Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 14.Сүттену физиологиясы



жүктеу 0,82 Mb.
бет2/3
Дата07.12.2017
өлшемі0,82 Mb.
#3377
1   2   3

Тақырып 14.Сүттену физиологиясы


1. Сүт пен уыздың құрамы

2. Сүттің пайда болуы

3. Сүттің бөлінуі

Сүттену – төлдеген малдың және басқа сүт қоректі жануарлардың желінінде сүттің пайда болатын кезеңі. Сүттену деп сүттің организмнен бөліну процесін айтады. Сүткоректілерде сүт безі немесе малда желін жақсы дамыған. Желін тер шығару бездерімен генетикалық байланысы бар. Барлық сүтқоректілерде сүт бездері терінің эпидермисында, қолтық астында шапқа шейін ораналасқан. Бұл бездердің барлығы тек жыртқыштарда, шошқалар мен кеміргіштерде дамыған. Қалған малда сүт бездерінің 1-2 жұбы ғана дамыған. Желіннің морфофилогенездік белсенділігі туғаннан жыныстық жетілуге дейін нашар болады. Жыныстық жетілуден соң желіннің ағу жолдары мен альвеолалары өсе бастайды. Буаз малдың желініндегі без ткані үлкейіп, нерв талшықтары мен қан тамырлары көбейе бастайды. Буаздықтың екінші жартысында желіннің секреторлық эпителиі жұмыс істей бастайды. Сиырдың желіні үш жұп бездің қосылуынан пайда болады. Осы бездердің екі жұбы дамып, ал бір жұбы жетілмеген болады.. Желін төрт ширектен құралған. Сиырдың желіні қан мен лимфа тамырлары, нерв талшықтары бар безден және дәнекер ұлпадан құралған. Желін секреторлық және моторлық қызметтерді атқарады. Сүттің желінде пайда болып, альвеолалар куысына бөлінуін секреторлық қызмет дейді. Сүт желіннің альвеолаларында түзіледі. Пайда болған сүт, желін цистерналарында жиналады. Әр цистернаның көлемі 80-500 мл. Желіннің қызметі туғаннан соң 5-8 апта ішінде күшейеді. Осы кезде желіннің салмағы организм салмағының үш процентіне жетеді. Сүт өнімділігі жылына 4000 кг болатын сиырдың желінінен сүтпен бірге 500 кг құрғақ заттар соның ішінде 132 кг белок, 152 кг май, 188 кг қант пен 28 кг әртүрлі тұздар бөлініп шығарылады.



Сүттің амфотерлік реакциясы бар. Оның сыбағалы салмағы 1,027-1,033. Сүттің құрамында 87 процент су, ал қалған 13 процент құрғақ заттар. Оларға альбумин, глобулин мен казеиноген құнды белоктар, 3-6 процент май, лактоза қанты, калий, натрий, кальций мен магний тәрізді тұздар жатады. Уыз - дегеніміз төл туғаннан кейін 5-7 күннің ішінде бөлінетін секрет. Оның түсі – ақ сарғыш, өзіне тән иісі бар, әлсіз қышқыл реакциялары, тұздағандай дәмі бар зат. Уызда 71,6 процент су, 15-85 процент альбумин мен глобулиндер 4,83 процент казеиноген, 2,37 процент май, 1,48 процент қант, А мен С витаминдері, иммундық денелер болады. Түғанда іште болатын нәжісі айдап шығаратын магний тұздары бар.

Сүттің пайда болуы секреторлық процеске байланысты. Сүт желіннің альвеолаларындағы ферментативтік құбылыстар арқылы түзіледі. Сүт безінің 100 г паренхималық ткані 15 сағаттын ішінде 500 г сүт түзеді.

Сүт құрамындағы заттардың кейбіреулері қаннан дайын күйінде ауысады, ал басқалары ферментативтік құбылыстың әсерінен желіннің өзінде пайда болады. Мысалы, глобулиндер қанның плазмасынан сүтке ауысады. Ал казеиноген белогі болса, ол қандағы амин қышқылдары мен глюкопротеин бөліктерінен түзіледі. Казеиногеннің құрамы күрделі, ол әр амин қышқылдарынан құралған. Лактоглобулиндер қанның белоктарынан түзіледі. Сүттің майы қандағы глицерин мен май қышқылдарынан түзіледі

Сүттің бөлінуі. желіннің секреторлық клеткалар эпителийінде сүттің пайда болуы күрделі зерттелмеген құбылыс. Сүт негізінен мерокринді жолдармен бөлінеді деп саналады Эпителиальді клетка қаннан керекті заттарды тандап алып, оларды сүттің құрамына жоғары жағына саралап, бірте - бірте мембранадан өткіеді.

Сүттің бөлінуі екі кезеңде өтеді:


  1. нервтік кезең – емшек рецепторларының тітіркенуінен басталып жұлынға, сопақша миға, гипоталамустың супраоптикалық ядролары мен ми жарты шар қыртысына қозу барады. Қозуға жауап гипоталамустың супраоптикалық трактысы арқылы нейрогипофизге, онан әрі симпатикалық нервтер арқылы желінге барады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-4 секунд

  2. нейрогуморальдық кезең гипоталамустың супраоптикалық ядроларынан бөлінетін окситоцин гормонымен байланысты. Бұл гормон желін альвеолаларының жиырылып сүттің бөлінуіне тікелей әсер етеді. Сүттің толығынан бөлінуі үшін малды жылдам сауу керек. Мұның себебі окситоцин гормоны бірнеше минут ішінде қанда окситоциназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Сүттің пайда болуына пролактин, самотропин тиреотропин мен АКТГ сияқты аденогипофиздің гормондары әсер етеді.

Тақырып 15. Ауыл шаруашылығы малының беймделуі

1.Беймделудің жалпы сипаттамасы

2. Малдың әр түрлі температурадағы беймделуі

3. Тау жағдайына бейімделу

Бейімделу немесе адаптация – дегеніміз айналадағы ортаның нақтылы жағдайларына байланысты организмде болатын морфофизиологиялық өзгерістердің жиынтығы. Бейімделудің арқасында ауаның төменгі немесе жоғарғы температурасына, оттегінің, судың және жарықтың жетіспеуіне, азықтардың түріне және тағы да көптеген факторларға организмнің тұрқатылығы жоғарылайды.. Айналадағы ортаның әр түрлі жағдайларына байланысты бейімделудің негізі экологиялық, гентикалық классификацияға байланысты. Физиологиялық бейімделу малдың түріне, жеке басына және популяциясына байланысты болып бөлінеді. Популяциялық бейімделу дегеніміз айналадағы ортаны белгілі жағдайларына байланысты бір түрдің тұқымының өсіп- өнуі.

Кейбір жануарлар суық жаққа, кейбіреулері таулы жерге, ал енді біреулері- тропикалық климатқа бейімделген. Жануарлардың кейбіреулері айналадағы ортаның қолайлы жағдайында құнарсыз азықтарды жақсы пайдаланып, төмен өнім береді, ал басқалары жоғары сапалы азықтарды қажет етеді де, адамға керекті мол өнімдер береді.

Әр малдың жасына байланысты өзіне қолайлы температурасы бар. Мысалы, жаңа туған бұзаулар үшін ауаның температурасы 24-26 , жас бұзаулар үшін 16-18 , бір жастан дейін 3-5 ал өнім беретін сиырларға – ноль градустан төмен. Туғаннаң соң бес айға дейінгі, бұзаулар денесінің температурасы физикалық реттеу арқылы бір қалыпты сақталады.

Ауа температурасының өзгеруі төлдерге үлкен әсер етеді. Мысалы, ауа температурасы 15-ке тең болған жағдайдағы бұзаулар денесінің температурасы 17-20. Ауадағы температураға қарағанда 0-5 –қа, терісінің температурасы 0,5-2,9-ға төмендеп, тыныс алуы мен жүрек соғуы баяулайды. Ауаның температурасы 15 болған жағдайда бұзаулар денесінің температурасын реттеу қалыпты жағдайда өтеді. Бұл бұзаулардың қанындағы лейкоциттер саны, қанның сары суының бактериоцидтік және лизоцимдік белсенділігі ауа температурасы 20- та болған бұзауларға қарағанда жоғары болады.

Кейбір жануарлар судың жетіспеуіне жақсы бейімделген. Мысалы, шөлді аймақтарға бейімделген түйелер мен құйрықты қойлар организімінде май жиналады. Түйенің өркешінде қор ретінде 100 кг-ға дейін май жиналады. Су жетіспеген жағдайда осы май тотығып, 40-50 л-ге дейін су бөлінеді. Сондықтан түйелер сусыз 10-12 күн өмір сүре алады. Су аз болған жағдайда түйе денесінің температурасы 5 дейін жоғарылайды. Жылқы, мүйізді ірі қара мен құйрықсыз қойлар мұндай температура көтерілгенде өмір сүре алмайды.

Организмнің таулы жерлерге беймделуі екі бағытта өтеді:

1- тканьдерге оттегін тасымалдауы көбейту жолдарының физиологиялық қосымша механизмдерін қосу;

2- тканьдердің оттегі жетіспеу жағдайларына бейімделуі. Организмнің бейімделуі реакциясы таудың биіктігіне байланысты. Халықаралық классификациясы бойынша 100 м-ге дейінгі биіктік орта, ал 2000 м-ден жоғарғы – биік тауларға жатады. Оттегі төмен ортаға бейімделу 20-25 күнге созылады. Бұл беймделуі үш сатыда өтеді: 1- өкпедегі ауаның алмасуы күшейіп, қанның мөлшері мен ондағы эритроциттер саны көбейіп қан ферменттерінің белсенділігі жоғарылап, қышқылдық – сілтілік тепе - тендік өзгереді; 2- ткань ферменттері мен гемоглобин мөлшері көбейеді; 3- өттегін пайдалану төмендеп, қанттардың өттегі жөұ ортада ыдырауы күшейіп, организмнің жалпы қарсылығы жоғарылайды; Ауадағы оттегінің жетіспеуін гипоксия дейді.

Ми жарты шары қыртысының нейрондары, қан тамырлары мен тыныс алу орталықтары, гтироксия жағдайында өте сәзімтал болады. Бүйрек бауыр мен жүрек бүлшық еттері оттегі жетіспеуін көп сезбейді. таға котерілген сайын қойлар қанындағы оттегінің мөлшері азаяды. Бұл жағдайдағы қандағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері көбейіп, тыныс алу жиіленіп, газдар алмасуы жоғарылайды.

3. Зертханалық сабақтардың тақырыптары.

Тақырып 1. Физиологияда қолданылатын негізгі әдістермен және лабораториялық құрал-жабдықтармен танысу.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді қалыпты физиология сабағында қолданылатын құрал - жабдықтармен таныстырып, эксперимент жүргізіп, бақылау жасауды және протокол жүргізуді үйрету.

Тапсырма 1. Лабораториялық аспаптармен құрал- жабдықтарды көрсетіп, оларды сабақта пайдаланылатынына қысқаша түсінік беруі (электростимулятор, руминограф, миографтар, штативтер, кимограф гемометр Сали, Горяев камерасы, Панченков аппараты, меланжерлер, вязкозиметр және т. б.).

Тапсырма 2. Жанауарларды матап- байлау әдістері

Тапсырма3. Жануарларға шектелеген және жалпы наркоз беру

Бақылау сұрақтары:


  1. Физиология мақсаты және міндеттері ?

  2. Физиологияның даму тарихы ?

  3. Физиологиялық зерттеулерде қолданылатын тәсілдер ?

  4. Тітіркендіргіштер дегеніміз не, олардың классификациясы ?

  5. Тітіркену, қозу, қозғыштық деген не ?

  6. Нерв импульсы деген не ?

  7. Рефлекс дегеніміз не ?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13

Тақырып 2. Нерв - бұлышық ет препаратын дайындау. Қозғыш ұлпалардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Нерв-бұлшық ет препаратын дайындау әдісін меңгеру. Ет талшықтарының физиологиялық қасиеттерін зерттеу

Тапсырма 1. Нерв - бұлшық ет препаратын дайындау

Тапсырма 2. Ет пен нерв талшықтарына әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін анықтау

Тапсырма 3. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысын анықтау.

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13



Бақылау сұрақтары:

  1. Қозу дегеніміз не ?

  2. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі?

  3. Қозғыштық табалдырығы деген не ?

  4. Қай тканьдердің қозғыштығы жоғары ?

  5. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай ?

  6. Оптимум, пессимум деген не ?

Тақырып 3. Тірі ұлпалардағы электірлік құбылыстар.


Сабақтың мақсаты: Тірі ұлпалардағы биоэлектірлік тоғының бар екендігін және ықпал мен дамыл тоғының болатынын анықтау

Тапсырма 1. Гальванидің 1-ші тәжірибесі. Нәтижесін жазу, қорытынды шығару.

Тапсырма 2. Гальванидің екінші тәжірибесі. Дамыл тоғының пайда болуының схемасын салу. Нәтижесін жазу, қорытынды шығару.

Тапсырма 3. Маттеучидың 2-ші тәжірибесі. Ықпал ток бар екенін көрсетеді. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тірі ұлпаларда қандай тоқ пайда болады ?

  2. Гальванидің тәжірибелерінің маңызы қандай?

  3. Маттеучи тәжірибелерінің маңызы қанадй ?

  4. Ұлпаларда биопотенциалдардың пайда болу механизмінің қазіргі кездегі қөзқарасы (теориялары) ?

Әдебиет: (8,9,10,11,12,13)

Тақырып 4. Жұлын рефлекстері.

Организмнің физиологиялық қызметтерінің реттелуі нервтік іс әрекетті функциональдық бірлігі рефлекс арқылы іске асады. Рефлекс деп орталық нерв жұйесінің қатысуымен болатын организмнің тітіркендіруге жауап беру реакциясын айтады. Рефлекс кезіндегі қозудың жүріп өткен жолы рефлекторлық доға болып саналады.



  1. Бақылау сұрақтар арқылы тақырыптын теориялық талдау. БЖ жазу

  2. Бақанын жұлын рефлекстерін бар екенің практикалық жұмыс өткізу

Сабақтын мақсаты: Рефлекс уақытының неге байланыстылығын анықтау. Рефлекторлық доғаның бар екенін және оның бөлімдерінің бүтін болуын анықтау

Тапсырма 1. Бақаның жұлын рефлекстері Жұлын рефлекстері жұлын бар бақада ( бас миы алынып тасталған) рефлекторлық доғамен танысу және әрбір түйінің маңызын дәлельдеу. Рефлекторлық доғанын үзбелерің схема арылы салу. Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тапсырма 2. Рефлекс уақытын анықтау.

Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Рефлекс дегеніміз не ?

  2. Рефлекстің классификациясы ?

  3. Рефлекстің биологиялық маңызы ?

  4. Рефлекторлық доға дегеніміз не ?

  5. Рефлекторлық доғаның бөлімдері, олардың қызметі ?

  6. Рефлекстің рецептивтік аймағы дегеніміз не ?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13

Тақырып 5. Шартты рефлекстердін пайда болуы

Жоғары дәрежелі нерв қызметі үлкен ми жартышарларының әрекетімен байланысты жәнеде ол малдың мінез- қылығымен бейнеледі. Үлкен ми жартышарлары қызметінің нәтежесінде жануарлар қоршаған орта жағдайларында дұрыс бейімделеді, организм мен сыртқы орта арасында тиімді байланыс қалыптасады.
Тапсырма 1. Бақылау сұрақтар арқылы тақырыптын теориялық талдау. БЖ жазу

Тапсырма 2. И.П.Павловтың әдісі арқылы шартты рефлекстер пайда болуын практиқалық жұмыс өткізү.

Тапсырма 3. Әтеште шартты рефлексті қалыптастыру. Тәжірибе өткізгенде әтештің қозғалысын кимографка жазу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Орталық нерв жүйесінің қай бөлігіне жоғары дәрежелі қызметі жатады?

  2. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметінің негізінде не жатады ?

  3. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметін анықтау тәсілдері ?

  4. Шартты рефлекс дегеніміщ не ?

  5. Шартты рефлекстің пайда болуы механизмі ?

  6. Шартты рефлекстер қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет ?

  7. Шартты рефлекстің маңызы қанадй ?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13
Тақырып 6. Көру және тері анализаторлар

Организмнің кезкелген жерінде түрлі тітіркендірулерді сезетін рецепторлар болады. Бұл рецепторлардың жиынтығы сезім мүшелері деп аталады. Олардың рецепторларына тітіркендіргіштер әсер еткен кезде сол мүше қызметіне тән түйсік пайда болады.



Сабақтын мақсаты: Қөз торшасындағы соқыр дақты табу. Жылуды және муықты сезетін рецепторлардың бөлек орналасқан дәлелдеу, және терінің 1 см ауданындағы олардын саның анықтау

Тапсырма 1. Соқыр дақты табу ( Мариотта тәжірибесі). Мариотта суретін салу, қорытынды жасау.

Тақырып 2. Тері рецепторлары. Сызғыш арқылы өлшеп нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:
1. Анализаторлар дегеніміз не және қандай қызмет атқарады ?

2. Көру анализаторларының құрылысы мен қызметі

3. Көз аккомадациясы мен адаптациясы дегеніміхз не, оның механизмі қандай?

Әдебиет; 8,9,10,11,12,13
Тақырып 7. Нерв - бұлшық ет, ОНЖ, ЖДНҚ және анализаторлар тарудан қорытынды сабақ:

Коллоквиум сүрақтары:

1.Фыизиология мақсаты және міндеттері ?

2.Физиологиялық зерттеулерде қолданалатын тәсілдер ?

3. Тітіркендіргіштер дегеніміз не, олардың классификациясы ?

4.Тітіркеу қозу, қозғыштық деген не ?

5.Рефлекс дегеніміз не ?

6.Қозу дегеніміз не ?



  1. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі?

  2. Қозғыштық табалдырығы деген не ?

  3. Қай тканьдердің (үлке) қозғыштығы жоғары ?

  4. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай ?

  5. Оптимум, пессимум деген не ?

12.Тірітканьдерде қандай тоқ пайда болады ?

13. Гальванидің тәжірибелерінің маңызы қанадай

14. Маттеучи тәжірибелерінің маңызы қанадй ?

15. Үлпаларда биопотенциалдардың пайда болуы механизмін қазіргі кездегі қөзқарас (теориялар) ?

16.Рефлекстің классификациясы ?

17.Рефлекстің биологиялық маңызы ?

18. Рефлекторлық доға дегеніміз не ?

19. Рефлекторлық доғаның бөлімдері, олардың қызметі ?

20.Рефлекстің рецептивтік аймағы дегеніміз не ?

21.Орталық нерв жүйесінің қай бөлігіне жоғары дәрежелі қызметі жатады ?

22. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметінің негізінде не жатады ?

23. Үлкен ми жарты шар қыртысының қызметін анықтау тәсілдері ?

24. Шартты рефлекс дегеніміз не ?

25.Шартты рефлекстің пайда болуы механизмі ?

26.шартты рефлекстер қалыптасу үшін қандай жағдайлар қажет ?

27.Шартты рефлекстің маңызы қанадй ?


28.Анализаторлар дегеніміз не және қандай қызмет атқарады ?

29.Көру анализаторларының құрылысы мен қызметі

30.Қөз аккомадациясы мен адаптациясы дегеніміхз не, оның механизмі

қандай ?

31. Көз торшасының қурылысы қандай. Саутшылар мен таяқшылар

қызметің баянданыз ?

32. Есту анализаторларының құрылысы мен қызметі ?

33.Терморецепторларының түрлері мен ерекшеліктері ?

Әдебиет; 1 –13


Тақырып 8. Қанның физико-химиялық қасиеттері. Лейкоцитердің

саның анықтау.

Қанда сұйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, химиялық қасиеттерге- қанның әректешілік ортасы (рН), буферлік касиеттері, т.с.с жатады.



Сабақтың мақсаты: Қанның физикалық және химиялық қассиеттерімен танысу және оларды анықтау әдістерін меңгеру.

Тапсырма 1. Қан тығыздығын анықтау. Қанның плазманың және қан сарсуының тығыздықтарын түрлі әдістермен анықтауы. Гоммрешлаг суйық және ареометр аспап арқылы анықтау .Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тапсырма 2. Қанның, плазманың және қан сарысуының тұтқырлығын Рожанский әдісімен анықтау. Малдын қаны және вязкозиметр аспаб арқылы анықтау. Нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тапсырма 3. Лейкоциттердің саның анықтау. Горяева торын сүретін салу және формула арқылы лейкоциттердін 1мм3 зертельген қанд а саның шығару. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Әдеиіет; 8,9,10,11,12,13



Бақылау сұрақтары:

  1. Қан және оның құрамы ?

  2. Қан плазмасының химиялық құрамы. Қан сарсуы деген не ?

  3. Қанның осмостық және онкостық қысымы дегеніміз не ?

  4. қанның физикалық қасиеттері ?

  5. Буферлік жүйе не, оның маңызы қандай ?

  6. Ацидоз және оның түрлері ?

  7. Алкалоз және оның түрлері ?

  8. Лейкоциттердің құрылысы мен қаситеттері

  9. Лейкофрмула дегенімі не ? Оны қалай анықтайды ?

  10. Лейкоциттердін атқаратын қызметтері ?

  11. . Лейкоциттердің саны және оған әсер ететің факторлар


Тақырып 12. Эритроциттердің түну жылдамдығы (ЭТЖ) Гемолиз және

оның түрлері

Сабақтың мақсаты: Эритроциттердің тұну жылдамдығы мен осмостық тұрақтиылығын анықтау әдістерін иегеру және гемолиз құбылысын бақылау.

Тапсырма 1. Қан плазмасының эритроциттердің тұну жылдамдығына тигізетін әсерін анықтау. Панченокв аспабының суретін салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Тапсырма 2. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау (ЭОТ) Осмостық гемолиздің схемасын салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Әдебиет; 1,2,3,8,9,10,11,12,13



Бақылау сұрақтары:

  1. ЭТЖ және оның мехинзмнің түсіндіретін теориялар ?

  2. Әртүлік мал эритроциттерінің тұну жылдамдықтары ?

  3. Клиникада ЭТЖ мен ЭОТ анықтаудың маңызы және оларға әсер ететін факторлар ?

  4. ЭТЖ мен ЭОТ анықтау әдістері

  5. Гемолиз және оның түрлері


Тақырып 10. Кардиография. Автоматия және жүрек жұмысына

температураның әсері .

Жүрек – қан айналуының орталық мүшесі. Жоғары сатыдағы жүрегі төрт камерадан – екі жүрекше мен екі қарыншадан құралған. Жүрек жұмысы бірнеше циклден тұрады. Жұрек циклі дегеніміз оның жиырулын, босаңсуын және үзілісін қамтитын мерзім.



Сабақтын мақсаты: Бақа жүрегінің жүмысын кимографпен (арнаулы жазғыш құрал) жазып алу әдісін игеру.

Тапсырма 1. Жүрек циклінің фазаларын анықтау. Кимограмманның суретін салу. Қорытынды шығару.

Тапсырма 2. Станниус тәжірибелерді меңгеру және талдау. Кестені толтыру, қорытынды шығару.

Тапсырма 3. Жүрек жұмысына температураның әсерін байқау. Кестені толтырып, нәтижесін салыстырып, қорытынды шығару.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қан айналу шеңберлері ?

  2. Жүректің құрылысы ?

  3. Жүректің жұмысы. Жүрек жұмысы циклінің кезендері мен фазалары және оның мерзімдері ?

  4. Жүректің қақпақшалары, олардың маңызы ?

  5. Жүрек етінің морфологиялық ерекшеліктері

  6. Жүректін автоматизмі деген не және оның табиғатын қалай түсіндіруге болады ?

Әдебиет; 1,2,3,8,9,10,11,12,13


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау