Ќазаќстан Республикасыныњ бiлiм жєне ѓылым министрлiгi


Тісті берлістер. Тісті берлістердің ілісу теориясы



жүктеу 16,7 Mb.
бет60/148
Дата14.05.2018
өлшемі16,7 Mb.
#13255
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   148
11.Тісті берлістер. Тісті берлістердің ілісу теориясы.
Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30…35 болса, жону станоктарында 70…80-ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн тісті дөңгелектер дайындалуы керек. Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты:


  1. осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады;

  2. осьтері өзара қиылысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады;

  3. осьтері өзара айқасқан берілістер, оған червякті тісті берілістер жатады;

  4. осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер, оған планетарлық берілістер жатады.

Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді: 1) сырттай ілінісетін тісті берілістер; 2) іштей ілінісетін тісті берілістер.

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша: 1) эвольвент профильді тісті берілістер; 2) циклоид профильді тісті берілістер; 3) профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер, оған Новиков ілінісі; 4) толқынды ілініс.



Тістердің орналасуына байланысты: а) тік тістілер; б) қиғаш тістілер; в) шеврон тістілер; г) дөңгелек тістілер; д) қисық тістілер болып бөлінеді.
ТІСТІ БЕРІЛІСТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Артықшылықтары. 1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (100000 аттық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді. 2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі. 3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді. 4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін η=0,97...0,98) болады.

Кемшіліктері. 1. Дайындауы күрделі. 2. Жұмыс кезінде шу көп болады. 3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар болады.

Салыстырмалы қасиеттері. 1. Қиғаш тістілер бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады. 2. Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25,30%-ке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын. 3. Конусты тісті берілістер қымбат. Конструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.



ЭВОЛЬВЕНТА ПІШІНДІ ТІСТІ БЕРІЛІСТЕРДЕН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Тісті берілістердің геометриялық өлшемдерін есептеу және оларға тән кинематикалық байланыстар машина механизмдерінің теориясы пәнінде қарастырылады. Осыған байланысты біз бұл жерде тек негізгі ұғымдарды ғана айтып кетпекшіміз.



Тісті берілістің пішініне қойылатын бірінші талап, оның лездік беріліс саны тұрақты болуы қажет. Екіншіден, оны дайындау технологиясы күрделі болмауы қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тиісті ілініс сәйкес келеді (20.2-сурет). Суреттегі және - ілінісу кезіндегі алғашқы шеңберлер диаметрі, осы шеңберлер бірімен-бірі сырғанаусыз жанасып айналады деп есептейміз, бұлар бастапқы шеңбер деп аталады. Ал және - негізгі шеңберлер диаметрі; жанама NN түзу сызығы осы шеңберлерді сырғанаусыз домалағанда эвольвента пішіні пайда болады.

жүктеу 16,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   148




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау