1 Ар ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскерлер ізгілік пен кәсіптік негізі
2. қызметшілердің этикасы
Тақырып 7. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым-қатынас жасау мәдениеті.
1.Полиция қызметкерлерінің қарым қатынас жасау мәдениеті негізгі принциптері
Полиция қызметкері оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен қоғамды ұрлық, зорлық және тағы басқа зиян келтіруші әрекеттерден қорғауарқылы орындауы тиіс. Бұл бап полиция қызметкерін құқықпен байланыстырады. Заңның білігі әрбір демократиялық қоғамның негізінде жатыр. Полиция қызметкерінің мақсаты және жаупапкершілікті міндеті – заңды сыйлау және оның талаптарын ұстану.
Әбір полиция қызметкері өз борышын адал , әділ және қадір-қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың нақты жерден басталатынын біледі. Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау ерекше маңыздылыққа ие, полиция сыбайлас жемқорлықты қолдаса, юұл сыбайластық кейіннен қоғамның қалған бөлігіне де таралады.
Жаппай жазалауға, кинауға және гуманизге қарсы және қадір-қасиетті төмендететін жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым салынған. Полиция қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге кез-келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға және сыйламауға міндетті. Жазаны анықтау – сот органдарының міндеті, сол себепті де, полиция қызметкері бұл функцияны заңға қайшы жолмен өз мойына қатал сипаттағы басқа да шараларға қатыспауы тиіс. Бұл тыйымның маңыздылығы соншалық, тіпті, осындай шаралар туралы бұйрықты жоғары тұрған инстанциялар берген күннің өзінде полиция оған бағынбауы тиіс.
Полиция қызметкері өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті, алайда, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек. Бұл бап әрбір окімнің полиция қызметкері орындамауға міндетті жақтарын кенейтеді. Бұл баптың нақты мағынасы, ең алдымен, полиция қызметкерінің иерархиялық және қатан бағыныстағы ұйымныңмүшесі бола тұра көптеген жағдайларда заңды қорғауға бағытталған бұйрықты жедел түрде орындау қажет болады. Алайда, полиция қызметкері бұйрықтың заңсызекенін сезінсе, оны орындамауы керек.
Полиция қызметкері жеке тұлғала тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтірумен сипатталатын заң бұзушышылықтарға қарсы тұруы тиіс, ол барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кешіктірместен шаралар қолдауға міндетті.
Егер жасалған құқыөқбұзушылық тікелей, орны Толтырылмайтын зиян келтіреді деген негіз болмаса, ол бұл құқықбұзушылықтың салдарын болдырмау және қайталанбауы мақсатында болған оқиға туралы өз бастығына хабарлауы тиіс. Егер бұл хабарлама қараусыз қалдырылса, ол жоғары тұрған инстанцияларға жолдана алады. Бұл бап заңбұзушылықтарға арналған. Декларация құқықбұзушылықтардың екі тұрын ғана атап көрсетеді. Бірінші жағдайда тікелей және орны толтырмайтын зиян туралы (мысалы, жаппай қырып-жою) айтылған. Бұл кезде полиция қызметкерлері өзі жедел шаралар қолдануға міндетті. Басқа жағдайлар – құқықбұзушылықтар тікелеі және орны толтырмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай жағдайларда полиция қызметкері құқықбұзушылар туралы өз бастығына хабарлауға міндетті, нәтижесінде соттық сипаттағы бұлтарпау шараларына жол беріледі.
Заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы полиция қызметкері тәртіптік жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Бұл бап 4-баптап туындайды. Заңғы қайшы бұйрықтан Полициялық декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін жазаға тартылмауға тиіс. Таға да қайталанып айтылады: бұл бап барлық заңға сәйкес бұйрықтардың орындалу міндеттілігіне бағытталган сонымен қатар, ол бұйрықты орындамаған полиция қызметкерін өзінін бағынбаушылығың негізін көрсетуге міндеттейді.
Аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен тасымалдауды жүзеге полиция қызметкері сезікті болмаса дс, оларға қатысты нәсілік тегіне, діні немесе саяси қудалау орын алғантұлғалармен одақтаспауы тиіс. Мұндай жағдайда, ол екі көзқарастың арасынан оңтайлы нәтиже шығаруы тиіс. Бір жағынан, ол азаматтардың нәсілдік тегі, діни немесе саяси көзқарастары үшін қудалауға тұсуіне шыдамауы тиіс. Ол полиция қызметкері ретінде нақты және айқын әрекеттер жасауы тиіс: мысалы, ол еврейлерді діни көзқарастарына байланыстықамауға көмек беруден бас тартуы тиіс. Екінші жағынан, ол қазіргі кездегі көптеген қылмыстардың жасырын саяси себептер бойынша жаслатынын білуі тиіс. Ирландияда қылмыстардың 40% -і саяси себептер түсіндіріледі. Декларацияның 8- бабының нақтымағынасына сәйкес, ол сезікті болып табылатын нақты бір саяси ұйымның мүшелерін жазаға тарту мүмкіндігін жүзіеге асыруға ұмтылуға және ол ұйымға аса ауыр қылмыстар үшін жауапкершілік жүктеугеміндетті. Әсіресе, бұл лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушыларға байланысты. Сонымен қатар, бұл ерекше маңыздылыққа ие. Бұл бап полиция қызметкерінің адамды ол немесе саяси партияның мүшесі болған үшін ғана қамауға алмауын атап көрсетеді. Сол мезетте, бап, егер полиция қызметкерінің белгілі бір тұлғаның қылмыстық жазаланатын әрекет жасады деп сезіктенуіне негіз болса, онда ол сол адамды нәсілдік тегі, діни немесе саяси көзқарасы үшін қудалаудан бас тартпауын атп өтеді. Қылмыстылық пен лаңкестікке қарсы күрес Еуропаның әрең қол жеткізген азаматтық бостандықтарын жоғалтумен қатар жүргізілмеуі тиіс. Шын мәнінде, көп жағдайда лаңкестікті ұйымдастырушылардың мақсаты болып қоғамды бұзу, құрту табылады, сол себепті қоғам мұндай құқықбұзушылықтарға лаңкестік әдістермен қарсы тұруға мәжбүр. Осылай өркениетті қоғамның құлдырауы басталады. Сол себептіде, біз саяси және діни бостандықтарды қорғаумыз керек, сонымен қатар, біз лаңкестік әрекеттерге бар күшпен қарсы тұруға міндеттейміз.
Полиция қызметкері өз әрекеттері үшін де, бұйрыққа сәкес орындаған немесе оны заңға қайшы деп тапса, орындамаған әрекеттірі үшін де жауапкершілікте болады. Қарапайым, алайды ерекше мәнге ие ереже бар. Ол тағы да ағылшындық құқықтық доктринаны жоғары қояды. Оған сәйкес, полиция қызметкері көп жағдайда нұақауларды жамылып, жауапкершіліктен қашуға тырысады. Бұл ереже әрбір жеке полиция қызметкерінің жауапкершілігін сипаттайды. Әрине, оның қызметі ауыр, алайда, ол оған күш те береді. Сонымен қатар, әрбір жекелеген полиция қызметкерінің жауаптылығы туралы бұл бап оның бастықтарының да жауаптылығы жоққа шығарылмайтындығын атап өтеді. Бұдан шығатын қорытынды, полиция қызметкері жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Ол қызметтік борышын орындаудағы билікті пайдаланумен байланысты көшедегі қозғалыстың бұзылуына әкелген әрекеттер үшін азаматтық кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әріне, атқарушы билікті асыра пайдалану жағдайларының барлығында мемлекет жауапты болады.
Өкімдері беру құзіретінің нақты шектері болуы тиіс. Бұл Бастыққа қандай әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін полиция қызметкерінің жауапты болатындығын анықтау үшін қажет Құзіреттерді нақты анықтау- полиция қызметкерінің өз мүддесі үшін де пайдалы. Бұл бап заңшығарушы мен билік үшін директивтік бағыт-бағдар рөлін атқарады, ол жекелеген полиция қызметкерлеріне бағытталмаған. Құқық мәселелері бойынша комитте Нидерландыдағы полицияның екі мекемеге бағынатындығы атап көрсетілді. Әділет министрлігіне және ішкі істер министлігіне. Мұндай жүйеде қарама-қайшы өкімдердің болуы салдарынан полицияның өзіндік дербес шешімдер қабылдау қаупі туындайды.
Заңнама полициянның әрекеттерінің нәтижесінде болуы мүмкін кез-келген зиянға қарсы заңды кепілдіктер мен құқықтық жүйесін көздеуі тиіс.
Өз міндеттерін орындауда полиция қызметкері заңды тұрғыда қажет және рұқсат етілген мақсаттарға жету үшін өзінің барлық құқықтарын пайдалануға міндетті, сонымен қатар, ол нақты жағыдай үшін қажетті болуы мүмкін зорлықты пайдалануда шектен аспауы тиіс Себебі,өзінңң қыызыметтікборышын өтеу барысында полиция кызыметкері зорлыққа бармауға мәжбүр болады. Ескеріп өтетін біржай, полиция зорлықты қолдануға рұқсатты имемденбейді және зорлықты не, оның шектері қандай екендігіне нақты анықтама беруі қиын. Полиция тек ерекше жағыдайларда ғана, тек белгілі бір саналы мөлшерде ғана зорлықты қолдана алады. Полицияның қоғамдығы беделі көп жағыдайда оның өз қызыметтік міндеттерін орындау барысында қолданатын тәсілдеріне байланысты.
Полиция қызметкері қаруды қолдану тәсілдеріне және жағдайларына қатысты нақты және жан-жақты нұсқауларды толығымен білуі тиіс. Құқық мәселелері бойынша комитет Ирландия мен Ұлыбританияда қатардағы полиция қызметкерінде қару болмайтындығын атап өтеді. Оған бұл баптың қатысы жоқ, алайда, бұл мемлекеттерде қаруланған полиция да бар, ал БҰҰ-ның басқа мүше-мемлекеттерінде полиция толығымен қару-жарақцен қамтамасыз етілген- ол жерлерде бұл баптың маңызы зор.
Адамды қамауға алған полиция қызметкер, егер бұл адам медициналық көмекті қажет етсе, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы оған бұл комекті қамтамасыз етуге міндетті, қажет болған жағдайда оның өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға байланысты шаралар қолдануға міндетті. Мұндай қамау медициналық бақылау арқылы жүзеге асырылса, ол дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлерінің нұсақауларын орындауға міндетті.
Полиция қызметкері өзі танысқан құпия сипаттағы барлық. істерді құпия күйінде сақтауы тиіс: ол басқа жерге өз қызметтік борышын өтеуге ауысқан күннің өзінде де ереженің күші сақталады.
Осы Декларацияның талаптарын орындаушы полиция қызметкері өзі қызмет қоғамнан материалдық және моральдық көмек алуға құқығы бар.
Полиция мен қоғамның арасындағы жақсы қарым-қатынастардың маңызы зор. Ешбір полиция қызметкері, егер ол өзі қызмет ететін қоғамнан материалдық және моральдық көмек алмаса, өз міндеттерін нәтижелі, халық мүддесі үшін орындай алмайды. Вікінішкеорай, БҰҰ-ның көптеген мүше-мемлекеттерінде полиция қоғамдық көпшіліктің арасындағы қарым-қатынастар нашарлауда. Осы Декларацияның оларды жақсатуға көмегі тиеді деген үміттеміз.
(Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының резолюциясымен 1979 жылғы 5 мамырда бекітілген.)
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1.Қандай принциптері бар
2.Іскерлік мәдениет түсінігі мен маңызы
Тақырып 8.Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде
Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті туралы түсінік. Этикет түрлері.Сәлемдесу және танысу этикеті.Адамның сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерінің сыртқы келбеті ерекшелігі.Заңгердің қоғамдық жерде өзін өзі ұстауы
Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны
Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.
Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай да бір күқықтарының шектелгендіктерін алға тартады.
Бар түсініспеушілік осында жатыр. Ал, оны түсіне алу үшін мынаған ерекше назар аударған жөн сиякты. Бір адамның екінші бір адам өміріне араласпау керектігі - орынды нәрсе. Ал, басканың жеке өміріне араласпау үшін өзіңнің жеке өмірінді соған орай бейімдеуің керек емес пе? Бүл дегеніміз - өзіңнің еркінді шектеу. Ендеше, адамның жеке өмірінде әдептілік қағидаларын қалыптастыру шектеудің осындай бір түрі болып табылады.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мүндай әдепті адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін жүзеге асырар кезінде оның елге үнау-үнамау жагына баса назар аударады. Ал, ел мен жұртты ойламай, тек жеке басының камын ғана ойлап іс қылған адам халық алдында сүйкімсіз болады. Олай болса, әркім әдептілікке осы түрғыдан карағаны абзал. Яғни, халық үшін жан пида дей алу үшін әуелі әдептілікке бой ұру керек. Олай болса, әдеп ең бірінші кезекте кісінің жеке басында орнауға тиіс.
Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана әдепті бола алады.
Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу колын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке күлқын жолға кояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады. Бүл түрғыдан алғанда адамдардың коғамдык өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын калайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп.
Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сүраған корінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы ғана іске асады.
Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жагдайда ғана жеке басының тұлғасын калыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз түлғасын озі жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім озінің әдепсіз түлға болуын каласын?
Әдеп төрбиесі жеке адамның тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды, ол түрақты, ізгі касиеттерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ. Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді. Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік міндетті түрде қажет. Бүл кажеттілікті сіңіруші - тәрбие. Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.
Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.
Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байкалады. Ал, карапайымдылык іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды. Ол бүкіл жүріс-тұрысында қарапайым келеді, еш уақытта дараланып, ерекшеленуге бейім тұрмайды.
ә) Әдептіліктің қоғам өміріндегі маңызы
Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптасты.
Әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру тәсілі мен стилін қалыптастырады. Халық өзіндік болмыс-бітімін ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. Қазақ халкының төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік қағидаларында жатыр.
Әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық-мәдени игіліктерін дамыта алғанда ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта бола алады. Халқымыз бұл орайда өзге дамыған елдердің білім мен технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды.
Қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік өмірде қолданылып жүрген мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. Ал, ол нормалар: қоғаммен және отандастарыңмен санас, оларды құрметте, өзіңмен басқалардың қалай қарым-қатынас жасағанын каласаң, өзінді де нақ солай ұста деген ұстынға негізделеді.
Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ, тұлға-мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Оның ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді.
Халқымыздың қоғамдық моралында адамдар арасындағы шынайы адамшылык. катынастар: тең құқықтық пен жолдастық, өзара сыйластық және жақын адамдарға камқорлық жасау қатынастары көзделеді. Мінез-қүлық ережелерінің негізіне нақ осы талаптар алынған.
Адамдардың орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері келісіл жасаған дүниелері болып табылады. Сондықтан өзі өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген адам, алдымен, сол кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы керек.
Қоғамда бір адамға жүктелген міндет басқа адамның міндетімен тікелей байланысты. Бұл тізбекті зәрулік - қоғамдық құрылыс. Оның әрбір адамның әдептілігіне тікелей қатынасы бар. Олай болса, қоғамға зиян тигізбеу үшін әрбір адам басқа адамға нұқсан келтірмеуі қажет. Яғни бір адамның әдептілікті бұзуы қалғандарға міндетті түрде әсер етеді. Бұл егер жалпы халықтық сипат алса, онда ол қоғам тығырыққа тіреледі, берекесі қашады. сондықтан адам әдептілік нормаларын орындай отырып және оның талаптары негізінде өмір сүре отырып қана коғамның сенімін ақтай алады. Олай болса, тірі пендеге жамандық жасамау, кісі көңілін себепсіз калдырмау, адамға жазықсыз жапа шектірмеу қоғам үшін аса қажетті әдептілік іс болып табылады. Аталарымыз: "Жақсылық қолыңнан келмесе, жамандык жасаудан сақтан. Өйткені жамандық қашан да қайта айналып иесін табады", — деп бекерге айтпаған ғой.
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі.
Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек.
Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ
б) Әдептіліктің өркениеттілікке әсері
Ғасырлар бойы заман өзгергенімен, адамның негізгі сипаттары көп өзгере қоймағандығын қатаң қағида деп қабылдауға болмайды. Себебі адам мәңгі өзгермейтін қатып қалған субстанция емес. Адам да өзгереді, бірақ бұл - сапалық өзгерістер. Қалай дегенмен де, адамзат бірде баяу, бірде жылдам карқынмен үнемі даму үстінде.
Біз асыққанмен ол даму өз ырғағынан жаңыла қояр емес. "Тездетеміз, басқаларды басып озамыз, бірер онжылдықта жаңа адам жасап шығарамыз" деген сияқты әдептілікке жатпайтын өркениетке талпынушылықтың адамзатты ұшпаққа апармайтынын кеше ғана көрдік емес пе? Өйткені өркениет әдептілікке негізделгенде ғана жүзеге аспақ. Қаншама экономикалық-мәдени дамудың жоғарғы сатысына жеткенмен, қоғам өмірінде халықтың өзіндік әдептілік-инабаттылық үрдістері, өзіндік ұлттық тарихы және психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері сұрыпталып, сақталып, өз көрінісін таба алмаса, ол ел толыққанды өркениетке ие бола алмайды. Олай болса, халкымыздың ғасырлар қойнауынан бастау алып, өзімен бірге келе жатқан әдептілік қағидаларын, игі салт-дәстүрлерін, ұлттық бояуға толы қайталанбас үрдістерін саралап, жетілдіріп, келешекке жеткізе білудің маңызы оте зор.
Адамдар арасындағы өркениеттілік катынас толық үстемдік кұрған кезде сұрқай көріністер көзге оғаш көрініп, көпшілікті жирендіретін атавизмге айналып, коғам, отбасы мүшелері және лауазымды адамдар бір-бірімен заң жүзінде де, іс жүзінде де сыйластықта болуына жол ашылады. Ондай жағдайда жеке адамдар, жеке адам мен ресми орындар және әлеуметтік-саяси топтар арасындағы шиеленіс-қайшылықтар тіке тіресу, керек болса, күш қолданып, бірін-бірі міндетті түрде еріксіз мойындатып жеңумен емес, ең алдымен, жан-жақты ерінбей түсіну, заңға, ұжданға жүгіну арқылы келісімді, ортақ шешімге келіп отыруы сол қоғамның, мемлекеттің бүлжымас қағидасына айналады.
Ізгілік пен жауыздық, қатыгездік пен мейірімділік, адалдық пен арамдық, кішіпейілділік пен өр көкіректік, шындық пен өтірік, турашылдық пен көре алмаушылық, ақ ниеттілік пен қызғаншақтық, қанағат пен ашкөздік -адамзаттың тал бойынан магниттің екі полюсіндей әманда табылып келе жаткан қасиеттері. Олардың арасындағы күрес те толассыз. Соның өзінде аталған касиеттердің жағымсыз түрлері неше алуан әдістер арқылы көбінесе үстем болып, ізгілік, адалдық, мейірімділік, әділдік сияқты жалпы жұрт мойындап, қабылдаған анық адами сипаттар қорғансыз, әлсіз, аяусыз ашық майданда жеңіліс тауып жатады.
Себебі жағымсыз қасиет пен теріс қылықтар сан түрлі түске боялып, өмірге, ғылым мен ойдың өсуіне сай тез бейімделіп, жетіліп, күшейе түсіп отырады. Соның кесірінен әділдік пен жақсылықтың салтанат құруы үлкен қиындық, көп қүрбандық, мол шығынмен келеді және көбінесе ұзақ уақыт түрақтай алмай, кайтадан жеңіліске ұшырап отырады. Бұл күрес - бітіспес күрес, ол адамзат дамуының ажырамас серігі, процестің негізгі белгісінің өзі, әрі себебі, әрі салдары, әрі ішкі қозғаушы күші. Түптеп келгенде, ол - өркениет үшін күрес.
Демек, өркениеттілікке жету үшін ең бірініші кезекте, әдептілік, имандылық, инабаттылық, ибалыққа қол жеткізу керек, бүл жолда күрестен тайынбау қажет. Иә, табаны берік, түғыры биік мемлекет деңгейіне көтерілу, өркениетті елдермен иық теңестіру дәрежесіне жету үшін шалқар материалдық байлықпен бірге зор рухани байлық, аскақ рух керек. Сезімі биік, рухы берік ел ғана өркениетке жете алады.
в) Әдептіліктің рухани өмірге тигізетін әсері
Әдептілік — адам өмірінің рухани ұйытқысы. Мұның өзі әдеп-инабаттылықтың қаншалықты қажеттігін, оның адам болмысымен біте қайнасып жататынын және оның ғұмырлық маңызын түсінуін білдіреді. Оның мәнісі әдептілік сананы қалыптастыру, оның жоғарғы корінісі — ар-ожданға, яғни, әдеп-инабаттылық өлшемдерінен бас тартқызбайтын ар-ұжданға ие болу дегенді ұқгырады.
Әдептілік адам бойында турашылдық мінезді, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы күресетін күш-қайратты қалыптастырумен қатар оның рухани болмысында ұялу сезімін, адамдарға қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігін, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет көрсету тілегін, кайырлы іс істеу, жамандыққа қарсы ұмтылу қасиетін, құлшынысын, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік сезімін, өзінің ғана емес, басқалардың да тілектерін құрметтеу ізеттілігін, ұқыптылық, тазалық тәртібін шьңдайды.
Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп "Адам" деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге ауадай қажет рухани игілік болып табылады. Бұл бізге инабат жолын үйренудің қаншалықты маңызды екенін ұқтырғандай. Әдептілік адамның рухани өміріне судай сіңіп, балдай батуы керек. Ол әдептілік те ата-баба дәстүрінен бастау алуы тиіс. Сонда ғана әдептілік қағидалары өз нәтижесін бере алады.
Иә, халқымыз әспеттеген ар-намыс, ұят, ынсап, жанашырлық, адалдық, ақ пейілділік, бір сөзділік және жауапкершілік сынды ұғымдар адам жанын түгелдей көмкеріп, оның руханиятында берік орын тепкеңде ғана экономика да, мәдениет те, білім беру де үделі жерден шықпақ.
Әдеп — адамды адам ететін қасиетті нәрсе. Ол болмаса адам атаулының жануар тақылеттес болары хақ. Адамдарды бір-біріне бауыр етіп, араларында ыстық ынтымақтастық орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы әдеп емес пе?!
Әдептілікті сақтау адамның арына байланысты. Қандай да бір әдептілік қағидасына немқұрайды қараған адам міндетті түрде қандай да бір жазамен жазаланбайды. Бірақ, ол елдің көзінде жағымсыз күйде қалады. Міне, адамды күйіндіретін де осы мәселе. Яғни оның ары кісіні әдепті болуға итермелейді. Әдепсіздікке жүгінген жағдайда өз ар-ұжданының азабына ұшырайды. Әдептіліктің адамға рухани әсері осында жатса керек.
г) Әдепсіздік қылықтары
Адам баласы пенде болып жаратылғаннан кейін жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Бірақ әдепке бой алдырған жан өзінің бұл жаман қасиеттерін жеңе білуге тиіс. Сонда ғана ол жамандық атаулыға аяк аттап баспайтын болады.
Адамның қандай да болмасын жасаған іс-әрекеті ылғи нәтижелі аяқтала бермесі анық. Ол ісін жақсы ойлап, жаман тәмамдауы да мүмкін. Не болмаса байкамай қателік жіберіп алып, ісін жаманшылықпен бітіруі де ғажап емес. Олай болса, ең әуелі адамның ниеті маңызды. Ниеті түзу адам қиындыққа еш мойымайды. Ниеті дұрыс болғандықтан, бұдан кейінгі істерін де түзу көңілмен жалғастырады.
Ендеше, "Мен не іс істесем жаманшылық шығады",- деп, жаманшылықка үйір болмау керек. Керісінше, оған қарсы тұру қажет. Яғни жаманшылықты әдетке айналдырмау — басты міндет.
Әдет — адамның қандай да бір қасиетті өзіне үйреншікті етіп алуы. Бүл егер жаман қасиет болса, онда оньң жазылуы қиын дертке шалдыққаны. Сондықтан бір нәрсені әдетке айналдырған кезде оның жақсы-жаман екеніне нақты көз жеткізген дүрыс.
Темекіні әдетке айналдыру — сондай жаман қасиеттердің бірі. Ең алғаш сол темекіні ауызға алған кезде неге ойланып қарамасқа? Темекінің зиянын, оның жеке басына және қоғамға әкелетін кеселдерін неге әуел баста ойламасқа? Бұны ойлаған жандар одан ат басын аулақ ұстайды.
Темекі әдетке айналғаннан кейін оны тастау кісіге қиынға соғады. Әттеген-айлар басталады. бірақ темекіге тәуелділіктен құтыла алмай, әуре-сарсаңға түседі. Темекі адамға өз үстемдігін орнатады және адам оның шылауында осылай кете барады.
Шылымға бой алдырған адам одан мүлде құтыла алмайды емес. Ол үшін адамға төзім, шыдам керек. Адам қандай да бір жетістікке төзім арқылы жетеді. Өзінің мақсаттарына жету жолында кездескен барлық қиындықтарға төтеп беріп, сабырлылық және салмақтылық танытқан адам ғана көздеген мұратына жете алады. Ал, әдептілікке бой ұрып, темекімен ат құйрығын кесісу де - адам үшін үлкен жетістік.
Темекі сияқты жаман кеселдердің бірі -ішімдік. Бүл да адамның басына үлкен қасірет әкеледі. Бұдан жалғыз адам ғана емес, бүкіл қоғам касірет шегеді. Отбасының шырқын бұзатын да осы ішімдік. Ішімдік адам баласына нендей жақсылық әкеліпті? Жоқ, ол жамандықтан баска еш нәрсе әкелмек емес. Олай болса, адам озіне жамандык әкелушімен күресуге тиіс. Оны өзінің қас жауы екенін ұғуы керек.
Данышпанның бірі былай депті: "Ішімдік адамды төрт күйге түсіреді. Ә дегенде адам тотыға ұқсайды да, жұрт көзіне түсуге тырысады. Содан саң ол маймылдың қылығын шығарады да, елдің бәрімен қалжындасып, қылжактай береді. Одан кейін арыстан кейпіне кіреді де, тәкаппар, паң, өз күшіне сенген өр көкірекке айналады. Ақыр аяғында ол шошқаға ұқсайды да, батпакка аунап кете барады". Олай болса, адамның мұндай күйге түсуден сақ болуы керек-ақ.
Бүгін етек алып келе жатқан тағы бір дерт бар. Ол – нашақорлық. Ол — темекі мен ішімдік сияқты адамның қас жауы. Адам шыныменен бұл өмірді осы үш дұшпанымен бетпе-бет өткізеді. Адам оны жеңуге әбден қабілетті. Өйткені оның бойында ғаламат күш бар. Иә, осындай күшке ие адам баласы өзінің өмірін кеміріп бітірушімен неге күреспеске? Ендеше, адам өз өміріне балта шабушыға міндетті түрде қарсы шығуға тиіс. Денсаулық зор байлық емес пе? Ал, бұл байлыққа нсмқүрайды қарау, оның қадірін түсінбеу жетесіздік болса керек. Жетесіз болмас үшін өзіміздегі бар байлыкты көзіміздің қарашығындай сақтауға мүдделіміз.
Сүйген жар үйленгеннен кейін жолдасының ішімдікке салынғанын көріп, өмірін өксітсе, балалар әкесінің немесе шешесінің бұл күйіне намыстанып, жұрт бетіне қарағысыз күй кешеді. Ал, ата-ана ұлының немесе қызының ішімдікке, темекіге үйір болганьн көріп өмірден жылап өтеді. Яғни бала, әке, шеше, жар қасіретке толы ғұмыр кешеді.
Сонымен қатар, бұл үш дұшпан адамды ақыл-естен айырады, қан тамырларын тез тоздырып, оны өкпе, жүрек және басқа да ауруларға шалдықтырады. Яғни, адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындатады. Жалпы адамның өмірі қысқарады. Олай болса, адам өз ажалына өзі жетпес үшін бүл үшеуінен аулақ болуы керек.
Тепсе темір үзетін азаматтардың немесе сүп-сүйкімді қаракөз қыздардың қор болып, ел көзіне түсуі, ақылы бола тұра ессіз кейіпке түсуі кімді де болса қынжылтары хақ. Азаматтың азамат атына лайық, кыздың кыз атына лайық болуы керек емес пе? Әркім бұны жете түсініп, озінің табиғи қалпын сактағаны жөн.
Бұл орайда Ислам дінінің қағидаларына мойынсұнған дұрыс. Өйткені, Ислам діні адамдардың мұндай жаман қасиеттерден аулак болуын уағыздайды. Ең басты нәрсе - Алланың бар екеніне сену. Сенген адам өзінен-өзі Алланың өмірлеріне қарсы келе алмайды. Алланың көрсеткен жолымен өз ғұмырын нәрлендіреді.
Ислам дініне бет бұрған отбасылардың өзгерген өмірлерін көргенде еріксіз қайран қаласың. Өйткені кеше ғана ішімдіктен құты қашқан шаңырақтың Алла жолына түсуі арқылы отбасында береке-бірлік орната алғанын көргенде калай сүйсінбейсің?! Демек, гәптің бәрі Алланы мойындауда жатыр.
Әрбір адам темекінің де, арақтың да, есірткінің де адам өміріне қауіпті және зиянды екенін жақсы біледі. Бұлардың адамды ешқандай жақсылыққа, бақытка жетелемейтінін де жете үғады. Адамды адамдық қасиеттен жұрдай ететінін де түсінеді.
Ендеше, біліп және түсініп қана қоймай, оны күнделікті өмірде көрсете білу керек. Ал, ол тек әдептілік аркьілы ғана жүзеге аспак,
Кісі елге сыйлы бола алуы үшін ең әуелі әдеп-ибамен сусындауы қажет. Онсыз ел арасында қадірлі бола алмайды. Ол тек қана әдептілігімен жұртқа жағымды, елге сүйкімді, халыққа қастерлі келеді. Ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран және құрбы-құрдастар да кісіні тек әдептілігіне карай сыйлайды, инабаттылығымен құрметтейді, ибалылығымен жоғары тұтады, ізеттілігімен бағалайды. Ал, кісінің ел алдындағы абыройын төгетін келеңсіз жайт — әдепсіздік. Кісіні жұртқа сүйкімсіз ететін, оның жаман атын жалпақ жұртшылыққа шығаратын, бүкіл таныстарымен ара- қатынасын бұзатын да — адамның әдепсіздікке бой алдыруы.
Адам өсек айту, біреуді сыртынан жамандау, балағаттау, жек көру, көре алмау, қызғану немесе біреуге жала жабу, кек сақтау, жалған сөйлеу, өтірік айту не болмаса екіжүзділік таныту, менменсу, өзімшіл болу және сол сияқты қылықтар арқылы өзін әдепсіздікке бейімдеп алады. Жазықсыз адамның сыртынан жалалы сөз тарату, біреудің
иненің жасуындай да артықшылығын көре алмау,
елдің бәрін өзінің бақталасы деп білу — бұлар ең
жаман пасық әдеттер.
Кісі өзінің өсекке таңылып, жамандалуын қаламайды, өзін біреудің қызғанғанын, көре алмағанын ұнатпайды. Сондықтан бұл айтылған барлық жаман қылықтарды ешбір адам өз бойына дарытпағаны дұрыс. Өйткені, "Өзің үшін тілемегеніңді өзгеге де тілеме" қағидасы бойынша әрбір адам өз басына да, басқаға да еш қиянат жасамауы керек.
Біреу дана адамнан сұраған екен: "Аспаннан кең не? Мұздан суық не? Оттан ыстык не? Темірден қатты не? Жетімнен қор не?" Сонда данышпан адам былай деп жауап қайырыпты: "Аспаннан кең — адал іс, жерден ауыр — кінәсізді балағаттау, мұздан суық — айналаға кек сақтау, оттан қызу — досқа қаскөйлік, темірден қатты — жаманның көңілі, жетімнен қор - өсекші". Байқалғандай, адамға және қоғамға зиянын тигізетін, тыныш өмірдің берекесін кетіретін, тек кайғы-қасірет қана әкелетін бұл жаман қасиеттер адамды еш ұшпаққа апармақ емес. Демек, адам бұлардан сактануға тиіс.
Жалған сөйлеу, жалған ант ішу және өтірік айту - бүлар екіжүзділіктің нәтижесі. Адамның бүл қылығы жексұрындық, сұмпайылық болып табылады. Өмірде алдағаннан жаман нәрсе жоқ-мұндай адамдарды халқымыз: "Тіліп жіберсе бетінен қан шықпайтын тірі өлексе" деп атаған. Осындай ауыр сөз естігенше қара жер жамылып жатқан артық емес пе? Намыс деген адамды жібермеуге тиіс. Олай болса, намысы бар адам мұндай оқыс қылықтарға аяқ баспауы қажет.
Кісі ертең ел бетіне қарай алатындай болуы керек. Егер оның айтқан сөздері өтірік, жалған, өсек болып әшкереленіп жататын болса, ол жұрт алдында қандай күй кешпек? Оның абыройы айрандай төгіліп, масқарасы шығады емес пе?
Осыдан кейін ол елге сенімсіз болады және бұған қоса оған өсекші, суайт, бетсіз деген сияқты басқа да айыптаулар тағылады.
Мүндай келеңсіз жайттарға тап болмас үшін осындай кеселді қылықтардан аулақ болу керек. Демек, қоғамда абыройлы, беделді, қадірлі және сыйлы бола алудың жолы — кісінің бүгін істеген өз ісіне ертең халық алдында жауап бере алуында жатыр. Мұндай адам текті де тәрбиелі, инабатты да мейірімді, кайырымды да сезімтал келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |