ОӘК042-14-1-02.1.20.45/03-2011
|
Ред№2____________
|
бет -
|
Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi
|
3 деңгейдегі құжат
|
ОӘК
|
ОӘК042-14-1-02.1.20.45/03-2012
|
«Теориялық және қолданбалы механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.
|
№1 Баспасы
|
«Теориялық және қолданбалы механика» пәнінің
оқу-әдістемелік кешені
5В072400 «Технологиялық машиналары мен жабдықтары»
мамандығы үшiн
Оқу-әдістемелік материалдары
Семей 2012
МАЗМҰНЫ
1.Глоссарий……………………………….........3
2. Дәрістер……………………………………..4
3. Тәжірбелік сабақтар………………………..96
4. Студенттердің өзіндік жұмыстары………..98
5 «Теориялық және қолданбалы механика»
пәнінің күнтізбелік жоспары………………..99
1. Глоссарий.
Стационар жүйе- барлық параметрлері уақытқа байланысты өзгермейтін жүйе.
Стационар емес жүйе - параметрлері уақытқа байланысты өзгеретін жүйе.
Топсалы механизмдер- звенолары тек айналмалы жұп құрайтын механизмддер.
Механизмның құрлымдық сұлбасы- механизмның тірегін, қозғалмалы звеноларын, кинематикалық жұптарды және олардың қалай орналасуын көрсетеді.
Абсолютты қатты дене – кезкелген екі нүктесінің қашықтығы өзгермейтін дене.
Кинематикалық жұп – өзара салыстырмалы қозғалыста болатын екі звеноның қосылысы.
Кинематикалық тізбек - өзара кинематикалық жұп арқылы байланысқан звенолар жүйесі.
Механизмның қалыптасқан қозғалысы – механизмның қозғалысы және оның кинетикалық энергиясы уақытқа байланысты периодты функция болып табылады.
Механизмдердің динамикалық талдауы – берілген күш әсерінен болатын механизм звеносының қозғалысын анықтау.
Кинетика –күш әсер еткендегі механикалық жүйенің тепе-теңдігін және қозғалысын қарастыратын механика бөлімі.
Кинетостатика – күш әсер еткендегі механикалық жүйенің тепе-теңдігін және қозғалысын қарастырғанда Даламбер қағидасын қолданатын механика бөлімі.
Механизмдер жүйесінің циклограммасы – механизмдердің атқарушы звеноларының уақытқа тәуелді орын ауыстыруының келісу сұлбасы.
Механизмдер жүйесінің тактограммасы– механизмдердің атқарушы звеноларының орына тәуелді орын ауыстыруының келісу сұлбасы.
Кері айналдыру әдісі –механизмнің қозғалатын звеносы шартты түрде қозғалмайтын звено ретіде қарастырлып механизмның қалған барлық звенолары осы звеноға байланысты салыстырмалы қозғалыста болады және мұнда тіректе қозғалатын звено ретінде қарастырла отырып механизмды жобалау және зерттеу әдісі.
Инерция моменті – кинетикалық энергиясы кезкелген уақытта механизм барлық звеноларының кинетикалық энергияларының қосындысына тең звеноның инерция моменті.
Механизмның келтірілген массасы- массасы шартты түрде механизмның нүктелерінің біріне түсірлген және кинетикалық энергиясы кезкелген уақытта механизм барлық звеноларының кинетикалық энергияларының қосындысына тең келтірлген звеноның массасы.
Қуат-белгілі уақытта істелетін жұмыс шамасы.
2. Дәрістер – бұл оқулық сабақтарының түрі, оның мақсты тәртібі ойша сақталып пәннің түсіндірілетін теориялық сұрақтарын қарастырудан тұрады.
.
§ 1.1 Күш. Статика аксиомалары
Күш -материялық денелердің өзара әсерлесуінің механикалық өлшеуіші ретінде алынатын шама. Күштің қатты денеге әсері келесідей параметрлер арқылы сипатталады (1.1-сурет):
1)сандық мәнімен (модулімен),
2)түсу нүктесімен,
3)бағытымен.
Халықаралық өлшемдер жүйесінде (СИ жүйесінде) күштің өлшем бірлігі ретінде 1 ньютон (1Н), ал МКГСС жүйесінде -1 кг-күш алынған. Олардың арақатынасы келесідей жазылады: 1кг=9,81Н немесе 1Н=0,102кг.
Күшті статикалық өлшеуде динамометр аспабы қолданылады.
Күштің шамасы мен қатар кеңістіктегі бағыты да қарастырылатын болғандықтан, ол векторлық шама болып табылады. Күш бағытталған СД сызығы күштің әсер ету сызығы деп аталады.
Статика бөлімін оқу барысында келесідей түсініктер жиі кездеседі:
Күштер жүйесі- денеге бірдей уақытта әсер ететін күштер жиыны (1.2-сурет).
Егер барлық күштердің әсер ету сызықтары бір жазықтықта жатса, онда күштер жүйесі жазықтықтағы, ал егер әсер ету сызықтары бір жазықтықта жатпаса, онда күштер жүйесі кеңістіктегі деп аталады.
1.1-сурет. Күшті графикалық түрде көрсету.
Сондай-ақ, әсер ету сызықтары бір нүктеде қиылысатын күштерді жинақталған күштер деп, әсер ету сызықтары бір-біріне параллель болып келетін күштерді параллель күштер деп атайды. Денеге әсер ететін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Еркін қатты денеге әсер ететін күштер жүйесін басқа бір күштер жүйесімен ауыстырғанда, дененің тыныштық күйі немесе қозғалысы өзгермейтін болса онда мұндай күштер жүйесі эквивалент күштер жүйесі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |