Айқастырып қосу. Айқастырып қосу. Айқастырып қосу қимасы үшбұрышты болатын жапсардың көмегімен орындалады. Мұндай жапсарлар қалыпты, дөңес және ойыс болып бөлінеді. Практикада қалыпты жапсарлар көп қолданылады.
Дөңес жапсарлар бөлшектердің қимасын өзгертіп, кернеу шоғырлануына себепкер болады. Ойыс жапсар кернеу шоғырлануын азайтады, сондықтан ол айнымалы күштер әсер ететін қосылыстарда қолданылады. Бірақ бұл қосымша өңдеу қажет ететін болғандықтан жауапты қосылыстарға ғана пайдаланылады. Бұрыштық жапсардың негізгі геометриялық өлшемдері ретінде катеті (К) және биіктігі (Һ) алынады.
Қалыпты жапсар үшін h = K sin 450 = 0,7 K көптеген жағдайларда жапсардың катеті қосылатын бөлшектердің қалындығына тең болады.
Жапсарлар өздерінің орналасуына байланысты флангілі, тік және қисық болып бөлінеді. Флангілі жапсарлар әсер етуші күшке бағыттас орналасады. Бұл жапсардағы негізгі кернеу ретінде тік бұрыштың биссектрисасы арқылы өтетін «т – т» қимасындағы жанама кернеу алынады. Бұл жанама кернеу жапсардың ортасына қарағанда шеттерінде көбірек кездеседі. Оның жапсар бойына бірдей бөлінбейтінін былай түсіндіруге болады. Мысалы, екінші бөлшекті мүлде қатты, ал бірінші бөлшек пен жапсарлары серпімді дейік, сонда F күшінің әсерінен оларда серпімді деформация пайда болады да, күш шамасы азаяды. Бұл жағдайда жапсардағы кернеу мен ығысу деформациясы оңнан қарай, жапсардың барлық ұзындығына үздіксіз кемиді.
Егер екі бөлшек те серпімді, бірақ қатаңдығы әр түрлі болса, жапсардағы кернеу қисық сызық бойымен бөлінеді. Ал екі бөлшектің де қалыңдығы бірдей болса, кернеу эпюрі симметриялы болады. Бөлшектердің деформациясын еске ала отырып, жапсардың бойындағы кез келген нүктедегі кернеудің шамасын табуға болады. Бұл есептеу кернеудің жапсар ұзындығына бірдей бөлінбейтінің көрсетеді. Сондықтан практикада флангілі жапсардың ұзындығы жапсар қимасының 50 катетінен аспайды.
Ал осындай жапсарлардың беріктігін мына формула бойынша анықтауға болады.
мұндағы 0,7 К = sin 450K – үшбұрышты жапсар қимасының биссектрисасы – «т – т».
Флангілі жапсардың беріктігі кейбір жағдайда жеткіліксіз болады, онда оған қосымша оймалы жапсар қолданылады және мұндай қосылыстың беріктігі былай есептеледі:
Егер қосылатын бөлшектің біреуі ассиметриялы күйде орналасса, онда қосылыстың беріктігі әрбір жапсарға түсетін күштің мөлшеріне есептеледі. Бұл жағдайда жапсардың ұзындығын күш әр жапсарға бірдей бөлінетіндей етіп жасау керек. Ол үшін төмендегідей қатынас орындалуға тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |