
Кәсіпорындардың көпшілігі технологиялық шешімдердің импорттық техникалар мен жабдықтарда қазірдің өзінде бар екендігіне қарамастан, «толық аяқталған» жобаларға басымдық береді. Сонымен қатар лицензияланған технологиялар мен патенттер өте сирек сатып алынады (фирмалардың – 4 %).
Отандық ғылыми-зерттеу кешенінің құрылымын толық талдау кезінде республиканың барлық ғылым саласының 80 %-ын зерттеу бөлігі құрайтынын және 20 %-дан кемі FЗТКЖ-ға келетіні анықталды. Қазақстандағы тәжірибе өндірістері ғалымдарының, конструкторлардың және қызметкерлердің арақатынасы 25:4:1, ал дамыған елдерде бұл арақатынас 1:2:4-ті құрайды. Ғылымды қаржыландыру жүйесі мына қатынастарда оңтайлы болады: іргелі зерттеулерге 20 %, қолданбалы зерттеулерге 30 %, ТКЖ-ға 50%, бұл инновациялық технологиялар енгізудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Негізгі міндеттер
1. Тиімді ұлттық ғылыми инновациялық жүйе қалыптастыру және ұлттық инфрақұрылымды дамыту.
2. Өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін ауқымды және жеделдетіп игеруге ынталандыратын жағдайлар жасау.
3. Отандық кәсіпорындардың техникалық, технологиялық және басқарушылық деңгейлерін жаңғырту.
Нысаналы индикаторлар
1. Халықаралық танылған патенттер санын 2014 жылға қарай 30-ға дейін ұлғайту.
2. Енгізілген жаңа технологиялар мен жүзеге асырылған тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын 2014 жылға қарай тиісінше 200-ге және 160-қа дейін ұлғайту.
3. 2014 жылға дейінгі кезең ішінде инновациялық инфрақұрылымдарды құру және қолданыстағыларын кеңейту: Салалық орталықтардың саны – 2 бірлік; конструкторлық бюролар – 3 бірлік; технопарктер – 4 бірлік.
4. Елдегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін мынадай деңгейлерге дейін арттыру:
- 2015 жылға қарай – 10%;
- 2020 жылға қарай – 20%;
Іс-қимылдар стратегиясы
Үдемелі индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз ету
Қазақстанда ғылымды реформалау университеттік ғылымды дамытуға және белгілі басымдықтарды ескере отырып, қаржыландырудың гранттық жүйесін енгізуге бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың негізгі мақсаты алдағы кезеңге басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге бағдарланған ұлттық ғылыми-инновациялық жүйені құру болып табылады.
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Президент тапсырмалары мен Бағдарлама басымдықтарын ескере отырып, ғылыми зерттеу саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындап, сондай-ақ ғылымға арналған бюджет бойынша ұсыныстар енгізетін болады және іргелі әрі қолданбалы зерттеулер көлемін айқындайды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш түрі көзделетін болады, олар: гранттық – елдің ұлттық басымдылықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; нысаналы бағдарламалық – стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; және базалық – мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан шетел сарапшыларының қатысумен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) және салалық министрліктердің, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен басым бағыттар бойынша ғылыми кеңестер құрылатын болады.
Ғылыми өтінімдерді ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лер беретін болады, бұл қойылған міндеттерді шешуде ғылыми еркіндікті көздейді. МҒТС өтінімдерге шетел сарапшыларын тартып, жаңашылдық, перспективалық және ғылыми негіздемелігі мәніне техникалық сараптама жүргізгеннен кейін Ғылыми кеңестер зерттеулердің басым бағыттарына негізделген грант беру туралы шешім қабылдайды.
Жоғары оқу орындарын ғылыми зерттеулерге белсенді қатыстыру үшін жоғары оқу орындары, ҒЗИ-лер және ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылатын болады, сондай-ақ грантты алушы үміткерлер үшін конкурс шарттары тең қамтамасыз етіледі.
Астана қаласының Жаңа университеті (Nazarbayev University) және Қазақстанның жұмыс істеп тұрған ірі университеттері базасында зерттеу орталықтары, ұлттық зертханалар, инжинирингтік, жобалау-конструкторлық бюро желісі құрылатын болады.
Зияткерлік меншік объектілерін кешенді және сенімді қорғау тиімді ғылымды дамытудың міндетті шарты болмақ.
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инвестицияларды тарту мақсатында жеке бизнестің белсенді қатысуы қажет, бұл үшін мемлекеттік кредит және мемлекеттік тапсырыс түрінде бастапқы мемлекеттік қолдау көзделетін болады.
Ғылыми қызметті басқару жүйесі мен әкімшілік ету «ғалым – шенеунік – ғалым» қағидаты бойынша жұмыстан «бизнес – шенеунік – ғалым – бизнес» қағидатына бағдарланатын болады.
Ғылымды қаржыландыру құрылымы мынадай бөлікте өзгертілмек – іргелік зерттеулер 20 %, қолданбалы зерттеулер 30 %, ТКЖ 50 %.
«Нақты сектордың қажеттіліктер базасы» жаңа ақпараттық ресурсы құрылып, онда кәсіпорындардың қажеттіліктері мен оларды шешу жолдарын қоса алғанда, өнеркәсіп кәсіпорындарын зерттеу нәтижелері жинақталатын болады (зерттеу ұйымдары және бизнес қажеттілігін қанағаттандыра алатын әлеуеті бар дайын технологиялық шешімдер).
Инновациялық саясат
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010 жылдың соңына дейін орта мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіп салаларының басымдықтары бойынша елдің салааралық ғылыми-техникалық жоспарларының нақты міндеті белгіленіп әзірленеді, ол экономиканың басым салалары бойынша елдің нақты белгіленген технологиялық міндеттерін қамтитын Республиканың технологиялық дамуының жаңа деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Салааралық жоспар шеңберінде қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады (гранттар, инжиниринг, сервис, бизнес-инкубациялау және т.б.), инновациялық даму институттары, ҒЗИ, ЖОО-лар, отандық кәсіпорындар, инвесторлар және т.б. технологиялық міндеттерді орындаушылар ретінде көрінеді.
Таяудағы 2-3 жылға арналған инновациялық саясаттың негізгі екпіні технологиялар трансферті, техникалық жаңғырту, бизнес-процестерді жетілдіру, басқару технологияларын енгізу арқылы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін ынталандыруға жасалатын болады. Бесжылдықтың екінші жартысына қолдау векторын шығарылатын өнім сипатын сапалы жақсартуға, жаңа бәсекеге қабілетті өнімді және оларды дайындау бойынша технологиялық процестерді әзірлеуге ынталандыруға ауыстыруды жоспарлайды.
Осы жұмыстың салааралық үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрылады, оның негізгі міндеті елдің инновациялық саясатын қалыптастыру және іске асыру болады.
Жыл сайын ғылыми және технологиялық болжамдау, әлемдік және инновациялық нарықтың және жүргізілетін инновациялық саясат тиімділігінің технологиялық даму перспективаларының жай-күйін талдау бойынша зерттеулер (үздік шетелдік және отандық сарапшыларды тарта отырып) жүргізіліп, Үкіметке нақты ұсынымдар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша нақты ұсынымдар берілетін болады.
Салалар мен өңірлер бөлінісінде технологиялық даму бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне рейтингтік бағалау жүргізілетін болады.
Инновациялық қызметті қолдауда мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
инновациялық, оның ішінде қоса қаржыландыру шарттарымен гранттар бөлу;
жобалық, оның ішінде басым салаларда зәкірлік (брендтік) инвесторлармен БК құруға бағытталған қаржыландыру;
халық арасында инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын, PR-стратегиялар, жастар мен кәсіпорын қызметкерлері, бизнесмендер арасындағы конкурстар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және басқа да іс-шаралар өткізуді қамтитын кешенді насихаттау жұмыстарын іске асыру;
2010–2012 жылдары Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында технопарктер, Технологияларды коммерцияландыру орталықтары құрылатын болады, оның негізгі міндеті нарыққа отандық инновациялық әзірлемелерді енгізу және жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық міндеттерді шешудегі өнеркәсіп кәсіпорындары қажеттіліктерінің және отандық зерттеушілердің енгізуі үшін ұсынылатын қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелердің деректер базасын құру және қолдау болып табылады.
Қосымша элементтер ретінде 2010–2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылады, 2010–2012 жылдары ұйымдастырылатын Каспий энергетикалық хабының базасында Мұнай-газ технологиялық орталығы құрылады.
Құрылатын салалық конструкторлық бюролар пайдаланылатын жабдықтардың, шығарылатын өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсарту, тәжірибе-өнеркәсіптік үлгілерін жасауда техникалық жәрдемдесу жөнінде қызметтер көрсететін болады. Конструкторлық бюро сонымен қатар машина жасау кәсіпорындарының роялти және өзге де қаржы тетіктері шарттарында конструкторлық және жобалық құжаттамаларды беру арқылы жаңа өнімдерді енгізуін жеделдетуге ықпал етеді. Барлық отандық кәсіпорындар бірыңғай шарттар бойынша тәжірибелік-конструкторлық бюро қызметтеріне қол жеткізетін болады.
Инновациялық даму институттары инновациялық жобаларды іске асыру үшін халықаралық даму институттарының қаражатын тарту мәселесін белсенді түрде пысықтайтын болады.
Мемлекеттік қолдауды іске асыру қаражаты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде инновациялық даму институттары арқылы беріледі.
Өнеркәсіпті жаңғырту
Салааралық жоспарды іске асыру шеңберінде ірі ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, орта мерзімді перспективаға (5 жылға) арналған технологиялық бағдарлары сипатталған Технологиялық келісімдер әзірленеді және қол қойылады.
Бұл осы міндеттерді шешуге отандық шағын және орта бизнесті тарта отырып, нысаналы бағытталған мемлекеттік технологиялық саясатты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Техникалық, технологиялық және басқару деңгейлеріндегі отандық кәсіпорындардың өсуін ынталандыру және олардың тиімділігінің жасырын әлеуетін іске асыру мыналар арқылы жүргізілетін болады:
қазіргі заманғы басқару және кешенді инжинирингтік шешімдерді енгізу. Бұл ретте құзыретті сарапшыларды, халықаралық инжинирингтік ұйымдарды іздестіру мен тартуға, семинарлар ұйымдастыруға және инжинирингтік шешімдер технологияларды енгізгеннен кейінгі сүйемелдеуге көмек көрсетілетін болады;
негізгі қорларды жаңарту үшін отандық кәсіпорындарға жеңілдікпен кредит беру және лизинг. Жыл сайын Қазақстанның Даму Банкі, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – КДҚ «Даму» АҚ) арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңілдікпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңілдікті жағдайлармен жабдықтар лизингін беру үшін қаражат бөлінетін болады;
отандық кәсіпорындарды өнімнің және технологиялық үдерістердің сапасын көтеруге ынталандыру. Прогрессивті стандарттар мен техникалық регламенттер енгізілетін болады, оларды сақтау үшін кәсіпорындар перспективалы технологиялық шешімдерді, оның ішінде отандық ғылыми ұйымдардың көмегімен белсенді түрде іздестіретін, әзірлейтін және енгізетін болады;
инновациялар саласындағы уәкілетті органның ірі компаниялар жүргізетін, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ҒЗТКЖ-ларды қоса қаржыландыруы (құқығының 25 %-іне дейін).
Заңнаманы жақсарту
1. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда қабылдау.
Мыналарға:
2. Салық кодексіне 150 % мөлшеріндегі корпоративтік табыс салығы бойынша ҒЗТКЖ-ға арналған шығындарды шегерімге жатқызу бөлігінде;
3. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына гранттардың жаңа түрлерін енгізу арқылы инновацияларды дамытуға ынталандыру бөлігінде;
4. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгерістер енгізу.
2.11 Тариф саясаты
Ағымдағы жағдайды талдау
Қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында шамамен 1000 субъект өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде:
552 – су кәріз жүйелері саласында;
407 – электр және жылу энергетикасы саласында;
177 – көлік саласында;
38 – мұнай мен газды тасымалдау саласында.
Табиғи монополиялар салаларында өндірістердің тозуы және технологиялық артта қалуы, осыған байланысты тиімділіктің төмендігі мен шығындар проблемасы орын алған, бұл көрсетілетін қызметтер сапасына және тұтынушыларға арналған тарифтер дейгейіне әсер етеді.
Қазіргі уақытта коммуналдық сектордың барлық табиғи монополиялар салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60 – 65 %-ды құрайды.
Нормативті шығындар деңгейінің жоғары болуынан басқа кәсіпорындарда нормадан тыс шығындар да орын алуда, олар тиімсіз жұмыс жасауға және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне алып келуде.
Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі олардың технологиялық жаңғыруы және инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты, сондай-ақ тарифтер деңгейі болжамдылығы табысты индустрияландырудың маңызды факторы болып табылады.
Негізгі міндеттер
Табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге негізделген тиімді тариф саясатын жүргізу.
Нысаналы индикаторлар
1. Базалық табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – ТМС) нормативтен тыс шығындарын (олар бар болса) төмендету пайызы:
|
Өлш.
бірлігі
|
2010жыл
|
2011жыл
|
2012жыл
|
2013жыл
|
2014жыл
|
электр желілерінде:
|
%
|
1,5
|
1,5
|
1,0
|
0,5
|
-
|
жылу желілерінде:
|
%
|
2,0
|
2,5
|
2,0
|
0,5
|
-
|
су шаруашылығы желілерінде:
|
%
|
2,5
|
1,0
|
0,5
|
0,4
|
-
|
1. Базалық ТМС-ның нормативтік техникалық шығындарын бекітілген пайыздан төмендету пайызы:
|
Өлш.
бірлігі
|
2010жыл
|
2011жыл
|
2012жыл
|
2013жыл
|
2014жыл
|
электр желілерінде:
|
%
|
1,3
|
1,0
|
0,5
|
0,2
|
0,1
|
жылу желілерінде:
|
%
|
1,5
|
1,8
|
1,0
|
0,3
|
0,1
|
су шаруашылығыжелілерінде:
|
%
|
2,6
|
2,0
|
2,0
|
1,0
|
1,0
|
3. Реттелетін қызметтер тарифтерінің болжамы (ұлттық валюта бағамының, газ, көмір, мазут құнының тұрақтылығы мен көрсетілетін қызметтер көлемінің өзгермеуі шартында).
3.1. Электр қуатына арналған босату бағаларының өзгерісі
Қызметтердің атауы
|
Өлшем
бірлігі
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен
|
теңге/кВт
|
10,14
|
11,09
|
12,33
|
13,48
|
14,65
|
3.2. Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау тарифтерінің болжамы
Тасымал түрі
|
Өлшем бірлігі
|
болжам
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
облысаралық тасымалда
|
%
|
17,6
|
15
|
15
|
15
|
15
|
экспорттық тасымалда
|
%
|
17,6
|
15
|
15
|
15
|
15
|
4. Реттелетін тарифтер деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету:
|
Өлшем бірлігі
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субъектілерінің саны
|
дана
|
12
|
15
|
11
|
10
|
12
|
Іс-қимылдар стратегиясы
Реттелетін нарықтар субъектілерінің тариф белгілеу жүйесін жетілдіру тарифтердің экономика салаларын дамытуға әсерін бағалау құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылатын болады.
Алдағы кезеңде мыналар көзделеді:
өңірлік электр желілері компаниялары (бұдан әрі – ӨЭК) қызметінің тиімділігі дәрежесін ескеретін тарифтер белгілеу үшін реттеуді ынталандыру – салыстырмалы талдаудың жаңа әдісін тәжірибеге енгізу жолымен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және қызметтер көрсету технологиясын оңтайландыруға ынталандырады;
тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгілеген кездегі тұтыну көлемдеріне байланысты сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтер енгізу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеуді көздейтін әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
реттелетін нарық субъектілеріне белгіленген баға деңгейлерін көтермей реттелетін нарықтарда болып жатқан өзгерістерге икемді ден қоюға мүмкіндік беретін реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне бағаның шектелген деңгейлерін енгізу. Бұл ретте реттеуші орган сараптама жүргізген кезде бағаны төмендетуге құқылы.
Экономика салаларының дамуына әсер ететін тарифтердің өзгеруі инфляцияның жоспарланған дәлізі, сондай-ақ Үкімет айқындайтын инфляция деңгейіне реттелетін қызметтердің үлесі ескеріле отырып көзделеді.
Табиғи монополиялар субъектілерін нормадан тыс шығынды жою және нормативтік шығынды ысырапты қысқарту негізінде өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыру үшін тарифтерді есептеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |