u – берілістердің беріліс саны.
Берілістердің пайдалы әсер коэффициенті әдеттегідей пайдалы құаттың (жетектегі денеге әсер етуші) жұмсалған қуатқа (жетекші денеге әсер етуші) қатынасынан анықталады
Саталы орналасқан бірнеше тісті берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенті олардың әрқайсысының пайдалы әсер коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады
,
мұндағы ηж - берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенті; η1, η2, η3,..., ηж – жеке тісті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті. Енді берілістердің жалпы беріліс санын да осылай табуға болады
uж = u1, u2, u3,..., un,
uж – берілістердің жалпы беріліс саны; u1, u2, u3,..., un - жеке тістердің беріліс саны.
Тақырыпқа байланысты алынған сұрақтар.
1. Машина жасау саласында қолданылатын негізгі материалдар.
2. Қатты қортпалар.
3.Түсті металдар.
4. Пластмассалар
Қолданылатын оқулықтар.
Тәжібаев С.Д. Қолданбалы механика; 162-180 бет.
ФРАКЦИЯЛЫҚ БЕРІЛІСТЕР ЖӘНЕ ВАРИАТОРЛАР
Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкелес күші арқылы берілетін берілістерді фракциялық берілістер дейміз,. Қарапайым фракциялық берілістер біріне – бірі қысылған екі дөңгелектен тұрады.
Фракциялық берілістердің қуаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты болады.
Сондықтан айналмалы дөңгелектер бірін – бірі белгілі күшпен қысуы шарт, бұл көбінесе арнаулы серіппе арқылы жүзеге асырылады.
Фракцмялық берілістердің жұмыс істеу шартына байланысты, үйкеліс күші беріліс күшінен көп немесе үйкеліс күшінен пайда болған момент есептегі берілген айналу моментінен көп болуы тиіс.
Fүйк> Ft.
Бәрімізге белгілі үйкеліс күші:
Ft = FNf,
мұндағы FN – жанасу ауданына түсетін қысым күші; f – үйкеліс коэффициенті.
Көрсетілген теңдеу бойынша қысым күші мен үйкеліс коэффициентінің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым фрикциялық берілістер беретін күштің шамасы да жоғары болады.
Үйкеліс коэффициентінің шамасы аз болатындықтан қысым күшінің шамасы есептегі күштен бірнеше есе артық болады. Мысалы, құрғақ бетті болаттар үшін үйкеліс коэффициенті f=0,1 жағдайда қысым күші пайдалы күштен 10 есе артық болады.
Осыған байланысты фрикциялық берілістерде біліктер мен тетіктердің өлшемдері үлкен болады, сондықтан олар арқылы берілетін ең үлкен құат шамасы 10-30 ат күшінен аспайды.
Фрикциялық берілістердің мынадай артықшылықтары бар:
Конструкциясы қарапайым айналу денесіне тіс жасаудың қажеті жоқ;
Қозғалыс бірқалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және аспаптарда қолданылады. Мысалы, тісті дөңгелектің дәлдігін есептейтін аспаптар фрикциялық берілісті қолдану негізінде жасалған;
Айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді;
Олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті бұрышпен беруге мүмкіндік тұғызады.
Ал фрикциялық берілістердің кемшіліктері:
Фрикциялық берілістерде подшипник пен білікке күш көп түседі;
Фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициентінің шамасы аз (η = 0,8…0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс істеуі кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бірқалыпты болмайды;
Айналмалы денелердің қысылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын қажет етеді.
ФРИКЦИЯЛЫҚ БЕРІЛІСТЕРДІ ТӨЗІМДІЛІККЕ ЕСЕПТЕУ
Фрикциялық жұптардың төмендегідей бүліну түрлері кездеседі.
Үгітілу. Үгітілу көбінесе жақсы майланатын берілістерде кездеседі.
Тозу. Тозу көбінесе дискілерді майламай жұмыс істегенде кездеседі.
Жоғарыда айтылған бүліну түрлерінің барлығы жанасу ауданындағы кернеу шамасына байланысты болады. Жанасу кернеудің шамасын Генрих Герцтің формуласымен анықтаймыз (теңселу бөлшектері, цилиндрлер, конустар, Пуассон коэффициенті μ=0.3 болғанда).
Сызықты жанасуда, яғни жанасу бөлшектері бір сызық бойымен жанасқанда:
Достарыңызбен бөлісу: |