§ 2.5 Қатты дененің жазық параллель қозғалысы (жазық фигураның қозғалысы).
Қатты дененің жазық параллель қозғалысы (жазық фигураның қозғалысы) деп оның барлық нүктелері белгілі бір жазықтыққа параллель қозғалуын айтады (2.13–сурет). Қатты дененің қозғалысын қарастырғанда оның қозғалысын толықтай қарастырмай-ақ, орнына қатты дене қимасының S немесе белгілі бір жазық фигурасының S қозғалысын Оху жазықтығында қарастыруға болады.
2.13–сурет. Қатты дененің жазық параллель қозғалысы.
Оху жазықтығындағы S жазық фигураның қозғалысы осы фигураға жүргізілген АВ түзуіне байланысты анықталады.
АВ кесіндісінің қозғалысы А нүктесінің координаталары хА,уА және х өсі мен АВ кесіндісі арасындағы бұрышқа тәуелді. S жазық фигурасының қозғалысын анықтау үшін таңдап алынған А нүктесін полюс деп атайды (2.14–сурет).
а) Жазық фигура нүктелерінің жылдамдығы.
2.14–сурет. Оху жазықтығындағы S жазық фигураның қозғалысы.
Берілгені: rА- А полюсының радиус-векторы; r*=АК–Аx׀y׀ өсіне байланысты В нүктесінің орнын анықтайтын және А полюсімен бірге ілгерілемелі қозғалыс жасайтын вектор (2.15–сурет).
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Нүктеге және өске байланысты алынған күш моменттері.
2.Кинематика туралы негізгі түсініктер.Қозғалыу теңдеулерінің берілу әдістері.
3.Ілгермелі қозғалыс.Дененің ілгермелі қозғалысы кезіндегі жылдамдығын және үдеуін анықтау.
4.Дененің күрделі қозғалысы
5.Дененің қозғалмайтын өс бойымен айналмалы қозғалысы кезіндегі қозғалыс теңдеуі, жылдамдығы және үдеуі
Қолданылатын оқулық.
Тлеубердин Қ.Ж.. Теориялық және қолданбалы механика.-Семей “Тенгри”; 2011
6.Созылу және сығылу.
Созылу мен сығылу (қысылу) тек таза бойлық күш әсер еткенде ғана пайда болады. Сырықтың соөылуы немесе сығылуы деп, оның көлдженең қимасына тек ұзындық бойымен әсер ететін күш түсіп, ал басқа күштер (көлденең күш, айналу күш және иілу моменттері) нөлге тең болу жағдайын айтады.Созылу мен сығылуға есептегенде қатты дененің барлық талшылықтары ұзына бойы бірдей шамаға созылады немесе қысылады деп есептейміз. Бұл жағдайда бастапқы жүргізілген қима ауданы созылудан кейін жүргізілген қима ауданына параллель қалады.Сырықтың ұзаруы және Гук заңы.Сырықтың ұзару шамасы оған әсер етуші күшке тікелей байланысты. Сырыққа күш әсер етпей тұрғандағы ұзындығы (l) болса, ал күш әсер еткеннен кейін оның ұзындығы l + Δl-ге өзгереді. Мұндағы «Δl» толық немесе абсолюттік қзару деп аталады, ал сығылған кезде абсолюттік созылу теріс мәнге ие болады да, оны қысқару деп атайды.
Абсолютті ұзару және сырықтағы деформация тек кернеуге ғана байланысты деп есептейік. Бірақ деформацияның шамасына басқада факторлар әсер етеді, мысалы, күштің әсер етуге кеткен уақыты және температура. Әзірше біз бұл факторларды қарастырмаймыз.
Абсолюттік ұзарту сырықтың бастапқы ұзындщығына байланысты, сондықтан оны олардың қатынасы арқылы өрнектеуге болады;
мұндағы Δl – абсолюттік ұзару (мм); l – бастапқы ұзындық (мм).
Достарыңызбен бөлісу: |