Ќазаќстан Республикасыныњ бiлiм жєне ѓылым министрлiгi



жүктеу 16,7 Mb.
бет135/148
Дата14.05.2018
өлшемі16,7 Mb.
#13255
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148
Керілісті қосылыстардың қолданылуы.Керілісті қосылыстардың басқа қосылыстарға қарағанда кейбір ерекшеліктері бар:

1. Прессті қосылыстар қарапайым қосылысқа жатады.

2. Бөлшектер жақсы центрленіп, түсетін күш біркелкі бөлінеді.

Осыған орай олар үлкен жылдамдықтағы машиналардың бөлшектерін қосуда пайдаланылады. Осы аталған ерекшелігіне қарамастан олардың кемшіліктері де бар. Біріншіден, жұмыс істеу қабілеттілігі көптеген факторларға, яғни үйкеліс коэффициентіне, керуге және т.б. байланысты. Екіншіден, бөлшектерді жинау кезінде едәуір кернеулер пайда болады.

Қазіргі уақытта бөлшектерді өте жоғары дәлдікпен жасау технологиясының дамуына байланысты керілісті қосылыс көп пайдаланылады.

Тісті дөңгелектердің, маховиктердің, подшипниктердің білікпен және басқалармен қосылуы престі қондырудың көмегімен орындалады. Сонымен қатар престі қосылыс иінді біліктер мен червяк дөңгелектерін жасауда да пайдаланылады.

Практикада көбінесе престі және шпонкалы немесе шлицті қосылыстар қатар қолданылады. Мұнда престі қосылыс негізгі немесе көмекші болуы да мүмкін.Керу арқылы жанасу беттері жалпақ болып келген бөлшектерді де қосуға болады. Бұл жағдайда қосылыс қосымша элементтердің: тартушы шығыршықтардың, сақиналардың және т.б. көмегімен орындалады

Бұрандалы қосылыстар.Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т.б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка – бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька – екі жағы да бұрандалы сырық.

Машиналарда бұрандалы бөлшектер көп кездеседі. Кейбір машиналарда олардың саны барлық бөлшектердің 60 % -ін құрайды. Өйткені бұрандалы қосылыстардың ажырамайтын қосылыстарға қарағанда мынадай артықшылықтары болады:

1. Тез жиналып, онай сұрыпталынады (ажыратылады).

2. Бұранданың сына тәрізді әсер етунің нәтижесінде және кілт ұзындығының бұранда радиусына қатынасы үлкен болғандықтан қосылыстарды қысатын үлкен осьтік күш пайда болады, сондықтан бұрандалы қосылыстар берік келеді.

3. Бұрандаларды өте дәл әзірлеуге болады және олардың конструкциясы қарапайым келеді.

4. Белгілі жағдайда өздігінен тежелу қасиеті пайда болады.



Бұранда сызығының пайда болуы және оларды дайындау әдістері.Егер цилиндрдің бүйір бетіне тікбұрышты иілгіш үшбұрышты цилиндрдің табаны мен үшбұрыштың қатеті беттесетіндей етіп орасақ, онда иілгіш үшбұрыштың гипотенузасы бұранда сызығын сызады. Мұндағы - қатет; - бұранда сызығының көтерілу бұрышы; - бұранда сызығының жүрісі.

Өндірісте бұрандаларды әр түрлі әдістермен дайындайды.

а) Қарапайым бұрынданы кескішпен қолдан дайындауға болады. Бұл әдіс өнімділігі шамалы болғандықтан шағын өндірістер мен жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.

б) Бұранданы кескіш арқылы темір жонатын немесе арнаулы болт өндейтін станоктарда дайындауға болады.

в) Арнаулы фрезерлік станоктарда дайындалады. Бұл әдіспен дәлдікті талап ететін, үлкен диаметрлі винттер дайындалады.

г) Құю әдісі. Мұнда пластмассадан, шойыннан және шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю процесінде жасауға болады.

д) Сығу әдісі. Жұқа қабырғалы қаңылтырдан және пластмассадан штамптау немесе үлкен қысыммен қысу арқылы жасалатын бөлшектерге бұранда сызығын сығу арқылы түсіреді.

е) Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда да кесіледі.

Мұндай өнімділігі жоғары, әрі арзан әдіспен стандартты қозғылыс қажетіне арналған бұрандалар әзірленеді (болттар, гайкалар т.б.).
Бұранданың геометриялық параметрлелері Бұранда төмендегідей параметрлермен сипатталады: d – бұранданың сыртқы диаметрі, яғни бұранда орамының сыртқы төбелері арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; d1 – бұрынданың ішкі диаметрі, бұранда орамының ішкі табандары арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; H1 – гайка мен винт орамы жанасатын профильдің жұмыс биіктігі; Ph – бұранда жүрісі, бұл гайканың бір айналу кезіндегі жылжу шамасын көрсетеді; Р – бұранда қадамы немесе бұранда аралығы.

Бұранда сызықтарын өзара параллель етіп бірнешеуін қатар жүргізуге болады және ондай бұрандаларды көп кірісті бұрандалар деп атайды. Олар бұранда сызығының кіру санына байланысты екі, үш және төрт кірісті болып бөлінеді. Бір кірісті бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп қолданылады.



Бекіту бұрандалары көбінесе бір кірісті болып келеді. Ал көп кірісті бұрандалар тек жүк көтеретін винттерде қолданылады, себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары келеді. Дегенмен оларды дайындау технологиясы күрделі.

Бұранда жүрісі: , n – бұранда сызығының кіру саны; - бұранданың көтерілу бұрышы. Көп кірісті бұрандалар үшін tg , ал бір кірісті бұрандалар үшін tg болады.

Бұранданың параметрлері мен оның дәлдік шектерінің өлшемдері стандартталған.


жүктеу 16,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   148




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау